×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жәнібек Әлімханұлы – әлем чемпионы, ол қарсыласын 6-раундта сұлатты

15.10.2023, 09:29
sports.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуалтьериді жекпе-жектің алтыншы раундында нокаутпен жеңіп, IBF нұсқасы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанып отыр. 

Кездесу аяқталғанша басымдықты ұстаған отандық кәсіпқой боксшысы кезекті рет өзінің теңдессіз екенін дәлелдей алды. 

Айта кетейік, президент Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтьеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.

«Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз!» - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

 

Серіктес жаңалықтары