×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Олигарх Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

23.11.2022, 18:48
Фото: Ашық дереккөзден

Елорда соты Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сот қамауға алу мерзімі 2 айға ұзартылғанын хабарлады.

«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін екі айға ұзартты», – делінген хабарламада.

Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемде қаржының жымқырылуы бойынша 17 наурызда қамауға алынған. Оған қатысты активтердің бір бөлігі мемлекет меншігіне өтті.

Қайрат Боранбаевтың ағасы әлі іздеуде жүр. Мемлекеттік сатып алулар сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Мұрат Боранбаев 2017 жылы «AlanParking» ЖШС басшысы болған. Боранбаевқа тиесілі алматылық «Қайрат» футбол клубы қала әкімдігінің меншігіне өтуі мүмкін.