×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Алматыда қар көшкіні астында қалған шаңғышы қаза тапты

16.10.2023, 13:42
көрнекі фото

Алматыда қар көшкінінің астында қалған шаңғышының денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық ТЖД мәліметінше, шаңғышыны іздеу жұмыстары 15 қазанда басталған.

«Тұйық су» мұздығының солтүстік беткейінде Р. және К. есімді екі азамат шаңғы теуіп жүріп қар көшкінін тудырған. К. есімді ер адам шаңғымен төмен түсіп келе жатып, қар көшкінінің астында қалған. Р. есімді ер адам таудың қауіпсіз бөктерімен төмен түсіп, досының денесін қар астынан шығарып алған», – делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқару қызметінің мамандары мәйітті Шымбұлаққа түсіріп, кейін Медеу аудандық полиция басқармасының жедел тобына тапсырды. Екінші жәбірленушінің жағдайы қанағаттанарлық. Оқиғаның жай-жапсары тергеу шараларынан кейін нақтыланады. 

Серіктес жаңалықтары