Алматыда болған қайғылы оқиға жайлы тың мәліметті бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты. Оның сөзінше, істің мән-жайы анықталғаннан кейін отбасының өгей әкесі мен әжесі қамауға алынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын айтуға қақым бар ма, білмеймін. Айыпталушылар қамалды. Қыз балалар ауруханада жатыр. Мендегі ақпарат бойынша, олардың жағдайы ауыр. Біз қазір соған жеткізген қызметкерлерімізді де тексеріп жатырмыз, – деді Игорь Лепеха Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске сала кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматы облысында зорлыққа ұшыраған 3 жастағы балаға барып, істің мән жайын жариялаған еді. Оның сөзінше, осы отбасындағы алкоголизм мен толық деградацияның салдарынан қылмыс жасалған. Зәкиеваның сөзінше, екі жыл бұрын қылмыс ізін жасыру үшін анасы мен өгей әкесі қыз баланың сыртқы жыныс мүшесіне көсеу басқан.
– Балалардың басынан өткенін ойласам жүрегім ауырады. Осыған байланысты тексеру жүргізіп, аталған заң бұзушылықтарға кінәлілердің барлығын жауапкершілікке тарту қажет. Ол үшін біз және мемлекеттік органдар барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз, – дейді Зәкиева.