×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Неліктен Қазақстан билігі Украинада қаза тапқандар туралы жақ ашпай отыр?

Бүгін, 12:47
Неліктен Қазақстан билігі Украинада қаза тапқандар туралы жақ ашпай отыр?
Фото: ашық дереккөзден. Пернебек Сүндет пен Зайниддин Саттарқұлов

Екі күннен бері менің телефоныма тыным жоқ, көмек сұрап хабарласып, хат жазатындардың қарасы көбейді. Себебі Ulysmedia.kz Украинада қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялаған болатын. Тізім украиналық телеграм арнада пайда болды. Ол жерде Қазақстанның 270 азаматы бар. 

Адамдар олардың ішінде өз таныстарын кездестіріп жатты: біреу баласынан, біреу бауырынан, біреу досынан айырылған. Ал бастарынан кешкен оқиғалары бір-біріне ұқсайды: бәрі Ресейге жұмыс істеуге кетіп, артынша жоғалып кеткен. Тіпті айлар бойы байланысқа шықпаған. 

Бұл суреттерде Түркістан облысының тумасы Пернебек Сүндет пен шымкенттік Зайниддин Саттарқұлов. Олар қаңтарда Ресейге кеткен еді, енді жақындары оларды қаза тапқандардың тізімінен көріп отыр. Жақындарының сөзінше, не құзырлы органдар, не дипломаттар ашығын айтпай отыр. 

Адамдар олар тірі ме, жоқ па, өліп қалған болса қайда екенін білмей дал болып отыр. Бірақ әдепкі жауап алады немесе мүлдем жауапсыз қалады. Иә, олардың кейбірі өз еркімен кеткен, біреуі мобилизацияға тап болған, енді бірін алдап кетсе, тағы бірі уәдеге сеніп қалған. 

Сонда біздің билік тым құрығанда ресми сауал жіберіп, олардың тағдыры не болғанын да біле алмағаны ма? Жақындарының ойы сан-саққа кетіп, баласы, бауыры аман келеді-ау деген үмітпен жүргендерін көріп, жаным ашиды. 

270 есім – жай ғана сан емес. Ол біреудің тағдыры. Мемлекет елемей отырған кезде, журналистердің қолынан келетіні бір нәрсе ғана – ол осы оқиғалар туралы үнсіз қалмай, жария қылу. 

Жап жас, тепсе темір үзетін жігіттер. Жаным ашып кетті...

Серіктес жаңалықтары