×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлттық банк екі айда 21,6 тонна алтын сатқан

07.11.2024, 13:47
Ұлттық банк екі айда 21,6 тонна алтын сатқан
ашық дереккөз

Биылғы мамыр мен шілде айлары аралығында ҚР Ұлттық банкі 21,6 тонна алтын сатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осылайша, Қазақстанның алтын-валюта резервтеріндегі аталған бағалы металдың үлесі 3 пайыза төмендеген. Ал басқа елдер, геосаяси тұрақсыздық кезеңдерінде, керісінше, бұл активті жаппай сатып алып жатыр.

АЛТЫН ҚЫМБАТТАП БАРАДЫ

Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 2024 жылғы тамызда 42,7 млрд долларға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,2%-ға артық. Ақшамен есептегенде резервтердің жартысынан астамы алтында болды: 23,5 млрд доллар. Бұл өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда 20,9%-ға көп. Ал еркін айырбасталатын валюталық активтер бір жылда 35,8%-ға өсіп, 19,3 млрд долларға жетті. Бұл ретте жалпы халықаралық резервтегі алтынның үлесі бір жылда 57,7%-дан 54,9%-ға дейін төмендеді.

БІР ТОННАҒА ДА ЖЕТПЕЙДІ

Бұл мәліметтерді ranking.kz өз сараптамасында алға тартады.

Мәселен, 2024 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының алтын-валюта қоры бар болғаны 692,3 келіге өсті. Оның үстіне алғашқы төрт айда 22,3 тонна алтын сатып алынса, мамырдан шілдеге дейінгі аралықта Ұлттық банк, керісінше 21,6 тонна алтын сатқан – делінген сараптамада.

1 ЖЫЛДА 108 ТОННА

Бұған дейін, 2011-2021 жылдар аралығында Қазақстан белсенді түрде алтынды сатып алып отырған, яғни жылына 2,4-тен 50,6 тоннаға дейін (!). Жалпы, осы уақыт кезеңінде әлем бойынша барлығы 335,1 тонна алтын сатып алынған екен. Тек Қытай, Ресей және Түркия ғана Қазақстанға қарағанда алтынды белсендірек сатып алған. Алайда олардан айырмашылығы, Қазақстан 2022 және 2023 жылдары 108,1 тонна алтын сатқан: 2022 жылы – 50,7 тонна, 2023 жылы – 57,4 тонна.

Алтынның белсенді сатылуы жоғары баға кезеңіне сәйкес келді. Реттеуші соңғы екі тұрақсыз жыл ішінде мұндай активті сатқаны жөн бе өзі, бұл – үлкен сұрақ. Өзіңіз бағалап көріңізші. Мәселен, 2022 жылы орташа есеппен алтынның бір трой унциясы 1,8 мың доллар болды. Келесі жылы баға бойынша рекорд болды — 2023 жылдың сәуірінде алтынның бір трой унциясының бағасы 2 мың долларға жетті, ал желтоқсанда рекорд жаңартылды: 2 мыңнан сәл астам доллар. Биыл алтынның бағасы ай сайын дерлік рекордтарды жаңартып, қыркүйекте 2,6 мың доллар болды. Қазан айының басында алтын бағасының көтерілуін жалғастырды және бір троя унциясы үшін 2,7 мың долларға жетті, бұл таңқаларлық емес, өйткені геосаяси тұрақсыздық жағдайында алтын жалғыз қорғаныш активі. Дәл осындай сәтте Қазақстан, керісінше қазір оны сатып жатыр. Себебін, ресми билік ашып айтпайды, – делінген зерттеуде.

295 ТОННА АЛТЫН БАР

Халықаралық валюта қорының қаржылық статистикасына сүйенсек, Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 18-орында тұр: 294,9 тонна.

Дүние жүзіндегі алтынның көп бөлігі орталық банктердің қолында, олар бұл резервтерді олардың қауіпсіздігі, өтімділігі және табысы үшін сақтайды. Бұл мекемелер өндірілген алтынның шамамен бестен біріне ие. Жалпы, ресми әлемдік алтын қоры 30,1 мың тоннаға жетеді. Ең үлкен көлемі АҚШ-қа тиесілі: 8,1 мың тонна, оның жартысы АҚШ-тың әйгілі Форт Нокс депозитарийінде сақталған. Екінші және үшінші орындарда тиісінше 3,4 мың және 2,5 мың тонна алтын көлемімен Германия мен Италия тұр. Францияда (2,4 мың тонна), Ресейде (2,3 мың тонна), Қытайда (2,3 мың тонна) және Швейцарияда (1 мың тонна) да айтарлықтай қор бар.