×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ерекше мәртебелі» мамандық иелері неге наразы

25.06.2024, 16:12
«Ерекше мәртебелі» мамандық иелері неге наразы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы «ҚР БАҚ туралы» заңға қол қойды. Заң журналистер жұмысының тиімділігін арттырып, олардың қызметі өміріне қауіп төндірмеуі үшін қабылданған. Президент Парламентке осы талаптардың үдесінен шығатындай заң әзірлеуді тапсырған-тұғын. Жаңа заң әу баста көздеген үдеден шыға алды ма, бұл жайлы осы саланың майын ішіп, жілігін шаққан мамандардан, медиа-нарықта өзіндік орны бар тұлғалардан, белгілі заңгерлерден сұрап көрдік.

Мемлекеттік аппарат БАҚ-ты қадағалауды күшейте ме?

Елімізде бұған дейін БАҚ жұмысы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» екі заңмен реттелетін. Ендігі уақытта осы екі заң «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заңға біріктіріліп, бірқатар түзетулер енгізілді. Екі заңды бір заңға біріктіру, толықтыру жұмыстары бір жылдан астам уақытқа созылды. Заң бір демде қабылданып кетер ме еді, егер құқық қорғаушылар мен журналистер дабыл қағып, шу шығармағанда?! БАҚ саласын мемлекеттік қадағалау күшейеді деген қауіп болмады емес, болды. Заңның 9-шы бабында БАҚ саласындағы мемлекеттік реттеуге көп көңіл бөлінген. Бірақ заң мәтінінде отбасылық құндылықтарды құрметтеу секілді баптар да болды. Құқық қорғаушылар, журналистер мен депутаттар бұл түзетуге келісім берді.

- Моральдық, отбасылық және мәдени құндылықтардың бұзылуына мониторинг жүргізіледі дейді заңда. Біз мұны заңдық тұрғыдан сауатты жазылған деп есептемейміз. Өйткені журналист материалында аталған құндылықтардың бұзылғанын қалай біле аламыз? Оның анықталған ұғымы да, шарттары да нақты жазылмаған. Аталған құндылықтардың бұзылғанын кім анықтайды? Осы сауалымызға министрлік (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі): «Уайымдамаңыздар, ешқандай санкция салынбайды, тек БАҚ-қа ескерту жасалады» деген жауап жазды. Егер қазір заңда осындай нормалар болса, ол міндетті түрде алдымыздан шығады деген сөз. Яғни, мемлекет қаласа, БАҚ-қа аталған нормаларды алға тарта отырып, қысым жасай алады. Бұл өте қауіпті, – дейді медиа-заңгер Гүлмира Біржанова.

Құқық қорғаушылар мораль мен құндылықтардың «сақшылары» бұл ережені өздеріне жақпайтын журналистерге қарсы қару ретінде пайдаланады деп қорқады. Әркімнің өз этика, мораль түсінігі бар. Егер заңда имандылық, отбасы құндылықтары, мораль дегендер нақты айшықталып жазылмаса, затын түстемей, тек атын атап қана қойса, оны сақтау журналистерге қиын болады. Ал бұл мемлекеттік қадағалау үшін таптырмас құрал.

- Заңдағы қисынсыз нормалар осы салада жұмыс істеп жүрген журналистер үшін кедергілерді көбейтеді. ЗАңда «этикалық нормаларды, отбасылық және мәдени құндылықтарды бұзу» деген түсініксіз тұжырымдар бар. Мұның не екені заңда анық жазылмағанын айттық. Әркімнің өз құндылықтары бар. Бұл журналистердің жұмысына кедергі жасаудың басты себебі болады деп ойлаймын. Құндылықтарға кез келген нәрсені жатқызып, журналисті қыспаққа алуға болады. Мен жаңа заң қабылданады деп күткен едім. Бірақ бұлар бұрынғы екі заңды біріктіріп, кейбір жерін сылап-сипап қоя салған. Ол ерте ме, кеш пе, бәрібір сызат береді. Өйткені заң мәтіні ескі, оны жамап-жасқағаннан пайда жоқ, – дейді журналист Айнұр Қоскина.

Журналистің «ерекше мәртебесі» бола ма?

Жаңа заңда «журналистердің ерекше мәртебесі» ұғымы енгізілген. Заң бойынша ол ақпаратты іздеу, сұрау және тарату құқығына ие, сондай-ақ қызмет барысында өз құқықтарын, бостандықтарын қорғауға құқылы. Заң шығарушылардың айтуынша, журналист басқа да арнайы құқықтарға ие болады. Бірақ журналистер мұның іс жүзінде қалай іске асатынын әлі түсіне алмай отыр. Олар «ерекше мәртебе» мен журналист құқықтары тек қағаз жүзінде ғана емес, шын мәнінде жүзеге асады деп үміттенеді. Үміттенетіні: бұрын да  журналистің жұмысына кедергі келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған бап болған. Бірақ ол тек қағаз жүзінде қалған.

– Журналисттің ерекше мәртебесі тек қағаз жүзінде қалмайды деп сенемін. Бізге, әсіресе, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалғаны керек. Ал сот істерінде, журналистерді кәсіби қызметі үшін сотқа бергенде, қудалауға ұшыраған кезде заң қалай қорғайды? Заңмен бекітілген құқықтық кепілдіктер журналистерді қудалаудан қорғауға күші жетеді деп үміттенеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабының күшін ешкім жойған жоқ. Сондықтан күдік те жоқ емес, - дейді журналист Алиса Масалева.

ҚР Қылмыстық кодексіндегі 158-баптың «қызығын» журналистер әлі күнге дейін көрген жоқ.   Журналист Айнұр Қоскинаның айтынша, осы бап бойынша күдіктінің кінәсін дәлелдеу мүмкін емес. Оның айтуынша, заң жобасын әзірлеу барысында тәжірибелі журналистер азаматтық заңнамада БАҚ жұмысына араласу әрекеттері үшін де жазалауды енгізу туралы бірнеше рет айтқан. Алайда ол мүмкін болмаған.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша жауапқа тартылу үшін кісі өлтіру немесе ұрып-соғу фактісі тіркелуі тиіс. Бірақ олар әлі де бізге қысым көрсетіп, ақпаратты жоққа шығарады. Бұл норма азаматтық заңнамада әлі жоқ, – дейді Айнұр Коскина.

Заң жобасын әзірлеушілер журналистерді сақтандыру заңның артықшылықтарының бірі деп санайды. Бұл міндет жұмыс берушіге жүктелген. Рас, бұл жерде екі жағдаят бар. Журналистерді қорғау тек мемлекеттік немесе ірі жекеменшік компанияларда ғана мүмкін нәрсе. Аймақтық жеке БАҚ журналистермен фрилансер ретінде жұмыс істейді, сондықтан оларға сақтандыру жүрмейді.

Пресс-карталарға қатысты даудағы жеңіс

– Заң мемлекеттік емес БАҚ-қа гранттар таратылатын және журналистерді аккредиттейтін бірыңғай медиа алаң құруды көздейді. Олар бұл процедураны жеңілдетуге және автоматтандыруға уәде береді. Бірақ, соған қарамастан БАҚ өкілдері бұның өзі мемлекеттік аппаратқа жақпаған журналистерден құтылудың амалы деп санайды.

Заңды әзірлеушілер оның басты идеясы журналистерді қолдау және олардың жұмысына жақсы жағдай жасау екенін айтқан еді. Алайда депутаттар, журналистер мен құқық қорғаушылар жұмыс топтарында дәл тиісті министрлік өкілдерімен, яғни заңды Пресс-карталарды енгізбек болды. Оның өтеуі қандай болатынын біз жақсы білеміз. Журналистер: «Бізге пресс-карта керек емес» дейді. Олар: «Мұның бәрі сендер үшін, сендер мұнытүсінбей отырсыңдар» дейді. Бірақ журналистер өз дегеніне жетті - оны (пресс-картаны) заңнан алып тастады, - деп атап өтті журналист Евгения Бодрова.

Рас, жаңа заңда жаңалық аз. Бірақ енді мемлекеттік ақпараттық саясат гранттық қаржыландыру арқылы ілгерілетіліп, журналистердің Әдеп кодексін әзірлейтін әлеуметтік және кәсіби кеңестер құрылатыны жазылған. Енді еліміздің телеарналарында мемлекеттік тілдегі отандық телебағдарламалардың апта сайынғы көлемі ұлғайтылады. Қазірдің өзінде 2025 жылы ол 55%, ал 2027 жылы 60% болуы керек. Сондықтан аудиторияны қызықтыратын мемлекеттік тілдегі кәсіби контент қазірден жасалуы керек.

Автор: Марина Низовкина