×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Еуродақ қазаққа «қара алтыны» үшін ғана дос па

10.06.2024, 10:03
Коллаж: ulysmedia.kz.

Дипломаттардың ресми құжаттары мен есептерін оқысаңыз, Қазақстанның Еуродақпен қарым-қатынасы мығым: тауар айналып, инвестиция келіп жатыр, Еуропаның барлық елінде біздің елшіліктеріміз бар әрі реті келсе дипломаттар Еуропа одағы біздің стратегиялық тұрғыда ең маңызды серіктесіміз екенін қайталай береді. Расында, бірақ солай ма? Ulysmedia.kz бүгінгі мақалада осы мәселеге үңілді.

ЕО Парламенті сайлауы

Парламент сайлауы бүкіл Еуропа одағының саяси күн тәртібін толық өзгертетін түрі бар – Парламенттің де, Еуропа комиссиясының да құрамы жаңарады. Сарапшылардың пікірінше, бүгін де биліктегі көп шенеуніктің беделі өте төмен. Еуропа жұрты ЕО халқының күнделікті проблемаларына емес, Украинада болып жатқан оқиғаларға көбірек көңіл бөлетініне наразы. Сондықтан мұнда бәрі сайлау өзгерістерге әкеледі деп үміттенеді. 

Сондай-ақ, жаңа билік Қазақстанмен қарым-қатынаста да сапалы жаңа саясат қалыптастырады деген үміт бар. Жасыратыны жоқ, көп келісім тек ресми түрде орындалады, бірақ негізгі стратегия, іргелі фокус, көзқарас, философия және идеология өзгерісті қажет етеді. 

Қазақстанның мұнайында кімнің үлесі бар?

Бүгін де Қазақстан ЕО үшін – экспорттаушы ел. Біздің мұнайымыз – Еуропа тұтынатын барлық мұнайдың шамамен 8-12% бара-бар. Қазақтың “қара алтыны” Италия, Австрия, Румыния, Болгария, Нидерланды, Грекияға және басқа елдерге жеткізіледі. Сондықтан біз Еуропа үшін мұнай жеткізетін маңызды үш елдің біріміз.

Кейінгі кезде Қазақстан елдің басты байлығы саналатын мұнайға өз құқығы барын мәлімдей бастады. Үкімет Қашаған бойынша халықаралық арбитражға сомасы 162 млрд долларлық талап арыз берді. Талап негізінен Нидерланды мен Италия сияқты елдердің инвесторларына қойылып отыр. Олар, әрине, біздің талаптарымызға қарсы болады. Сондықтан ЕО-дағы инвестиция саясаты сайлаудан кейін де өзгеретіндіктен, Қазақстан өз мүдделерін қорғай алады деген үміт бар. 

Украинада соғыс аяқталғаннан кейін де энергетикалық әлеуетіміздің арқасында Қазақстан Еуропа үшін ең маңызды саяси әрі экономикалық серіктес болып қала беретініне күмән жоқ.  

Біздің құқығымыз неде?

Дегенмен, өз мүмкіндіктеріміз ғана емес, құқықтарымызды да талап етіп үйренетін уақыт келді. Бірақ ЕО мен Бельгиядағы өкілдігімізде жоғары кәсіби деңгей болса ғана жетістікке жете алатын түріміз бар. Әзірге бұл жайлы айту қиын. Мәселен, Қазақстаннан Еуропа елдеріне тек үш рейс бар – Ресей мен Беларусь авиациялық кеңесінің жабылу мәселесі шешілмей, "ауада қалқып тұр". Лондонға тікелей рейс әлі де ашылған жоқ. Бұл бағыттың қаншалықты маңызды екенін әрі оның тауар айналымында, мәдени және ғылыми байланыстарда қандай үлкен рөл атқаратынын түсіндірудің қажеті жоқ шығар. Бірақ Еуропа компаниялары Беларусь пен Ресейді айналып, ұзақ жолмен бізге ұшқысы жоқ. Ал бізде әуе борттары жетпейді. 

Әуе қатынасы проблемалардың бірі ғана болса да, жалпы кейінгі кезде инвестициялық байланыстар күрт нашарлағанын атап өткен жөн. Еуропа одағы Қазақстанға инвестициялардың 90%-дан астамын тартады, олардың басым бөлігі пайдалы қазбаларды игеруге жұмсалады. Тауар өндіріп, шикізатты қайта өңдеу саласына еуропалықтар құмартпайды. 

Неліктен бұл мәселе Қазақстан елшісін алаңдатпайды? Әлде оның жұмысы ЕО-ның Орталық Азиядағы басты серіктесі екеніміз жайлы мәлімдемелермен шектеле ме? Бірақ соңғы әдіс енді жұмыс істемейді. Бізге ресми есептер емес, нәтиже қажет. Мысалы, тауар айналымының 50% Еуродаққа тиесілі, олар мұнайдың 8-12% бізден алады, бірақ су тасқынына қарсы күреске бас инвестор небары 200 мың еуро бөлді. Достық деген осы ма?

Маңызды серіктестерге арналған визалар мен роуминг

Тағы бір мәселе – виза режимі. Бұл тақырып 20 жылдан бері айтылып келеді, бірақ шешілетін емес. 11 маусымнан бастап Қазақстанға виза 90 еуро тұрады, дегенмен ЕО-да маңызды серіктес болып саналатын елдер үшін виза бар-жоғы 20 еуро. Бұл тізімнен біз неге шет қалдық?

Сірә, біз ешқашан тең құқылы серіктес болмаған сияқтымыз. Еуропаға барғысы келетін қазақстандықтардың жартысына жуығы виза рәсімдеуден бас тартқаны белгілі. Виза режимі өте күрделі мәселелердің бірі болып қала береді әрі біздің дипломатиямыздың әлсіздігін көрсетеді. Жиырма жыл бойы біз биометрия туралы айтамыз, шекараларды белгілейміз, төлқұжаттарды өзгертеміз, яғни біз оны әрдайым жеңілдетпей, кедергі жасап, бір орыннан қозғалар емеспіз. 

Білім мен медицинаға да назар аудармауға болмайды. ЕО-да білім беру бағдарламалары бар, бірақ олар біздің "Болашақпен" түйіспейді. Медицина саласында да қарым-қатынас, серіктестік бағдарламалар немесе зерттеулер мүлде жоқ. Неліктен? Қазақстанға Еуропа елдерінің үшінші әлем елдері ретінде қарағаннан ба?

Жақында Еуропа одағы өзіне маңызды елдерге қатысты роуминг мәселесін көтерді. Қазақстан үшін бұл тақырып та жабық. Яғни, олардың қызығатыны – тек біздің мұнайымыз. Сондықтан сол салаға ғана инвестиция салады.

Бізбен біргесіздер ме, әлде…

Тағы бір проблема – еуропалықтар Ресей Қазақстанның ең жақын серіктесі екенін айтып, "сол елдің айтқанынан шықпайтынымызды" бетімізге басып, реті келсе санкция саламыз деп қорқытады. 

Сондықтан, сөз жүзінде қаншалықты достық қарым-қатынаста болсақ та, Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы барлық әлеует, мейлі ол визалық мәселе, әуе қатынасы, инвестициялар, сауда, жаңа технологиялар, оқыту медицинасы болсын – барлығы Ресеймен қарым-қатынас мәселесіне тіреледі. Бізге "санкция тәртібін сақтамайсыздар, бізді емес, Путинді тыңдайыздар" дейді. Міне, сондықтан супер-серіктес қатарына да қосқысы жоқ.

Серіктес жаңалықтары