Ораза аяқталғаннан кейін мұсылмандар қажылық сапарға аттанады. Ұлы сапарға дайындық неден басталады, оған бару үшін нені білу керек, бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісі түсіндіреді.
Қажылық - Исламның бес парызының бірі. Бұл исламның басты киелі орыны қасиетті Қағба орналасқан Сауд Арабиясындағы Мекке қаласына сапар. Қос киенің қызметшісі – Сауд Арабиясының королі. «Қос кие» деп отырғанымыз – бұл Меккедегі әл-Харам және Мединадағы Пайғамбар мешіті.
Әрбір шынайы мұсылман, егер мүмкіндігі болса, өмірінде кем дегенде бір рет қажылыққа баруы керек. Исламдық идеяларға сәйкес, егер ол бұл мүмкіндікті пайдаланбаса, онда ол Қиямет күні Алланың алдында міндетті түрде жауап береді.
- Ислам бес парызға негізделген: Алладан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мұхаммед Оның Елшісі екендігі туралы куәлік; намаз оқу, зекет төлеу (міндетті қайырымдылық), қажылық жасау және Рамазан айында ораза ұстау (Бухари, Муслим).
Қажылық қаржысы
Егер зекет төлеу үшін белгілі бір байлықтың болуы шарт болып саналса, қажылықты жүзеге асыру көптеген жағдайлармен, соның ішінде мұсылманның мүмкіндіктері мен мәртебесіне байланысты болады.
Мысалы, жауапкершілігінде отбасы да, ата-анасы да жоқ адам болуы мүмкін. Ол бай емес, бірақ қажылық қылуға шамасы келсе, онда қажылық сапарға шыға алады. Керісінше, жағдайы бар, жауапкершілігінде отбасы бар адам өзі қажылықтан қайта оралғанша отбасы мұқтаждықта болмайтындай дүние-мүлік қалдыруы керек.
Бұрын қажылық орындарына тез жету үшін ұшақтар мен басқа да жүрдек көлік құралдары болмаған. Қажылық сапарына барып-келуге кем дегенде бір жыл кететінін ескерсек, онда осы уақыт аралығында оның отбасына қажет азық, дүние-мүлікті сапарға шығушы жан қамдап кетуге тиіс болған. Сондай-ақ, егер оның ата-анасына қамқорлық жасайтын, қалдырып кетуге сенімді адам табылмаса, онда қажылыққа баруға рұқсат етпейтін.
Адал табыс
Өздерін мұсылман деп есептегенімен, дін парыздарын толық орындамайтындар бар. Кейбіреулер тек жұма күндері, кейбіреулері тек Қасиетті ай саналатын Рамазанда ғана намаз оқиды, ал кейбіреуі қажылық жасау арқылы өзінің өмір бойы жасаған күналарынан тазарам деп үміттенеді. Қажылыққа барғысы келетін адам сапарға керек қаражаттың адал жолмен келгеніне мән беруі керек. Сапар қаражаты қарыз не несиеге алынған ақшадан болмауы тиіс. Әйтпесе қажылық қабыл болмайды. Біздің бүгінгі жағдайымызда, соңғы маркалы телефонды несиеге не бөліп төлеуге алатын жағдайымызда, мұны баса айтуымыз керек.
Пайғамбарымыз: "егер мұсылманның, құны 10 дирхамдық киімінің құрығанда 1 дирхамы арам жолмен келсе, онда оның құлшылығы қабыл емес!"(Ахмад) деген хадисі бар. Құран Кәрімде қажылықты қаржылық жағынан мүмкіндігі бар және дені сау әрбір мұсылман орындауы керек делінген. Егер осы айтылғандардың бірі болмаса, онда бұл міндет мұсылманға жүктелмейді, – дейді теолог Р.Аббасов.
Кім қажылықты тегін өтей алады?
Қажылықты тек уакиль әл-хадж тегін жасай алады. Бұл – өзі бұрын үлкен қажылыққа барған, яғни қажы атанған, басқа адам үшін Меккенің қасиетті жерлеріне тағы бір рет қажылық өтеуге ықылас танытқан адам.
Сіз үшін басқа адам қалайша тегін қажылық жасай алады? Ол дәстүр қайдан шыққан? Негізгі себеп – адамның денсаулығының болмауы. Егер сіздің денсаулығыңыз қажылық сапарға шығуға мүмкіндік бермесе, бірақ осындай маңызды сапарға шығуды көксеп жүрсеңіз, онда сіздің орныңызға басқа адам қажылық парызыңызды өтей алады. Сіз өз орныңызға басқа адамды жібере аласыз. Бірақ қажылық сапарының шығындарын толығымен өтеу сіздің мойныңызда.
Қажылық уақыты
Қажылық жыл сайын ислам күнтізбесі бойынша соңғы ай Зуль-хиджа айының 8-ші күнінен бастап 12-ші күніне дейін бес күн бойы өткізіледі. Ислам күнтізбесі айдың толуымен есептелетіндіктен, ол Григориан күнтізбесінен 11 күнге қысқа, сондықтан қажылық күндері жылдан жылға өзгеріп отырады. 2023 жылы қажылық 26 маусым мен 1 шілде аралығында өтті. Қажылық уақыты Рамазаннан екі ай және 10 күн өткен соң басталады. Бұл діни туризм емес, құлшылық екенін ұмытпаған абзал.
Турбизнеске ұқсайды
Кез келген бизнес сияқты, көптеген туристік фирма қажылықты жүзеге асыруға көмектеседі. Мұны турбизнеске ұқсататындар да жоқ емес.
Адамдарға "Экономика", "Стандарт", «Жайлы», "Экспресс", "Люкс" және VIP пакеттері ұсынылады. Тіпті банктің қатысуынсыз халал бөліп төлеу де бар.
Алайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық бөлімі кейбір туристік фирмалардың күмәнді қызметіне алаңдаушылық білдіруде.
Атап айтқанда, қажылықты ұйымдастыру үшін ресми түрде квота алмаған кейбір туристік фирмалар әлеуметтік желілерде жарнама арқылы клиенттерді тартудың түрлі айла-шарғысын жасауда.
Айтпақшы, өткен жылдың қыркүйегінде Мекке мен Мединаға жолдама алып берем деп Алматы мен Шымкент тұрғындарын алдаған kausar Travel туристік фирмасының директоры 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Сот қажылардың кем дегенде мың доллар төлегенін анықтады. Біреу осыншама ақшасын төлегенімен, сапарға шыға алмаған, ал біреу шетелге баруын барғанымен, бөтен елде қонақ үйсіз, ас-сусыз далада қалған. Алайда турфирма директоры өз кінәсін мойындаудан бас тартты, ол бұл іске Мәжілістің бұрынғы депутаты Бекболат Тілеуханның қатысы бар деп мәлімдеді.
https://otyrar.kz/2023/09/doverilsya-gospodinu-bekbolatu-tleuhanu-osuzhdennyj-direktor-kausar-travel-ne-soglasen-s-prigovorom/
- Мен кінәлі емеспін. Барлық ақшаны Бекболат Тілеухановқа жібердік. Бірақ оған қатысты қылмыстық іс қозғалмады. Мен барлық инстанцияға арыз жаздым, - деді сотталушы.
Діни квоталар
Сауд Арабиясы Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ескере отырып, қажылықты ұйымдастыру шараларын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) жүктеген.
2023 жылы Корольдіктің Қажылық және умра министрлігі Қазақстан қажыларына 4000 квота бөлді, оны 18 қазақстандық туроператор өзара бөліп алды. Биыл қанша квота бөлінетінін айтуға әлі ерте. Қажылыққа әйелімен бірге бару үшін неке туралы куәлік қажет. 45 жастан кіші әйелдерге махраммен (17 жастан асқан еркек туысы) бару қажет. Этникалық емес мұсылмандар Исламды қабылдағаны туралы куәлікті өздерімен бірге алып жүруі керек.
Мұсылмандар қалай дайындалуы керек
Қажылық парызын өтеу оңай емес. Ол мұқият дайындықты қажет етеді. Ниет етіп, бұрын жасаған күнәларына өкіну, алда күнә жасамауға бекіну, қаза болған оразалары мен құлшылықтарын өтеуге, зекетін төлеуге серт беру керек.
Қажылық жасау шарттары
Қажылық жасамас бұрын белгілі бір ережелер мен шарттардың сақталғанына көз жеткізу маңызды. Егер олай болмаса, мұсылманның қажылыққа баруға құқығы жоқ. Маңызды шарттардың ішінде мыналарды атап өткен жөн:
Қажылық қалай аяқталады
Қажылықтың соңғы күні мұсылмандар Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Қажылар бұқаны, қошқарды немесе түйені құрбандыққа шалады, олардың еті кейін мұқтаж адамдарға таратылады. Егер мұсылман мұны істей алмаса, ол қажылық кезінде үш күн және одан кейін жеті күн ораза ұстауы керек. Осыдан кейін ер адамдар шаштарын тықырлап, барлық рәсімді қайта жасайды.
Ерекше болу елі
Сауд Арабиясы Ислам мемлекеті болғанына қарамастан, мұнда елді батыстандыру саясаты жүріп жатыр. Мұны, бір жағынан, батыстандыру, екінші жағынан, елге көбірек туристер тарту деп түсіндіреді. Осындай саясат аясында елде түнгі клубтар ашыла бастады. Бұған дейін Сауд Арабиясында алғашқы сыра бары ашылған. Елде 2016 жылдан бері осындай өзгерістер болып жатыр. Ерлер үшін бір бөлек, әйелдер үшін бір бөлек батыс стиліндегі би клубтары жұмыс істеуде. Осы реформалардың бастамашысы болып жүрген – тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман.
Қиыншылығы мен қуанышы
Қалай болғанда да, көптеген мұсылмандар үшін қажылық сапардың оң және теріс тұстары бар:
Сонымен қатар қиындықтар туындауы мүмкін:
Маңызды сәт
Қажылық жасау туралы шешім қабылдарда ниетіңіз дұрыс болуы тиіс. Мынаны есте сақтағаныңыз абзал:
Бұл ойлар қажылық кезінде ақыл мен жүректің тақуалық күйін сақтауға көмектеседі, бірақ әр қажының жеке ерекшеліктері мен рухани қажеттіліктерін есте ұстаған жөн.
Бұл айтылғандар сізге қажылық сапардың рухани ләззатын терең сезінуге көмектеседі деп ойлаймыз.