×
481.83
556.8
5.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.83
556.8
5.85

Ерболат Досаевтың қызметі өсе ме, әлде мансап жолы өше ме?

Бүгін, 09:20
Ерболат Досаевтың қызметі өсе ме, әлде мансап жолы өше ме?
Ulysmedia.kz коллажы

Биліктегі ауыс-түйістер әрдайым қоғамда қызу талқыланады. Ерболат Досаевтың қызметінен кетуі де көпшілік назарын аударған осындай оқиғалардың бірі болды. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылуы жай ғана «ротация» емес, жаңа саяси кезеңге дайындықтың белгісіне көбірек ұқсайды. Бұл лауазым мемлекеттік иерархиядағы маңызды орындардың бірі саналса да, Досаев деңгейіндегі саясаткер үшін белгілі бір дәрежеде аздық еткені байқалады.

Саяси салмақ және сенім

Досаев - Қаңтар оқиғаларынан кейін де өз позициясын сақтап қана қоймай, күшейте алған санаулы шенеуніктің бірі. Дағдарыс кезінде Алматы әкімі болып жедел тағайындалуы президент сенімінің айқын көрінісі болды. Кулуарда оны сөздің емес, нақты істің адамы деп жүр.  Барды бар деп айта алуы — бүгінгі саяси ортада сирек кездесетін қасиет.

Сонымен қатар ол қалтасы жұқалардың қатарынан емес, жеке капиталы мен бизнес саласындағы тәжірибесі Досаевқа мемлекеттік міндеттерге толық назар аударуға мүмкіндік береді және оны кландық ықпалға тәуелді етпейді.

«Кадр ұстаханасы»

Саясаткердің ықпалы көбіне оның командасымен өлшенеді. Бұл тұрғыда Досаевтың әсері бүгінгі кадрлық құрамнан анық байқалады. Мәселен, Нұрлан Байбазаров президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалуы «Досаев мектебінің» сұранысқа ие екенін көрсетеді.
Сол сияқты осы кадрлық ортадан шыққан Әсет Ирғалиев — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы әрі президент кеңесшісі. Сарапшылар оны Қасым-Жомарт Тоқаев фавориттерінің бірі деп атап, алдағы уақытта мансаптық өсуі мүмкін екенін айтады.

Досаевтың басқарушылық шеңберіне Мәдина Әбілқасымова (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы), Серік Жұманғарин (ұлттық экономика министрі), сондай-ақ Марат Омаров (Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы) сияқты ірі менеджерлер де жатады.
Олардың көпшілігі Досаев ұлттық экономика министрі болған кезеңде қалыптасқан. Сол уақытта оның айналасына экономикалық реформалар мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған мамандар тобы жиналды.

Досаевтың тағы бір қасиеті — кәсіби кадрларды танып, оларды ілгерілете білуі. Сондықтан оның командасындағылардың кейін мемлекеттік басқарудың маңызды  орындарына жайғасуы заңдылық іспетті. Бұл топтың ерекшелігі — білімді, прагматик және жоғары қысым жағдайында жұмыс істей алатын менеджерлерден тұруы.

Премьерлікке мүмкіндік бар ма?

Қызметтен босату көбіне одан да жауапты қызметке тағайындалудың алдында болады. Бұл тұрғыда екі негізгі сценарий байқалады:

  • Премьер-министр қызметі: экономикалық сын-қатерлер күшейген тұста Досаевтың кандидатурасы қисынды көрінеді. Оның басқару тәжірибесі де, жаһандық нарықтарды түсінуі де жеткілікті деңгейде.
  • Стратегиялық үзіліс: саясаткерге алдағы ауқымды реформалар алдында күш жинап алуға уақыт қажет болуы мүмкін.

Қорытындылай келе, Ерболат Досаев әлі де негізгі саяси ойыншылардың тізімінде. Оның әлеуеті қазіргі көптеген шенеуніктен жоғары. Сондықтан бұл жағдайды мансап жолының аяқталуы емес, жаңа серпіліске дайындық деп бағалауға негіз бар.

Серіктес жаңалықтары