×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Желдің қайдан соққанын білеміз»: Арман Шораев Ресей жақтан шыққан ақпараттық шабуыл жайлы

18.01.2024, 09:49
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанда кейінгі күндері ресейлік журналист Тина Канделакидің теміржол стансалары атауының өзгеруіне байланысты пікірі қызу талқыланып жатыр. "Орыс тілін Қазақстаннан ығыстырып жатыр" деп дабыл қаққан журналистің телеграм-арнасы кеше Қазақстаннан жазылған пікір иелерінің шабуылына ұшырады. Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрші Ресейде қазақфобияның жаңаша деңгейіне шыққандай, лепіріп сөйлейтіндер көбейген. Сөздері фашистік сипат алып барады. Ондағы идеологтар өз-өздерін құртудың жаңа стратегиясын таңдап алды –  "біз құрыдық па, бізбен бірге бәрі жойылсын" дейді.

Ақша төлесе бәріне баратын ура-патриоттардың аузынан «қайырымсыз қазақтарды екі жыл бұрын ресейлік армия құтқарып алды» деген сөз шыға беретін болған. Десе де ол тұста президент Тоқаев өздерінің орыс тілінде бәрін түсіндірген еді: 

«Қазақстан қажетті тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҰҚШҰ-дан бітімгерлік контингентті белгілі бір уақытқа кіргізуді өтінді. Ерекше атап өтемін: біз Ресейге емес, құрамында Қазақстан да бар ҰҚШҰ-ға жүгіндік» деген.

Бір қызығы, қазаққа қарсы үретіндердің алдыңғы қатарында жүргендердің тегі орыс емес – Канделаки, Симоньян, Кеосаян, тағы басқалары бар.

Бір кездері «ең ұлы орыс шовинистері тегін жоғалтқан басқа халықтардан шығады» деп кеткен Лениннің сөзінің жаны бар.

Осы кейіпкерлердің бәрі мемлекеттік бюджетті сорып отырғаны ескерсек, желдің қай жақтан соғатынын да аңғару қиын емес.

Жоқ, мұндай елге де, билігіне де сенуге болмайды. Одақтаспыз деп те ауыз толтырмай-ақ қояйық – бүгін де, тарихи келешекте де!

Ресей көрші Украинаға басып кірген кезде неміс кайзері Бисмарктың «Ресеймен жасалған келісімнің құны сол келісім жазылған қағаздың құнына татымайды» деген сөзі рас екеніне көз жеткізесің.

Қазақстанның бай-бақуатты болса ғана Ресей өмір сүріп кете алады

Сонымен бірге, бүгінгі таңда Қазақстанның бай-бақуаттылығы мен тұрақтылығы Ресейдің өзінің аман қалуының, мемлекеттерінің тұтастығының кепілі екенін білуі керек.

Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық.

Мыңдаған мұсылман бауыр қасиетті жиһат жариялап, түрі славяндарға қарсы нағыз қанды жорық ұйымдастырады. Белгілі әзілкештің бірі айтқандай, «паспортына емес, түріне қарап ұрады».

Осыдан 10-ақ жыл бұрын бауырлас славяндар бір-бірін бүгінгідей қырады десе ешкім сенбес еді.

Ресейге өз арманын орындауға кедергі келтірген бірден-бір фактор – Украинамен соғыс. Украиналықтар Ресей армиясының бетін қайтарды, тас-талқан еткен тартысын, соғысын олар жеңгенше тоқтатпайды.

Әңгіме қайдан шықты

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған.

Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары" дейді ол.

Ал кеше Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.

Серіктес жаңалықтары