×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мұнайдағы «сұр кардинал» мен Назарбаев отбасының рейдері: Сенаттан кімдер кетті

25.01.2023, 13:10
Мұнайдағы «сұр кардинал» мен Назарбаев отбасының рейдері: Сенаттан кімдер кетті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттіктерін тоқтату туралы жарлыққа қол қойып, дереу жаңаларын тағайындап үлгерді. Ulysmedia.kz тілшісі жоғарғы палатадан кім кетіп, орнына кім келгенін сараптап көрді.

 

Президент әуелі өз жарлығымен Мәулен Әшімбаевты Сенат төрағасы қызметінен босатып, 12 депутаттың өкілеттігін тоқтатты. Келесі жарлығымен Қасым-Жомарт Тоқаев Мәулен Әшімбаевты, Нұртөре Жүсіпті, Ләззат Қалтаеваны және Асқар Шәкіровті қайта тағайындады. Осылайша тек тоғыз сенатор Сенаттағы орынтағымен қош айтысты.

Волков Владимир. Ол 2017 жылдың шілдесінен бері Сенатта отыр. 2019 жылдан бастап конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болды. 2018 жылы Волков аймақтарды аралап, азаматтарға «Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын» түсіндірген. Сондай-ақ, Елбасының жолдауын студенттерге жеткізген. Астананың атын өзгертуді жақтаушылар қатарында болды. Елордаға бұрынғы атауы қайтарылғанда да қол шапалақтап отырған. Бір сөзбен айтқанда, жан-жақты адам.

Бақытжан Жұмағұлов. Ол да 2017 жылы сенатор болған. Оған дейін белсенді түрде партия жұмысына араласты. «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары болды, парламенттегі партия фракциясын басқарды. 2005 жылы ол тіпті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық қызметкерлерінің штабын басқарды. Елбасы мен оның партиясы Жұмағұловқа саяси өмірге билет берді десе де болады.

Қайрат Қожамжаров. Ол 2019 жылдың наурызында президент Назарбаевтың жарлығымен Сенат депутаты болды. Елбасы Қожамжаровқа ерекше сенім артқаны даусыз. 2013 жылы экс-президент оны өзінің көмекшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 2014 жылы «Антикор» төрағасы, 2019 жылы бас прокурор етіп тағайындады. Қожамжаровты «Назарбаевтардың отбасылық рейдері» деп атайтындар да бар. Журналистердің жазуынша, Қожамжаров Антикор басшысы кезінде Назарбаевтардың жеке нұсқауын негізсіз тұтқындау, рейдерлік және басқа да қылмыстық әрекеттер арқылы орындаған.

Мұхтар Құл-Мұхамет. Ұрандата сөйлейтін бұл экс-депутат алғаш рет 1999 жылы сенатор болды. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Бірақ 2002 жылы ол заң шығару тармағын атқарушы билікке ауыстыру туралы шешім қабылдады: президенттің кеңесшісі, әкім, мәдениет министрі болды, содан кейін қайтадан осы қызметтерді атқарып шықты. 2015 жылы президент сайлауында Назарбаевтың штабын басқарса, 2016 жылы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды.

Талғат Мұсабаев. Ғарышкер 2017 жылдан бері Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі қызметін атқарды. Ұзақ жыл бойы Аэроғарыш комитетін басқарып, кейін Назарбаевтың кеңесшісі болды. Бірақ 2017 жылы Мұсабаев күтпеген жерден беделді қызметінен айырылып, депутаттыққа кетті. Бұл Airbus компаниясының жемқорлық ісімен байланысты болса керек. Комитет төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Болжам бойынша қазақстандық шенеуніктердің спутниктерді сатып алу келісімшарты аясында Сингапур арқылы 8 миллион еуро аударылып кеткен-мыс. Мұсабаев заң шығару ісіне белсене кірісіп кетті де, ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ - оның кінәсін дәлелденбеді.

Дана Нұржігіт. Бұрынғы тележүргізуші 2019 жылдың қыркүйегінде депутат болды. Нұржігітова мансабын республикалық телевидениеде құрған: «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында, TV Fresh арналарында жүргізуші болды. «Хабар» агенттігінің бас директоры Владимир Рерихпен ажырасқаннан кейін Дана Нұржігіт қоғамдық жұмыстармен айналысып, депутаттық мандатқа ие болды.

Қанатбек Сафинов. Сенатта 2019 жылдың тамыз айынан бастап отырды. Білімі - заңгер, бірақ ол өзінің мансабын энергетика саласында жасады. 2020 жылы кәсіпкер Марат Әбиев оны айыптап, Қазақстан мұнай нарығының «сұр кардиналы» деп атаған. Сафинов мұны жала деп атады. Ешқандай тергеу жүргізген жоқ.

Ләззәт Сүлеймен. 2019 жылдың тамызынан бастап сенатор. Ұзақ жылдар Орталық сайлау комиссиясында қызмет етті. 2006 жылдан бастап Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары болды. Сүлейменді Назарбаев емес, Тоқаев тағайындаған. Сенаторлар Конституциядан Елбасының айрықша мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдағанда Сүлеймен журналистерге «Әр адам Назарбаевтың тарихи рөлін өзі бағалайды» деді.

Серікбай Тұрымов. 2017 жылы Маңғыстау облыстық мәслихатынан шығып, 2019 жылдың қыркүйегінде Сенат депутаты болып тағайындалды. Тұрымов - тәжірибесі бар. Екі ауданды, екі қала және бір облысты басқарған. Бірақ оның мемлекеттік қызметін сәтті деп атауға келмейді. Ол 2020 жылдың әкімдер рейтингінде соңғы орынға ие болған. Қала тұрғындары ол басқарған облыста жемқорлық жиі тіркелетінін айтса, әкімнің кәсіпкерлермен кездесудегі видеосы тіпті мемге айналып кеткен. Соған қарамастан, Тұрымов Сенаттағы жолын басып өтті.

Экс-сенаторларды Назарбаевқа деген бейілділік пен бұрынғы жұмыстарындағы жұмысы байналыстыратын секілді.

Сенатқа кімдер келді?

Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттарын тағайындады. Евгений Болгерт, Зәкіржан Күзиев, Нұрия Ниязова, Әлішер Сатыбалдиев, Геннадий Шиповских жоғары палатаға келді. Сондай-ақ, Сенаттағы орын Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының экс-төрағасы Жақып Асановқа берілді.

Конституцияға сәйкес, Президент тек 10 Сенат депутатын тағайындай алады, оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынуы керек.