×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда мопедтерді көлік құралы ретінде тіркеу міндеттелуі мүмкін

17.10.2023, 14:22
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха ведомство мопедтерді мемлекеттік тіркеуді енгізу туралы бастама көтеріп отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, қыркүйектің басынан бастап Қазақстанда 5742 бұзушылық тіркелген.

"Бұл мәселе бойынша біз өзгерістер енгіздік. Мопедтер бойынша Алматыда да, Астанада да үлкен мәселе бар екенін айтқым келеді. Біз мопедтер жол қозғалысы ережелерін қаншалықты бұзатынын көрдік. Бірінші қыркүйектен бері 5742 адам жауапқа тартылды: жаяу жүргіншіге соқтығысудың 271 жағдайы, жол қозғалысы ережелерін қайта бұзудың – 110, 16 жасқа толмаған адамның мопед басқаруының – 214, мопедті мас күйде басқарудың 20 дерегі тіркелді", - деп атап өтті Лепеха.

Ол атап өткендей, қазір ІІМ мәжіліске мопедтерге арналған мемлекеттік нөмірлік белгілерді енгізуді қарастыруды ұсынды. Егер мақұлданса, олар автомобильдер сияқты нөмірлерге ие болады және бұл ІІМ басшысы орынбасарының айтуынша, полицияға мопедшілер жасайтын құқық бұзушылықтардың алдын алу мен анықтауды жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұдан бұрын жол қозғалысы ережелеріне электрсамокаттар мен мопедтерді басқаруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Серіктес жаңалықтары