×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Ауыз су жоқ: Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

17.10.2023, 17:16
фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған ауылда ауыз судың жоқтығы себеп болып отыр.

Қостанай ауданының әкімі Берік Танжарықовтың айтуынша, үш жылдан астам уақыт бойы құны 800 млн теңгеден асатын су құбырын салу жұмыстары жүргізіліп келеді.

"QAZCONSTRUCTIONS" ЖШС компаниясы биыл жұмыс жүргізген жоқ – екі-ақ адам нысанда болды. Компания биыл  250 миллион теңгенің 18 миллионын ғана игерді", - деді ол.

Мердігерде қаржылық қиындықтар туындағаны айтылды. Осыған байланысты тұрғындар жедел шаралар қабылдау қажеттігін айтып, дабыл қақты.

"Тұрғындарда септикалық цистерналар бар, бірақ қыста оларды пайдалану қиын болады, өйткені олар лайланып кетеді, судың келуіне байланысты проблемалар бар. Мәскеу ауылында 500-ден астам үй бар, біз оларды тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз ете алмаймыз, сондықтан ТЖ комиссиясы осындай шешім қабылдады", - деді Таңжарықов.

Әкімнің айтуынша, қазір су құбырының ақауларын анықтау және оны техникалық тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Құрылыс сапасы бойынша сұрақтар бар. Мәселе мынада – жоба 2018 жылғы, ол бойынша жедел түрде конкурстық рәсімдерді өткізу мүмкін емес. Дегенмен, құрылыс жалғасуда. Жобаны  жергілікті мердігер аяқтайды", - деді ол.

Құбыр құрылысын желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары