GSMA ұялы байланыс операторлары қауымдастығының мәліметінше, қазір әлем халқының жартысынан көбі, шамамен 55% смартфонға ие. Бұл сан жағынан 4,3 миллиард адамға тең. Дегенмен, әлем халқының жартысына жуығы, дәлірек айтсақ, 4,3 миллиард адам әлі де мұндай мүмкіндіктен айырылып отырғаны таң қалдырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ғаламдық желіге қол жеткізуге келетін болсақ, қазір интернетті 4,6 миллиард адам пайдаланады. Олардың 4 миллиарды смартфон арқылы желіде болса, 600 миллион адам, яғни әлем халқының 8 пайызын құрайтын адамдар дәстүрлі ұялы телефондарды пайдаланады. Әлем халқының 92 пайызы мобильді желімен қамтылғанына қарамастан, 3,4 миллиард адам әлі де интернетке қол жеткізе алмайды.
Бір қызығы, Сахараның оңтүстігіндегі Африкада мобильді интернетке қол жеткізу үшін пайдаланылған смартфондардың 69% және Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтарында 33% әлі де тек 3G желілерін пайдаланумен шектеледі. Бұл 2G және 3G желілері табысы төмен және орташа елдердегі миллиондаған пайдаланушыларды байланыстыруда маңызды рөл атқара беретінін көрсетеді.
Сахараның оңтүстігіндегі Африка мен Оңтүстік Азия интернетке қолжетімділік деңгейі ең төмен аймақтар болып табылады, пайдалану алшақтығы сәйкесінше 59% және 52% құрайды.