×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда жарық қымбаттайды

18.10.2023, 08:14
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі электр энергиясына шекті тарифтерді қайта қарауды көздейтін бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Электр энергиясының тарифтерін 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап өзгерту жоспарланғаны белгілі болды. Қазір жоба көпшіліктің талқылауында.

Құжатта көрсетілгендей, түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда отынға, жалақыға және шикізатқа жұмсалатын шығындардың ұлғаюымен байланысты.

Айта кетейік, бұдан бұрын Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан жылудың сапасыздығы үшін төмен тарифтер тәжірибесінен бас тартып, нарықтық бағаларға көшетінін мәлімдеді. Оның сөзінше, төмен тариф бойынша төлеп, жылусыз отырғаннан гөрі әділ тариф бойынша лайықты жылуға қол жеткізген әлдеқайда жақсы.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде коммуналдық қызметтер тарифінің өсуі жағдайында айлығы шайлығына жетпейтін отбасылар тығырықтан қалай шығатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары