Бір ғана 2024 жылдың өзінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске алты рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Аталған кодекс қабылданғалы 10 жыл уақыт өтті, сол аралықта оған 115 рет өзгерістер енгізілген екен. Кейбір баптар бойынша жауапкершілік күшейсе, кейбірі жеңілдетілген. 2025 жылы Қазақстандағы барлық айыппұлдар мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты ұлғаяды. Айта кетейік, 2025 жылы АЕК 240 теңгеге өсіп, 3 932 теңгені құрады. Ulysmedia.kz әкімшілік құқық бұзушылыққа салынатын айыппұл мөлшерін 2024 жылмен салыстыра отырып, қайта есептеп шығарды. Сонымен құқық бұзғандар 1 қаңтардан бастап қанша айыппұл төлейді?
Жол қозғалысы ережелерін бұзу
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіндегі (әрі қарай – ӘҚК) өзгерістердің айтулы бөлігі қазақстандық жүргізушілерге қатысты. Себебі 2024 жылы салынған барлық әкімшілік айыппұлдардың 85,4%-ы (159,6 миллиард теңгенің 136,3 миллиарды) солардың қалтасынан шыққан.
2025 жылы жүргізушілер үшін ең арзан айыппұл – күндізгі уақытта автокөлікті шамдарын қоспай басқару немесе дыбыстық сигналды рұқсат етілмеген жерде қолдану (602-бап). Бұл үшін айыппұл мөлшері – 0 теңге. Соңғы өзгерістерге сәйкес, ӘҚК-ті қабылдағандар алғашқы құқық бұзушылық үшін күнтізбелік жыл ішінде тек ескерту жасауды қалдырып, ақшалай айыппұлды алып тастаған. Егер бұл құқық бұзушылық қайталанса, 5 АЕК (19 660 теңге) төлеу керек болады.
Егер жүргізуші күнтізбелік жыл ішінде төмендегідей құқық бұзушылықты алғаш рет жасаса, онда оған 3 АЕК (11 793 теңге) айыппұл салынады.
5 АЕК (19 660 теңге) айыппұл мынадай құқық бұзушылық үшін салынады:
Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қатаң жазаға тарту жағдайлары 10 АЕК-тен (39 320 теңге) басталады:
15 АЕК (58 980 теңге) айыппұл мына жағдайларда салынады:
20 АЕК (78 640 теңге) және одан жоғары айыппұлдар:
Күнтізбелік жыл ішінде алғаш рет жасалған елеулі бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері:
Қарама-қарсы бағытқа шығу, мас күйінде көлік жүргізу, медициналық тексерістен бас тарту жағдайларында жүргізуші куәлігінен айырылады. Бұл ӘҚК-те бұрыннан бар талап.
Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының «басқа да қатысушылары» (жолаушылар, мопед, велосипед, ат арбамен жүргендер және малшылар) үшін де жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік жазалар қарастырылған. Мысалы: қоғамдық көлікте орынсыз мінез-құлық көрсеткені үшін (622-бап) – 1 АЕК (3 932 теңге) айыппұл; қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден бас тартқаны үшін – 2 АЕК (7 864 теңге); жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткені үшін де (615-бап) – дәл осындай мөлшерде айыппұл салынады.
Жоғарыда атап өткендей, әкімшілік құқық бұзушылардың 80%-дан астамы – жүргізушілер. Олардың іс-әрекеті тек жол полициясы патрульдерімен ғана емес, бейнебақылау жүйелері арқылы да бақыланады. Осыған байланысты құқық бұзушылықтардың анықталу деңгейі жоғары: 2024 жылы тіркелген 14,5 миллион құқық бұзушылықтың 12,6 миллионы жүргізушілерге тиесілі.
Ең жиі кездесетін 10 құқықбұзушылық:
1. Үйде не пәтерде ешқандай тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (492-бап). Егер құжаттарды және тіркеуді бір ай ішінде ретке келтірсе, тек ескерту беріледі. Бірақ белгіленген мерзімнен асып кетсе, 7 АЕК (27 524 теңге) айыппұл салынады. 2024 жылы бұл бап бойынша 317,9 мың құқық бұзушылық тіркеліп, 1,4 млрд теңге айыппұл салынған.
2. Көгалдандыру ережелерін бұзу және жасыл желекті бүлдіру (505-бап). Жеке тұлғалар үшін айыппұл – 20 АЕК (78 640 теңге), заңды тұлғалар үшін – 100 АЕК-ке дейін (393 200 теңге). 2024 жылы 261,3 мың жағдай тіркелген.
3. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде жүру (440-бап). Айыппұл – 5 АЕК (19 660 теңге). 2024 жылы тіркелген 208 мың жағдайдың 2,2 мыңы кәмелетке толмағандарға қатысты болған, ал айыппұл (2,7 млрд теңге) ата-аналарға салынған.
4. Қоғамдық орындарды ластау (434-2-бап). Қоқысты контейнерге жеткізбей, көшеге лақтырғандар үшін айыппұл мөлшері 10 АЕК (39 320 теңге). 2024 жылы осындай 153,3 мың құқық бұзушы анықталып, оларға 3 млрд теңге айыппұл салынған.
5. Шетел азаматтарының Қазақстанда болу тәртібін бұзу жағдайлары (28-бап). Транзит ережелерін сақтамау немесе елден белгіленген мерзімде шықпау – 15 АЕК (58 980 теңге) айыппұл. Қонақтарын уақытында тіркемеген тараптарға 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салынады. 2024 жылы миграциялық құқық бұзушылықтардан бюджетке 3,2 млрд теңге түскен.
6. Тыныштықты бұзу (437-бап). Сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейінгі уақытта музыка дауысын бәсеңдетпей, көршілерінің мазасын алу немесе қатты сөйлесу – жеке тұлғаларға 5 АЕК, заңды тұлғаларға 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. 2024 жылы осындай 108 мың факт тіркеліп, 1,5 млрд теңге айыппұл салынған.
7. Кәмелетке толмағандардың түнде ата-ана қарауынсыз жүруі (442-бап). 2024 жылы 112,8 мың бала түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орындарында болған. Мұндай жағдайда ата-аналарға ескерту беріледі немесе 3 АЕК айыппұл салынады.
8. Қоғамдық орындарда мазалау (449-бап). Қайыр сұрау – 5 АЕК-ке дейін айыппұл немесе ескерту. 2024 жылы 89,6 мың жағдай тіркеліп, 36,6 млн теңге айыппұл салынған.
9. Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылықтар (73-бап). Отбасы мүшелерін қорлау (қол жұмсау емес), мүлікті бүлдіру жағдайларында құзырлы орган қызметкері азаматқа ескерту жасауы немесе 5 күнге қамауы немесе 5 АЕК айыппұл салуы мүмкін. 2024 жылы осындай 74 мыңнан астам факт тіркелген.
10. Ұсақ бұзақылық (434-бап). Қоғамдық орындардағы бейәдеп әрекеттер – 20 АЕК (78 640 теңге) немесе 15 күнге қамау. 2024 жылы 22 мың құқық бұзушы тіркеліп, 600 млн теңге айыппұл салынған.
Қорытынды
2023 жылдан бері Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтар саны және салынған айыппұлдар жыл сайын 40%-ға артып келеді. 2024 жылы әр қазақстандық орта есеппен 0,71 құқық бұзушылық жасаған. Сондықтан заңға бағыну деңгейін әлі де арттыру қажет.