×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Кім қай орында: Парламент мәжілісіндегі депутаттардың рейтингі

24.09.2024, 09:28
Кім қай орында: Парламент мәжілісіндегі депутаттардың рейтингі
Коллаж: Ulysmedia

Ulysmedia.kz редакциясы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттардың жұмысын сараптап, қайсысы сайлаушылардың сенімін ақтап жүргенін, қайсысы қоғамдық мәселелерді көтеріп, көзқарасын ашық білдіре алатынын анықтауды жөн көрді.

Әрине, төменгі палата төрағасы Ерлан Қошановқа назар аудармауға болмас. Өйткені ол осы қызметте өзінен бұрын отырғандарға қарағанда барлық фракцияларға теңдей мүмкіндік беріп келеді. Бірақ оны осы рейтингке қоспауды жөн көрдік. Өйткені оның саяси салмағы, қызметі басқа депутаттарға қарағанда бір бас жоғары екені белгілі. Рейтинг әділ болуы үшін біз оның есімін сауалнама парағына қоспадық.

Бұл рейтинг барлық қазақстандықтың пікірімен сай келеді деп айтудан аулақпыз. Десек те, Ұлыс оқырмандары үшін біз құрастырған, сараптаған рейтинг қызық болуы тиіс. Редакция алқасынан бөлек, біздің белсенді жазылушыларымыз да осы рейтингті құрастыруға атсалысты.

 

1. Бақытжан Базарбек

Бақытжан Базарбек депутаттыққа дейін адвокат болған. Оның жаңа статусына адвокаттық қызметі үйлесетін секілді. Өйткені, егер ол қандай да бір мәселеде өз зерттеулеріне сенімді болса, онда депутат екенмін деп сызылып отырмайды, турасын айта алады. Ол мәжіліске мажоритарлық тәсілмен, яғни бір аймақтан  бір мандат жолымен сайланған. Өткен сессияда ол әріптестерімен бірге 21 депутаттық сауал жолдады, өз атынан ұлттық компания басшыларының қаржы жинақтары бойынша ақпарат беруді талап етті. Депутат Смирновамен бірге жер қатынастары және құрылыс саласындағы орындалмай қалған сот шешімдеріне қатысты тақырыпты көтерді. Наурыз айында 130 азаматты жеке қабылдап, сұрақ-өтініштерін тыңдады.

Сейсмологиялық бақылау ұлттық ғылыми орталығының мамандарымен кездесуде ол Алматы облысындағы жер сілкінісі жағдайын талқылап, Алматы сейсмикалық станциясына барды.

Гуглде 86 мақалада Б.Базарбектің есімі аталған. Оның ішінде Алматыдағы Сейсмология институтын құрдымға жіберген билікті сынаған сөзі БАҚ-да кең тарады. Депутаттың жаңадан әзірленген Құрылыс кодексіне қатысты ащы сыны да қоғам назарынан тыс қалмаған, аталған заңдық құжат жобасын депутат оқушының рефератына теңеп, кодекске жаңадан ештеңе қосылмағанын, бұрынғы заңдарды бас жоқ, көз жоқ бір-біріне жалғап, қырық жамау бір нәрсе жасап шыққанын айтқан еді. Сондай-ақ бұл заң азаматтардың емес, оны әзірлеген топтардың мүддесін қорғайтынын айтқан. Жақында Б.Базарбек бұл жобаға бюджеттен ақша бөлгендер мен оны ысырап еткендерді тексеріп, жазалауды талап етті. Сондай-ақ, ол басқа депутаттармен бірге Энергетика министрлігінің басшысы А.Сәтқалиевті де олигархтар мен ЖЭО-ның жосықсыз иелерін ауыздықтауға шақырды. Талаптардың қатарында кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалар үшін меншік иелерінің жауапкершілігін күшейту бар, алайда министрлік бұл идеяны қолдамады.

Мәжіліс отырыстарының бірінде депутат «Антикор» басшысының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловқа Алматының тау бөктеріндегі аумақтарды игеру бойынша жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша шенеуніктердің жазасыз қалатынын айтып, осы іске Сарқұловтың назар аударуын сұрады.Депутат сонау 2021 жылы Антикорға Алматының бұрынғы әкімдері Бауыржан Байбек пен Бақытжан Сағынтаевқа қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етіп, өтініш-арызбен хабарласқаны белгілі.

Б.Базарбек қоғамға ашық депутаттардың бірі, ол жиі сұқбат береді, соның ішінде Ulysmedia.kz сайтына да сұқбат берген, Facebook желісінде жеке парақшасын өзі жүргізеді, өзекті тақырыптарға тоқталып, оқырмандармен пікір алмасып отырады.

2. Асхат Аймағамбетов

Асхат Аймағамбетов – негізінен тарих пәнінің мұғалімі. Ол министр дәрежесіне дейін көтеріліп, 2023 жылы «АМАНАТ» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты болды, бірақ депутаттық мандат алған бұрынғы шенеуніктерден айырмашылығы, ол өзін бұқарадан алшақ ұстамайды және журналистердің сауалына жауап беруден, шамасы келсе, қашпайды.

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы. Екінші сессияда ол 14 депутаттық сауал жолдады.

Google-да оның аты аталған 130-дан астам мақала бар. Айтпақшы, Асхат Аймағамбетов денсаулық сақтау министрлігін онкологиялық науқастарға бөлінетін ақшаны қысқартып жатыр деп сынап, оның бұл сынынан кейін министрлік өз шешімін қайта қарастыратынын айтқан. Аймағамбетовтың осы сыны әлеуметтік желіде көп лайк жинады.

Одан бөлек, депутат тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық кодекске енгізуді ұсынғандардың қатарында болды, трансвеститтердің шоуына қатысты деп бастары бәлеге қалған мұғалімдерді қорғап қалды. Ulysmedia.kz сайтына берген сұқбатында депутат өзінің TikTokпен ЛГБТ-ға қатысты пікірін де білдірді.

Ол өзінің ФБ парақшасында Мәжілістегі жұмысы туралы ақпаратпен бөліседі, сондай-ақ жазылушыларымен қоғамның түрлі мәселелерін талқылайды.

3. Ермұрат Бәпи

Танымал журналист Бәпи Мәжіліске келгенге дейін оппозициялық «ДАТ» газетін басқарды. Екінші сессияда ол 28 депутаттық сауал жолдап, “Халық” банкінің қызметін тексеруге шақырды.

Google-де оның есімімен байланысты жүзден астам сілтемебар. Депутаттың исламның радикалды ағымдарының таралуы туралы мәлімдемелері, «ескі» Қазақстан туралы мәлімдемелері және Әлия Назарбаеваның рейдерлік фактілерін тексеруді талап етуі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ, Бәпи Самат Әбішке шыққан үкім мен Кәрім Мәсімовтің кешірім жасау туралы өтінішіне қатысты пікір білдірді. Бірақ ол «Отағасы туралы” заң әзірлеуді ұсынғанда, 2030 жылы соғыс болады деп болжап, армияны қаржыландыруды арттыруды талап еткенде біраз жұрт таң қалды.

Фейсбуктегі парақшасында ол «Дат» газетінен мақалалар жариялап, саясаттағы жаңалықтарға пікір білдіріп отырады, бірақ Мәжілістегі қызметі туралы аз жазады.

4. Болатбек Нәжметдинұлы

Болатбек Нәжметдинұлы мәжіліске дейін қаржылық бақылау комитетінде жұмыс істеген, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары департаментінде директор болған, ОҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 8-ші шақырылымның 2-ші сессиясында әріптестерімен бірге 19 депутаттық сауал жолдаған, оның тоғызын жалпы отырыста өз атынан қойған.

Googleде депутаттың есімі кеңінен танымал. Әсіресе, мемлекеттік сатып алуға қатысты депутаттық сауалы қоғамда қызығушылық тудырды.  Ол бір көзден сатып алуға негізделген мемлекеттік сатып алу ережелерінің жетілдірілмеуінен мемлекет қаражатының тиімсіз жұмсалып, адал бәсекелестік қағидасы бұзылып жатқанын алға тартты. Депутат Ауыл шаруашылығы министрлігініңветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алу кезінде бәсекелестік орта болғанына қарамай, бір көзден сатып алуының заңды-заңсыздығын тексеруді сұраған еді.  Құқық қорғау органдарының мемлекеттік сатып алу кезінде өзімізде бар отандық өндірушілерден емес, шетелдік өндірушілерден сатып алуларына да наразылығын білдірген болатын.

Депутат Фейсбукте өз парақшасын жүргізеді, бірақ Нәжметдинұлы емес, Әлиев деген фамилиямен отырады, әлеуметтік желіде Мәжілістегі қызметі мен қоғамдық пікірге қатысты ойларымен бөліседі.

5. Альберт Рау

Альберт Рау парламентте беделді депутаттардың сортынан. Ол 2017 жылдан бері депутаттың дәлізбен келе жатқан бірен-саран азаматтың бірі. Ол депутаттық сауалды хайп үшін жолдайтындардан емес. Бірақ депутаттық сауалдары әбден зерттеліп, зерделеніп жасалады. Мәселен, ол  тау-кен саласындағы үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері зейнет жасына ерте шығуы керек деген мәселені көтерді. Депутат сол үшін карьерге де түсіп, салада еңбек ететін жүргізушілер зиянды өндірісте жұмыс істейтініне көзі әбден жеткен соң ғана депутаттық сауалын әзірлеген. Тіпті салалық кәсіподақ ұйымына да осы мәселеге үн қосу керектігін айтқан еді.

А.Раудың әріптесі Е.Бәпидің алда болуы мүмкін соғыс пен қарулы күштерді қаржыландырудың азайып кетуіне қатысты мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. Журналистер осыған қатысты А.Раудың пікірін білмекке микрофон ұсынған, А.Рау қысылып-қымтырылмастан, журналистерден қашпастан, өз пікірін білдірді. Кейін оның осы пікірін БАҚ өкілдері жарыса көшіріп жазды. 

6. Абзал Кұспан

Кұспан – әр айтқан сөзі әріптестері мен халық арасында қалай қабылданар екен деп уайымдайтын депутаттың қатарынан емес.Оның Астана тұрғындарының көпшілігі қазақ тілінде сөйлей алмайды деген пікіріне шамданғандар да, ізіне шам алып түспек болғандар да аз болмады. Бірақ А.Құспан оған бола қайғырған жоқ, сөзім рас, оны қайта алмаймын, кешірім де сұрамаймын деп, табандылық көрсетті.

Абзал Құспан парламент қабырғасында өзін заңгер ретінде көрсетіп жүрген жандардың бірі, ол қоғамдағы маңызды мәселелерге әрқашан пікір білдіруден қашқан емес. Оның Бишімбаев ісіне қатысты Ксения Собчакқа берген сұқбатында айтқан сөздері қазір дәйексөзге айналған. Ол Бишімбаевтың бірінші рет сотталғанда бостандыққа қалай ерте шыққанын түсіндіреді. Оның нұсқасы бойынша, бұл ескі Қазақстанның әдіс-айласымен іске асқан іс. Ескі Қазақстанда сотталған шенеунік не олигарх Президент Назарбаевтан кешірім сұраса, бостандыққа шыға алатын. 

Депутаттың айтуынша, өңірлерден келіп жеткен арыз-шағымдар негізінде бірнеше қылмыстық істің ашылуына мұрындық болған.Ол бұрынғы президенттің сенім артқан адамдарының былығы бір не екі жылда ашыла қояды дегенге сенбейді, оның жыры бірнеше жылға созылады дейді.Сондай-ақ Даниал Ахметовтің үстінен түсіп жатқантоқтаусыз шағымдардың да барын атап өтеді. Құспанның айтуынша, Өскемен мен Семейді жарықтандыруға Еуропалық даму банкі мен қазынадан бөлінген млрд-таған қаржыны Д.Ахметов қалтаға басқан. Нәтижесінде не ақша, не аталған қалаларда жарық жоқ.Ол Д.Ахметовтің әкім болып тұрғанда жасаған қылмыстарын әшкерелеп, істі ақырына дейін жеткізуге уәде берді.

7. Айдос Сарым

Айдос Сарым 2021 жылы депутат болды. 8-ші шақырылымның 2-ші сессиясында әріптестерімен және жеке өзі 14 депутаттық сауал жолдаған. Ол қарулы күштерге, халықаралық қатынастарға және экономикаға қатысты күрделі тақырыптарды көтеріп жүр.

Айдос Сарым шекара бекеттерін салу мәселесін көтерді, олардың құрылысы кезінде орын алған заң бұзушылықтарды сынап, бірнеше заставаға арналған тендерді құрылтайшылар қатарына Болат Назарбаевтың қызы кіретін «ТОЛАҒАЙ-2050» компаниясы жеңіп алғанын анықтады. Ол журналистерге бұл мәселенің шешілуін бір топ депутат қалай қадағалап жатқанын айтты.

А.Сарым, сонымен қатар, пара алуға келісуді қылмыстық істер қатарына жатқызуды сұрады.Ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің ұлтымызға қатысты айтқан сөздеріне пікір білдірді.Ресей мен Беларусь билігі осыдан кейін оған елге кіруге 2070 жылға дейін тыйым салды.

– Ресей федералдық бюросының хабарлауы бойынша, егер мен аталған елдердің шекарасына кіретін болсам 7 жылға дейін бас бостандығымнан айырылуым мүмкін, – деп жазды Сарым өзінің телеграм арнасында.

8. Екатерина Смышляева

Е.Смышляева – педагогика ғылымдарының кандидаты, 2021 жылы Аманат партиясы атынан депутат болды. Өткен сессияда әріптестерімен бірге 21 депутаттық сауал жолдаған.

Google-де оның есімі 50 рет аталады, Ол цифрландыру және коммуникация мәселелерін көтеріп жүр. Оның кибер алаяқтыққа және жеке мәліметтердің қолды болуына қатысты айтқан сөздерін БАҚ-тар жиі жазады. Ол аталған құзырлы органның штатын көбейтіп, қызметтік бөліністерін қайта қарауды ұсынды. Оның ойынша, бұл мәселелерді шешуді бәсекелестік ортаға тапсыруға да болады. Депутаттың Instagram-да жеке парақшасы да бар, ол қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікірін осында да айтып-жазып отырады.

9. Ринат Заитов

Ринат Заитов мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Сондай-ақ бизнес-басқару саласында да магистр дәрежесін алған.Бұған дейін мәдениет саласында жұмыс істеп, театрды басқарған.Мәжіліске 2023 жылы келген. 2-ші сессияда әріптестерімен бірге 30 депутаттық сауал әзірлеген.

Google-де Заитовқа қатысты мәліметтер өте көп, оның танымалдығы соңғы жылдары тіпті артты десек те болады. Оның дін ұстанатындардың көпшілігі алаяқ деген мәлімдемесі көпшілікке ұнамай қалған секілді. Мұның соңы депутаттық мандатынан айыру туралы петицияға да ұласты. Алайда оның мемлекеттік қызметтерді тек қазақ тілінде ұсыну керек деген бастамасы қоғамда қолдау тапты.

Сонымен қатар оның жынысты ауыстыру секілді тақырыптарды қозғайтын ток-шоуларды жабу керек, МӘМС жүйесін тоқтату мен Армияға ауыл балаларын емес, шенеуніктердің балаларын жіберу керек деген пікірі де көп талқыланды.

10. Айдарбек Қожаназаров

Кәсіпкер Айдарбек Қожаназаров “Республика” партиясының атынан Мәжілістен мандат алған аз депутаттың бірі. Партиясы сайлау алдында ғана тіркелген. Бірақ соған қарамастан ол саяси додада сайлаушылардан қажетті дауысын алды. Саяси сахнаға жаңа көтерілген Қожаназаров белсенді әрі тиімді жұмыс істеп жүр.Республикалықтар букмекерлік кеңселер мен вейп сатушылармен күресуде. Құмар ойын бизнесіне қатысты заңды қатайтып, вейп сататындардың жолын кесті. Сонымен қатар республикалық партия мүшесі мемлекеттік қазынаның жағдайына қатысты пікір білдіріп, мәселе бюджетте емес, экономикамыздың әлсіздігінде екенін айтып берді. Су тасқынына қатысты пікірі де қоғам қызығушылығын тудырды. Оның сөзін БАҚ бірнеше жерде жариялады. Ол “су тасқыны табиғи катаклизм емес, бұл дегенің сәттілік”, бірақ Қазақстан оны дұрыс пайдалана алмады” деп айтқан-тұғын.

Жолы болмаған “ақЖОЛдық” депутат

Біздің рейтингтегі 10-шы орынға “Ақ жол” фракциясының жетекшісі және депутат Азат Перуашев үміткер болған. Бірақ ол партияласы Садықовтың партия қатарынан шығарылуына қатысты шудан кейін оның рейтингтегі позициясы әлсіреді. Парламент қызметкерінің және “Ақ жол” партиясының беделіне нұқсан келтірмеу үшін осындай әрекетке бардым деген Перуашевтің өзі қашан отставкаға кететінін айтпады. Біздің оқырмандарымыз Перуашевтің өзі депутаттықтан қашан кетеді екен деген сауалды жиі қоюда. 12 жыл отыру аз уақыт емес, мүмкін орнын жастарға  беруі керек шығар.