×
511.22
540.05
4.73

Сайтты пайдалану ережелері

  1. Сайт (бұдан әрі – сайт) әкімшісі «UlysMediaGroup» ЖШС (бұдан әрі – компания).
  2. Берілген келісім арқылы сайтты Қолданушы төменде көрсетілген сайтты пайдалану Ережелерін түсінетінін және сөзсіз келісетінін растайды.
  3. Барлық материалдар «UlysMediaGroup» ЖШС және оның лицензиарларының меншігі. Зияткерлік меншік нысандарының, оның ішінде мәтіндер, фотосуреттер, аудиовизуалды материалдар, графикалық бейнелер, тауарлық белгілер, логотиптер және басқа да заттардың айрықша құқықтары «UlysMediaGroup» ЖШС тиесілі.
  4. Қолданушының сайтты пайдалануы оның осы Ережелерді сақтауға келіскенін білдіреді. Егер Сіз бұл Ережелермен келіспесеңіз, өтінеміз, берілген сайтты қолданбаңыз.
  5. Қолданушы Қазақстан немесе халықаралық, оның ішінде зияткерлік меншік, авторлық немесе аралас құқық саласындағы заңнаманы бұзу болып саналатын әрекеттерге бармауға, сондай-ақ сайттың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келетін немесе алып келуі мүмкін қадамдарға қармауға келісім береді.
  6. Сайттың заңмен қорғалатын материалдарын көшіру, тарату, жариялау немесе басқаша пайдалануға рұқсат алған жағдайда, мұндай көшіру, тарату, жариялау немесе басқа да пайдалану кезінде мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде міндетті түрде материалдың өзіне жарамды сілтеме берілуі керек. Материалдың астында келесідей қолтаңба болуы керек: «дереккөз ulysmedia.kz (сайт атауы)». Сайттан алынған фотосурет, видео, көрнекілік және басқа да материалдарды қандай да бір сипатта өңдеуге тыйым салынады.
  7. Сайтта жарияланған материалдарды заңсыз пайдаланған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдарды заңсыз көшіргені және пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылады.
  8. Қолданушының сайтта кез-келген түрдегі жалған, жала, қорлайтын, алауыздық туғызатын материалды жариялауға, сайтта кез-келген спам немесе рұқсатсыз жарнамалық хабарламалары бар, бөтен адамның жеке өміріне араласуға жататын, заңнамамен қудаланатын немесе басқа да түрде кез-келген жергілікті, мемлекеттік немесе халықаралық заңдарды бұзатын материалдар орналастыруына құқы жоқ.
  9. Компания белгілі бір жағдайларда және өз қарауы бойынша авторлық және басқа да заңмен қорғалатын құқықтарды бұзған Қолданушылардың, жазылушылардың және аккаунт иелерінің сайтты қолдануына шектеуі қоюы мүмкін, сондай-ақ өз қарауы бойынша және хабарлаусыз сайтты Қолданушы орналастырған кез-келген материалды қарауға, өзгертуге, орнын ауыстыруға немесе жоюға құқы бар, бірақ міндетті емес.
  10. Компания сайтта қолданушылар қалдырған пікірлер, ой және мәлімдемелерді мақұлдайды,  қолдайды, тексереді немесе келіседі дегенді білдірмейді. Интернетте қолданушылар жариялаған кез-келген материалдар немесе ақпарат, оның ішінде кеңестер мен пікірлер сол қолданушылардың жеке пікірі, ол үшін «UlysMediaGroup» ЖШС жауапкершілік алмайды.
  11. Сайтта қандай да бір материалдарды орналастыруына байланысты әкімшілік немесе үшінші тұлғалардың әрекетінен өзінің құқықтары мен мүдделері бұзылды деп санайтын Қолданушы келесі мекенжай бойынша Әкімшіге шағым жібере алады:  news@ulysmedia.kz
  12. Компания берілген Ережелерді аракідік ауыстырып тұруға құқылы. Мұндай өзгерістер туралы хабарлама сайтқа орналастырылады. Сайтты пайдалану Қолдаушының берілген Ережелерге енгізілген барлық өзгерістер және түзетулермен келісетінін білдіреді, сондықтан да осы парақшаны уақтылы тексеріп тұрған дұрыс.
  13. Кез-келген өтінішті мына мекенжайға жіберуге болады: news@ulysmedia.kz