×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан Даму банкінің жаңа басшысы сайланды

16.10.2023, 15:57
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Даму банкінің директорлар кеңесінің шешімімен Марат Елібаев банк тізгінін қолға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марат Елібаев банктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып сайланғаны нақтыланды.

Марат Елібаев бұған дейін ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Айта кету керек, ол өткен күзде басқарма басшысының міндетін атқарды, содан кейін қайтадан төрағаның орынбасары болды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ҚДБ басқармасы төрт адамнан тұрады.

Өткен аптада ҚДБ-ның бұрынғы басқарма басшысы Нұрлан Байбазаровтың "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің басшысы лауазымына тағайындалғаны белгілі болды.

2000 жылы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған банк кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, сол арқылы елдегі экономикалық жағдайды жақсартуға тиіс болды. Қолдаудың негізгі шарасы – жеңілдетілген несиелеу. 22 жыл ішінде банк тізгінін ұстағандар қатарында Сауат Мыңбаев, Асқар Сембин, Ғали Есқалиев, Асқар Достияров, Болат Жәмішев және Руслан Ысқақов бар.

ҚДБ "Бәйтерек" ұлттық холдингінің құрамына кіреді.

Серіктес жаңалықтары