×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Жыр болған «Қарағанды-Балқаш» тас жолы: құрылыс құны 128 млрд теңгеге өскен

24.11.2022, 15:13
фото: ашық дереккөзден

«Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысының құны 128 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы Сенат депутаттарының Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенатор Дәурен Әділбековтің сөзінше, халық қалаулылары «Қарағанды-Балқаш» тас жолының құрылысын қаржыландыру мәселесіне алаңдаулы.

“Бұл тас жолды салудың жобалық-сметалық құжаттамасы 2016-2017 жылдары жасалған. Құрылыс 2020 жылы аяқталуы керек еді. Бұл фактор, сондай-ақ жол-құрылыс материалдары бағасының кейіннен күрт өсуіне, нақтылай айтқанда алдын ала есептеулер бойынша құрылыс жұмыстары құнының 128 млрд теңгеге өсуіне әкелді”, – дейді ол.

Сонымен қатар, Дәурен Әділбеков қолда бар құрылыс материалдарына қатысты көңіл қуантпайтын жағдайды да атап өтті.

Сенатор сонымен қатар қазірдің өзінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесін жоғалту қаупі жоғары екенін атап өтті. Мысалы, қазір асфальт-бетон жабындысының төменгі қабаты ғана төселген учаскелерде қозғалыс ашық тұр. Бұл оның міндетті түрде бұзылуына, яғни асфальттың жоғарғы қабатын салу кезінде проблемаларға әкеліп соғады.

Депутаттар құрылыс жұмысының барысымен және ұсынылған ақпаратпен жергілікті жерде танысқан кезде, жұмыстың 2023 жылы жоспарланған мерзімде тиісті сапада аяқталуы күмән туғызды.