×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Корея Қазақстанда АЭС сала ма

25.01.2024, 12:36
khnp.co.kr

Қазақстан Үкіметі АЭС саламыз деп мәлімдегенде ресейлік Росатоммен қатар Оңтүстік Корея, Қытай, Франция компанияларының аты аталды. Бұдан бұрын Президент Тоқаев АЭС салу, салмау мәселесін биыл өтетін жалпыұлттық референдумда шешеміз деген-ді. Ал оған дейін бізге бейбіт атом саласын тереңірек түсініп, зерттеуге мүмкіндік бар...

Бұған дейін ресейлік және қытайлық компаниялар қазақстандық журналистерді өздеріне шақырып атом электр станцияларын көрсетсе, бұл жолы Оңтүстік Корея елі шақырды. Қазақстаннан келген делегация құрамында Ulysmedia.kz өкілі де болды.

KHNP туралы не білеміз?

Оңтүстік Корея АЭС технологиясы дамыған әрі өз технологиясын шет елдерге экспорттайтын санаулы елдердің қатарында. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда 26 реактор жұмыс істейді. Олар елде өндірілетін энергияның үштен бір бөлігін, яғни 30% қамтиды. Сондай-ақ Оңтүстік Корея Біріккен Араб Әмірлігіндегі алғашқы АЭС-ті салып, жоспарланған 4 энергия блогының үшеуін іске қосты.

Төртінші энергия блогы 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланған. 4 реактор да іске қосылғанда "Барака" АЭС-ы жалпы қуаттылығы 5,6 ГВт жетіп елдегі энергия қуатының 25% өндіретін болады.

Аталған жобаны Корейлік компания өкілдері жоспарланған бюджеттен шығып кетпей, уақытылы біткен санаулы құрылыстардың бірі деп мақтанышпен қайта-қайта еске салып отырды.

khnp.co.kr

Компания өкілдерінің сөзінше АЭС салынарда халықаралық консорциум құрылады. Консорциумда әр компанияның белгілі бір қызметі бар. Консорциумды БАӘ-дағы “Барака" АЭС негізінде алып қарайтын болсақ АЭС-ты басқаратын бас компания KHNP (Korean Hydro and Nuclear Power). Ал әлемнің ең ірі 500 компанияларының қатарына кіретін Doosan реакторлармен жабдықтарға жауапты болса, біз білетін Hyundai-дің еншілес компаниясы “Hyundai Engineering and Construction” құрылысқа жауапты болды деп түсіндірді. 

KHNP компаниясы Оңтүстік Кореядағы 21 атом реактормен 27 су электр станцияларын басқаратын ірі компаниясы, ол Оңтүстік Кореяның атом саласындағы технологиясын шет елдерге экспорттайтын негізгі басқарушы компания. Компания өкілі Чанжхон Сонгтың айтуынша Біріккен Араб Әмірліктерінен бөлек АЭС құрылысы бойынша Польша, Румыния, Словакия, Чехия елдерімен келісімге отырғанын айтты.

Корей елінің біздің елге ұсынып отырғаны екі контурлы АҚШ-тың технологиясына негізделген “APR 1400” атом реакторлары.

Сот ісі

Кореяға келмей тұрып шақырушы KHNP компаниясы туралы ақпарат іздей бастадық, ақпараттардың бірінде АҚШ-тың Westinghouse компаниясы 2020 жылы KHNP компаниясына “APR 1400” реакторларына қатысты Колумбия округтік сотына шығым түсіргені хабарланған. Westinghouse компаниясының пікірінше KHNP компаниясы “APR 1400” редакторларын шет елдерге экспорттау алдын Westinghouse-дың рұқсатын алу керек, себебі зияткерлік меншік құқығы бұзылып отыр деп санайды. KHNP жауап ретінде қарсы шағым түсіріп АҚШ-тың атом энергетикасы туралы заңына сәйкес ешқандай құқық бұзушылық болмағанына дәлелдер келтірген. Сот KHNP аргументтерін қабыл алып істі тоқтатты. Дегенмен Westinghouse сот шешімен келіспейді. Істің нүктесі 2025 жылы өтетін арбитражды комиссия отырысында қаралатын болады.

АЭС салу қымбат па?

KHNP Біріккен Араб Әмірліктеріне салған 4 реакторлы АЭС-тің құны 2009 жылығы келісім бойынша $20 млрд бағаланған, кейінгі ақпараттарға сүйенсек құрылыс құны $25 млрд өскен. Сонда әр реактордың құны шамамен $5-6 млрд шамасында болады. Қазақстанның да энергетика саласына жауапты шенеуніктері бір энергия блоктың құнын $5-7,5 млрд арасында бағалап отыр. Қазақстанның Энергетика министрлігінің дерегінше еліміздегі энергия дефициті 2029 жылға қарай 3 ГВт жетеді. АЭС-тің құрылысы кемі 10 жыл жүретінін ескерсек, құрлыс жобалау жұмыстарын қазірден бастау керек дейді.

Бізді не толғандырады?

Қазақстаннның су ресурстарына қатысты мәселелері күн тәртібінен түскен емес, ол жылдан жылға ушығып барады. Каспий теңізі де, Балқаш көлі де тартылып жатыр. Біз бұл мәселені корейлік мамандармен әр кездесуде қойып отырдық. KINGS атом саласының мамандарын дайындайтын оқытушылардың пікірінше Қазақстан жағдайында АЭС-ке реакторлардан шыққан ыстық суды салқындатуға арналған "Салқындату мұнараларын" салу қажет болады, әрі құрылыс жобалау жұмыстары кезінде су тапшылығы мәселелері ескерілетінін айтты.

АЭС-тің жұмыс істеу принципі туралы аз-кем ақпарат

АЭС негізінде бір-біріне түйіскен бірнеше ғимараттардан тұратын кешен. Кешенің орталық ғимараты реактор корпусы деп аталады. Оның қауіпсіздігіне баса назар аударылады, себебі ядролық реактор дәл осы күмбез тәріздес ғимаратта орналасады. Күмбезді ғимараттың биікті 72 метр. Бұл 24 қабатты үйдің биіктігімен пара-пар. Диаметрі – 54 метр. Қабырғасының қалыңдығы 1 метр 37 сантиметр. Ғимаратқа кездейсоқ ұшақ құласа да зақым келмейтіндей етіп ойластырылған. Әрі қоршаған ортаға радицияны өткізбейді. Бұл күмбез тәріздес ғимараттың дәл ортасында реактор орналасады. Реактордың ішінде жылу бөлетін химиялық тізбекті реакция жүреді. Ғимарат іші радиоактивті белсенді орта болып есептеледі. Реактордың өзі бөшке тәріздес қалың  металлдан жасалған 7-8 метрлік вертикаль орналасқан капсула.

khnp.co.kr

Оның ішіне 256 түтікшеден тұратын 241 дана кассеталар салынады. Ал әр түтікше ішіне U-235 деп аталатын диаметрі 9,5 миллиметрлік уран таблеткалары салынады. Аталған түтікшелерден құралған кассетаны реактордың отыны десе де болады. Отын кассеталарының 10 данасы 1,5 жыл сайын ауыстырылып тұрады. Отын алмастыру кезінде реактор жұмысы 7-10 күнге тоқтатылады.

Бір таблеканың беретін энергиясы 15 тонна көмірдің беретін энергиясына пара-пар.

Радиоактивті қалдықтар

Реакатордан шыққан кассеталар 2-4 метрлік тереңдігі бар сұйықтықпен толтырылған бассейнде сақталады. Сұйықтық болмаса, металл кассеталар балқып кетеді. Ресейде салқындатушы сұйықтық ретінде тұзсыздандырылған су қолданылса, корейліктер БОР сұйықтығын пайдаланады. Сұйықтық ішінде қалдықтар 20 жыл сақталады. Одан кейін тағы 100 жыл құрғақ жерде сақталады. Тек содан кейін ғана мың жылдарға есептеліп жер астына көміледі.

АЭС-ке су көп керек пе?

Корея еліндегі АЭС-терді картадан қарағанда барлығы теңіз жағасын бойлай орналасқанын көруге болады. KHNP салған БАӘ-дағы "Барака” АЭС-де теңіз жағасында. Оның басты себебі реакторды суыту үшін мол су қоры қажет. Бізге көрсеткен "APR 1400” реакторы салқындатуға секундына 50 тонна теңіз су жұмсайды. Сорғы арқылы айдалған су, бу генераторындағы артық жылуды бойына алып, құбыр арқылы қайтадан теңізге құйылады.

khnp.co.kr

 Ал Қазақстан жағдайында бұл технология келмейтіні түсінікті, бізге реакторларды салқындатуға өзге технологиялық шешімдер керек. Корея жағы ол технологияны да игергенін алға тартады.

АЭС және саясат

Ядролық энергетика Оңтүстік Корея үшін стратегиялық басым бағыттардың бірі болды, бірақ 2017 жылы сайланған президент 45 жыл ішінде ядролық энергетиканы кезең-кезеңімен тоқтату саясатын енгізді. Себебі, әлемдегі атом электр станциялары ең тығыз орналасқан ел жер сілкінісінен қауіптенеді. Мун Чжэ Ин алда-жалда күшті жер сілкінісінен атом электр станцияларының зақымданса, бұл алапат қасіретке соқтыруы мүмкін. Сөйтіп, елдегі соғылып жатқан реакторлардың құрылысы тоқтатылды. Бірақ, 2022 жылдың наурызында сайланған жаңа президент Юн Сук Ёл бұл саясаттан бас тартып, 2030 жылы электр қуатының кем дегенде 30%-ын ядролық энергиямен қамтамасыз ету міндетін қойды. Олар атом энергетикасын қайта жаңғыртып, өз технологияларын шет елдерге экспорттауға күш салатынын айтқан. Әлемдік аренаға шыққан кәрістердің мақтанышы әзірге жалғыз БАӘ-дағы "Барака" АЭС-і болып тұр.

khnp.co.kr  БАӘ-дағы Барака АЭС-і

Әлемдік нарықтағы атом энергиясы экспансиясында ресейліктердің жолы болып жатқан сияқты. Олардың Түркияға салып жатқан АЭС-нің алғашқы энергия блогы 2025 жылдың жазында іске қосылады деп жоспарланған. Ресейліктер Египетке де АЭС салып жатыр. Оның алғашқы блогы 2026 жылы іске қосылады деп жобаланған. Сондай-ақ "Росатом" өзбек биілігімен де АЭС құрылыс бойынша келісім жүріп жатқанын хабарлады.

АЭС салсақ отынды қайдан аламыз?

Қазақстанда атом реакторларына байытылған  уран отынын дайындайтын жалғыз Үлбі металлургиялық зауыты бар. Зауыт Қытаймен бірлескен жоба, оның 51 пайызы Қазақстанға, 49 пайызы қытайлық CGNPC-URC компаниясына тиесілі. Зауыт шығаратын отын Қытай және Франция технологиясымен жасалған реакторлаға келеді.

agmpnews.kz

Ал Росатомның ТВЭЛ ядролық отын өндіретін еншілес компаниясы барлық ресейлік атом электр станцияларына ядролық отынның монополиялық жеткізушісі.

Егер елімізге АЭС-ті Ресей салатын болса, отандық өніміді қолдана алмайтын түріміз бар немесе өзге де тиімді шешімдер қабылдануы тиіс. Себебі АЭС салуды қолдайтын топ айтып жүрген аргументтердің бірі отандық отынды тұтыну болатын. 

Серіктес жаңалықтары