×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қымбат жер телімдері & мемлекеттің жарты миллиард ақшасы: Жер сатқан шенеуніктердің соты өтеді

16.08.2024, 10:01
Қымбат жер телімдері & мемлекеттің жарты миллиард ақшасы: Жер сатқан шенеуніктердің соты өтеді
Коллаж Ulysmedia.kz

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаланың Урбанистика және жер қатынастары басқармаларының бұрынғы басшылары - Алмасхан Ахмеджанов пен Ардақ Самамбетовтің ісі қаралуда. Тергеу ұзаққа созылды және істің мән-жайы туралы Антикор жұртшылыққа еш мәлімет бермей отыр. Басты сот отырысы 4 қыркүйекке белгіленген. Тергеуге алынғандардың ішінде тағы кімдер бар және оларға қандай айып тағылғанын Ulysmedia.kz анықтады.

Айыпталушылардың ісін кім қарайды

Істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Маратпек Кәкімжанов қарайды. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алуға қатысқандарға үкім шығарған еді. Сондай-ақ заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау және озбырлық жасады деп айыпталған Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша сот процесін де Маратпек Кәкімжанов жүргізіп жатыр.

Кәкімжанов кезінде кісі өлтірген Талғат Нұртаевқа бір жарым жыл берген әріптесі, судья Еркін Майшыновтың үкімінің күшін жойған. Ер адам өзінің бұрынғы әйелі, адвокат Айман Асанованы аяусыз ұрып-соғып өлтірген. Маратпек Кәкімжанов оны 11 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарған.

Маратпек Кәкімжановтың судьялық мансабында да түсініксіз жайттар бар: ол 2017 жылы 1 миллион доллар пара алды деп айыпталған «Қорғастың» экс-президенті Василий Ниді ақтау үкімін шығарған.

Кімді соттайды

Айыпталушылардың саны - алтау. Урбанистика басқармасының бұрынғы басшысы Алмасхан Ахмеджановқа тағылған айыптар:

⦁ бірнеше адаммен сөз байласып жасалған алаяқтық әрекетке қатысу;

⦁ ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану.

Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының бұрынғы басшысы Ардақ Самамбетовке тағылған айыптар:

⦁ өзіне сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде ұрлау;

⦁ бірнеше адаммен сөз байласып жасалған алаяқтық әрекетке қатысу.

Ерлан Жармұханбетов – Алматы қалалық жер қатынастары басқармасының жерге орналастыру, жерлерді қайтарып алу және резервке қою бөлімінің бұрынғы басшысы. Оған тағылған айыптар:

⦁ бөтеннің мүлкін иелену әрекетіне қатысупособничество в присвоении чужого имущества;

⦁ алаяқтық;

⦁ ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану.

⦁ Пара алуға әрекеттену.

Айыпталушылар арасында Алмазхан Бакиров деген азамат та бар.  Оның ұсталғаны туралы хабар өткен жылы қыркүйекте шықты. Сол уақытта ол «BAB Assessment» ЖШС басшысы болған. Компания құрылтайшысы - есімі беймәлім Тобанияз Жеткерген. Заңды тұлға жылжымайтын мүлікті тәуелсіз бағалаумен айналысатын аттас компаниямен бірдей мекенжайға тіркелген. Оған тағылған айыптар Ерлан Жармұханбетовке тағылған айыптармен бірдей.

Тізімдегі келесі айыпталушы - Мұханбетәлі Шалқарбеков. "Ақ жол" партиясының Жамбыл облыстық филиалының басшысы және "АБЗ Ақтас" ЖШС-нің бұрынғы директоры болған М.Шалқарбеков тағы бір айыпталушы кәсіпкер Берік Өскембаев секілді алаяқтық бабы бойынша айыпталып отыр.

Бізге белгілісі, Алмазхан Бакировтан басқалары өз кінәларын мойындамай отыр.

BAB Assessment жасаған қайырымдылық

Айыпталушылардың бірі Алмазхан Бакиров «BAB Assessment» ЖШС-ін басқарған. Компания Алматыда жылжымайтын мүлікті бағалаумен айналысқан. Тапсырыс беруші қалалық Жер қатынастары басқармасы болған.

Бір қызығы, компания өзінің көрсеткен қызметіне 2200 теңге  сұраған. 

Бірақ техникалық шарттарда мүлдем басқа сома көрсетілген: салықтық шегерімдерді есептемегенде - 1 316 071 теңге.

 

Тапсырыс беруші 2022 жылы мемлекет қажеттілігі үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жататын 96 нысанға бағалау жүргізуді сұраған. Нақты қандай жерлер екені белгісіз.
Толығырақ

Белгілі болғандай, айыпталушы Алмасхан Ахмеджанов 2018-2023 жылдар аралығында Алматы қаласының Қаланы жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2024 жылдың 19 шілдесінде Антикор Алматыда жер қатынастары саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Ахмеджановтың ұсталғанын хабарлады. Ол құрылыс компанияларының мүддесін көздеп, 2020-2023 жылдар аралығында үш көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын заңсыз бекіткен. Соның кесірінен мемлекетке 307 млн теңгеден астам зиян келген.

Ардақ Самамбетов 2019-2023 жылдар аралығында Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасын басқарған. Оның қамауға алынғаны туралы ақпарат пайда болғанға дейін ол өз еркімен қызметінен кетті. Былтыр қыркүйек айында «Антикор» оның әрекетінен мемлекетке 180 миллион теңге залал келгенін хабарлады.

Forbes-тің не қатысы бар

Сондай-ақ БАҚ Forbes Kazakhstan тізіміндегі бірнеше бизнесменнің, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғаларға қатысы бар адамдардың мегаполистің элиталық аудандарындағы жер телімдерін заңсыз иемденіп алғаны туралы ақпарат таратқан. Сонымен бірге, Антикор бұл бизнесмендердің кім екені және олардың айыпталушылармен байланысы туралы ақпаратты жариялаған жоқ.

Бәлкім, сот процесінде әлгілердің аты, олигархтар заңсыз алған жер телімдері ақыры айтылатын шығар. Күтеміз.