×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Украинада Ресейдің зымыран соққыларынан қаза тапқандар саны өсті

24.11.2022, 10:33
фото: ашық дереккөзден

Ресейдің Украинаға зымыран соққыларының салдарынан кем дегенде 10 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Денис Монастырскийдің Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей тағы да Украинаға жаппай шабуыл жасады. Елдің түрлі қалаларындағы тұрғын үйлер мен жылу электр орталықтары және электр қосалқы станциялары, көпқабатты үйлер соққыға ұшырады.

"Ресей Украинаның бейбіт тұрғындарына жаппай зымыран соққыларын жалғастыруда. Бүгінде көпқабатты үйлерге үш соққы бар. Өкінішке қарай, 10 адам қаза тапты. Тек 10 қазан мен 23 қараша аралығында ресейліктер біздің аумағымызда 600 - ге жуық зымыран шабуылын жасады", - деп атап өтті ІІМ басшысы.

Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта 50-ге жуық адамның жараланғаны белгілі, бірақ зардап шеккендердің саны әлі артуы мүмкін.

Киев облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Алексей Кулебаның Telegram-каналында 23 қарашада Ресейдің зымыран шабуылының салдарынан тек Киев облысында 30-дан астам адам зардап шеккені айтылған.