×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Тоғжановтың әкім інісі қоластындағыларды 1,5 сағат тоқтаусыз балағаттаған

24.11.2022, 11:05
фото: ашық дереккөзден

Желіде Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың інісі – Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың қоластындағыларды балағат сөзбен сыбаған аудиожазбасы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудиожазбадан Бәйтерек ауданы басшысының әкімдік қызметкерлерімен жиналыс өткізіп жатқанын ұғуға болады. Ашулы әкім жиынның басынан аяғына дейін қоластындағыларға балағат сөздер айтып, ұрысады.

Уральская неделя басылымының жазуынша, 1 сағат 20 минутқа созылған жазбада Марат Тоқжанов «бл**ть» сөзін 71 рет, «на...й» сөзін 73 рет айтқан. Әкім дұрыс жұмыс атқарылмай жатқанына ашуланған. Яғни осы жылдың наурыз айында ауданға су басу қаупі төнген кезде қоластындағылармен осылай сөйлескен.



Әкімнің өзі бұл жерде этиканың сақталуын қадағалауға уақыты болмағанын, ол үшін ең бастысы – аудан тұрғындарының үйлерін су тасқынынан құтқару екенін айтқан.

Ол аппарат қызметкерлері мен ауыл әкімдерінен аудандағы су тасқынына қарсы жұмыстардың барысы туралы есеп беруді талап еткен. Ал аймақта су басу қаупі төнген кезде олар резеңке етіктің орнына аяқ киіммен жүрген екен. Сонымен қатар, қызметкерлер құжатты тапсыру мерзімін кешіктіргені үшін, техникаларға он литр дизель отынын да таба алмаған.

Марат Тоқжанов Бәйтерек ауданының әкімі қызметіне 2020 жылдың наурызында тағайындалған. Ол – бұрынғы вице-премьер, Ақтөбе облысының қазіргі әкімі Ералы Тоғжановтың інісі.

Айта кетейік,  жуырда Ulysmedia.kz олигархтардан қорқатын шенеуніктерді сынға алған. Олардың қатарында Машкевичтің алдынан шығып, жалпақтап жүрген Ералы Тоғжанов та бар.