×
509.26
574.75
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.26
574.75
6.46

«Қартайғанда қайда барамын»: Азаматтығынан айырылған белсендінің оқиғасы

22 жылдан бері Қазақстанда тұратын қарақалпақ белсендісі Рахметулла Аймұратов алты жылдан бері азаматтық ала алмай жүргенін айтады. Зейнет жасына жеткен ол не Өзбекстанның, не Қазақстанның азаматы емес. «Қартайған шағымда далада қалдым» дейді ол.

63 жастағы қарақалпақ белсендісі Рахметуула Аймұратов Қазақстанға 2003 жылы жұмыс іздеп көшіп келген. Содан бері бес баласы мен әйелі Қазақстан азаматтыған алған. Өзі алты жылдан бері азаматтық ала алмай жүрмін дейді. Қазір ол Алматы іргесіндегі Айгерім-1 шағын ауданында пәтер жалдап тұрады.

 Құжаттар тізімін берді. Барлығын 2019 жылы жинап тапсырдым. Сомен маған 2020-да «азаматтығы жоқ тұлға» құжатын шығарып берді. Бірақ бұл құжаттың өкінішке орай мерзімі өтіп кетті. Себебі біз қатты сауатты болмадық та. Интернетте тұр екен, келген адамның Қазақстанға қандай да бір қатысы болса, әйелі немесе апасы болса үш жылда азаматтық ала алады екен. Ал енді ешқандай қатысы жоқ болса бес жылда деген тәртіптері бар, – дейді ол.

Рахметулла «азаматтығы жоқ тұлға» куәлігін алу үшін Өзбекстан азаматтығынан бас тартқан. Бірақ қазір екі елдің де азаматы емес. «Зейнет жасына жетсем де, тиісті жәрдемақы ала алмай отырмын» дейді. Жұмыс істеп тұрған уақытында зейнетақы қорына қаржы да жинаған. Айтуынша, соңғы екі жылда екі рет инсульт алып, денсаулығы да нашарлаған.

ТЕСТ ЖӘНЕ МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТКЕН ҚҰЖАТ

Жетісу облысының көші-қон басқармасы Рахметуллаға азаматтық алу үшін тест тапсыру қажет екенін айтқан. Бірақ ол қазтест жүйесіне кіре алмайды. Себебі құжатының мерзімі өтіп кеткен. Қазақстан заңы бойынша, азаматтық алу үшін қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Конституция негіздері бойынша тест тапсыру міндетті.

 Оған тапсырудың екі жолы бар: Біреуі, барып тапсырасың. Екіншісі, онлайн режимінде. Ол қазір жабылған. Бұл уақытша ашылатын [бағдарлама] екен. Онлайн режимде өту үшін адам өзінің ИИН-нін кіргізу керек. Толық құжаттары. Мен осындай-осындай деп. Тексереді, одан кейін барып, тіркелуден өтіп тапсырады екенсің. Ал мен тапсыра алмадым, өте алмадым. Тіркемейді мені. Себебі құжатымның мерзімі өтіп кеткен, – дейді Аймұратов.  

БЕЛСЕНДІЛЕРДІ ҰСТАУ МЕН ҚОНЫС АУДАРУ

Рахметулла Аймұратов 2022 жылғы Нүкіс оқиғасы кезінде өзге қарақалпақ белсенділерімен бірге Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Қарақалпақстанның тәуелсіздігін қолдап сөз сөйлеген. Осыдан кейін кейінгі жылдары Қазақстанда тұрып жатқан қарақалпақ белсенділері , Тілеубике Юлдашева, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова, Зиуар Мирманбетова, Қошқарбай ТөремұратовТашкенттің сұрауы бойынша ұсталып, қамауға алынды. Қамауға алынған белсенділер өздеріне Өзбекстан билігі «конституциялық құрылымын бұзуға тырысты» деп таққан айыпты жоққа шығарып, бар болғаны Қарақалпақстанды егемен республика статусынан айыруға қарсылығын білдіріп, әлеуметтік желіде ой-пікірін ашық білдіргеніне бола қудаланып жатқанын айтқан. Бесеуі де Қазақстанда бір жыл абақтыда отырып шықты. Қазақстанның қылмыстық-процестік кодексі бойынша, басқа мемлекет өзіне беруді талап етіп отырған адам 12 айға дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін.

2024 жылы қазанда Тілеубике Юлдашева, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова, Зиуар Мирманбетова отбасыларымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.

Рахметулла Аймұратов құзырлы органдар бірнеше рет жауап алғаны болмаса, өзіне ешқандай қысым болған жоқ дейді.

 Конституцияны өзгерту бойынша нелерде жазып қойыпты, осындай-осындай Қарақалпаққа тиісті тәуелсіздік деген пункті алып тастау деп. Өзіміздің статусымызды жоқ қылу мәселесінде мұсылманбыз ғой, адам баласымыз қалай үндемей отырасың. Шықтық, айттық, не қылыпты айтқанда. Ол жиын емес қой... Өзбектер 1991 жылы тәуелсіз мемлекет болса, біз 1990 жылы 14 желтоқсанда шығып кеттік қой тәуелсіз мемлекет болып. Оны неге жоқ қылады. Сондай мәселемен біз шыққанбыз. Бірақ менде бунт, төңкеріс, ұлт айыру, үкіметтің конституциялық құрылымын өзгерту немесе перевород власти ондай болған жоқ, – дейді Рахметулла Аймұратов.

НҮКІС ОҚИҒАСЫ

2022 жылы шілдеде Нүкісте Өзбекстанның конституцияны өзгерту туралы бастамасына қарсы наразылық болған. Ташкент ұсынған түзетулерде Қарақалпақстанды Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыратын пункт болған. Жаппай наразылықтан кейін Ташкент даулы түзетулерді жобадан алып тастады. Билік тәртіпсіздікті «қоздырған» сыртқы күштер деп айыптады. Ресми дерек бойынша, Қарақалпақстандағы наразылық кезінде 21 адам қаза тауып, 270-тен астамы жарақат алған.

ҮМІТ ПЕН КҮДІК

Рахетулла Аймұратов «жас кезінде жағдай түзелсе Қарақалпақсанға қайтып ораламын» деп ойлаған. Бірақ енді «жасы егде тартқанда Қазақстанда қалып, азаматтық алып, қарттығымның бейнетін емес зейнетін көріп өмір сүрсем» дейді.

 Менің басқа не арманым бар. Азаматтығымды алсам, пенсиямды алсам. Кішкене лақтай өмірім бар. Немерелеріммен алланың берген бес-алты күндік жалған өмірін тып-тыныш жатып сүргім келеді, - дейді Рахметулла Аймұратов.

Былтыр Талғардағы төбелес кезінде қаза болған 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында істі зерделеу жалғасып жатыр. Істі Талдықорғандағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауда.

Серіктес жаңалықтары