×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

ҚазМұнайГаздың қандай жоспары бар? Мырзағалиев Жаңаөзен кәсіподақтарымен кездесуде айтты

15.10.2023, 16:29
ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Жаңаөзеннің еншілес тәуелді ұйымдарының (ЕТҰ) кәсіподақ басшыларымен және еңбек ұжымдары өкілдерімен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуін өткізіп, алаңдатқан сұрақтарға жауап берді және ҚМГ-нің қоғамдық институттармен одан әрі өзара іс-қимыл жоспарын белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кездесу барысында М.Мырзағалиев кәсіподақ ұйымдарының басшыларын ҚМГ-нің өндірістік бағдарламаларды орындау және еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша қабылдап жатқан шараларынан хабардар етті, Сондай-ақ оларды өткен ҚР кәсіподақтары күнімен құттықтады.

Ол 2022 жылдың күзінде өткен кездесуде Жаңаөзен қаласының, жалпы Маңғыстау өңіріндегі халықтың әл-ауқатына қатысты мәселелер талқыланып, оларды шешу үшін ұсыныстар әзірленгенін еске салды.

М.Мырзағалиев кәсіподақ жетекшілеріне ұлттық компанияның бір жыл ішінде атқарған жұмысын толық таныстырды.

Мәселен, бір жыл бұрын өңірдегі басты мәселе ретінде көтерілген ауыз су тапшылығын шешу үшін қыркүйек айында су тұщыту зауытының құрылысы басталды.

Құрылыс кезеңінде 242 жаңа жұмыс орнын ашу, ал 2024 жылы кәсіпорын іске қосылғанда 116 адамды тұрақты жұмысқа алу жоспарланып отыр.

Қазірдің өзінде дайындық кезеңінде жұмыссыздар қатарынан 80 адам еңбекке тартылды. Одан бөлек, биыл «Астрахань-Маңғыстау» магистральды су құбырын кеңейту жұмыстары аяқталады. Бұл су құбырының өткізу мүмкіндігін тәулігіне 60 мың текше метрге — 170 мыңға дейін арттырады.

Осыдан бір жыл бұрын кәсіподақтар электр қуатын тұрақты жеткізу мәселесін көтерген болатын. Бұл бойынша 2023 жылы маусымда Маңғыстау облысында жел, күн және газ негізінде жұмыс істейтін қуаты 120 МВт гибридті электр станциясын салу үшін италиялық ENI компаниясымен келісімге қол қойылды. Бұл бастама өндірістің апатты жағдайда тоқтауын болдырмауға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.

Сонымен қатар, М.Мырзағалиев Жаңаөзен қаласында аяқталуы 2026 жылға жоспарланған жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасы қарқынды жүріп жатқанын хабарлады. Құрылыс кезеңі мен зауыт іске қосылғанда ашылатын жаңа жұмыс орындары қаладағы әлеуметтік тұрақтылыққа да оң әсер етеді.

Одан бөлек, «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) қызметкерлерінің жалақысына индексация жүргізу, еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне өзгерістер енгізу, «Жарқын болашақ» білім беру жобасын іске асыруды жалғастыру, сондай-ақ басқа да шараларға тоқталды.

Осылайша, М.Мырзағалиев былтыр көтерілген мәселелердің басым бөлігін шешу барысы туралы хабардар ете отырып, жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша үйлесімді жұмысты жалғастыру, өңірдің тиімді экономикалық дамуы үшін жағдай жасау — компания мен кәсіподақтардың ортақ міндеті екенін баса айтты.

Сонымен қатар, ол күн тәртібінде өндіріс мәдениетін дамыту, технологиялық регламенттерді сақтау, өндірісте еңбек тәртібін сақтау мәселелері өткір тұрғанын атап өтті. Ең маңызды міндет — мұнай өндіру деңгейін арттыру және оны шешу үшін барынша күш салу қажет екені айтылды.

«Бұл ретте кәсіподақтар еңбек ұжымдарымен жүйелі жұмысты қамтамасыз етуге жұмылуы керегін атап өткім келеді. Себебі, бұл мәселені тек жергілікті жерлерде жүйелі түрде шешуге болады», — деп атап өтті ҚМГ басшысы.


Кәсіподақ өкілдері үш күнге созылған тренинг форматында өткен жиында ҚМГ басшылығымен еншілес ұйымдарды дамыту мәселелері мен ұлттық компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік әл-ауқатты арттыру жолдарын ашық талқылауға мүмкіндік алды.

Кәсіподақ жетекшілері ҚазМұнайГаз басшысының бастамасымен жыл сайын өтетін бұл кездесулердің жоғары нәтиже беретінін және басшылық пен еңбек ұжымдары өкілдерінің арасында тиімді коммуникацияны жолға қоюға ықпал ететінін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары