×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Акционер Jusan банкін қайтаруды талап етіп отыр

31.01.2023, 07:59
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан заңсыз шет елдерге жылыстап кеткен активтерді мемлекетке қайтарудың қосымша механизмдерін заңнамалық тұрғыда бекітпек. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен жұмыс істейтін Экономика саясаты жөніндегі кеңес бұл механизмдер қазақстандықтардың игілігіне жарауы керек деп есептейді. Мұндай бастама Jusan Bank-тың айналасында туындаған даулы жайттарды реттей ала ма? Әу баста дарынды жастарды қолдау үшін құрылған осынау актив ел мүддесіне жарай ма? Біз осы сұрақты Jusan Bank миноритарлы акционері саналатын – «Назарбаев Қоры» білім беру қорының басшысы Аслан СӘРІНЖІПОВКЕ қойып көрдік.

- Jusan Bank-ке иелік ететін Jusan Technology холдингі басшылығының ретсіз қадамдары салдарынан оның миноритарлы акционері саналатын НҚ білім беру қоры былтыр тамызда біз үшін маңызды қаржылық активті бақылаудан шығарып алды. Біз осы мәселеде әділдікті қалпына келтіру үшін бірқатар қадам жасадық әрі мемлекет тарапынан қабылданатын іс-шаралар біз бастаған жұмысқа септігін тигізер деген үміттеміз.

Өздеріңіз білетіндей, Jusan Bank кезінде АТФ пен Цесна Банк активтерін өзіне қосу есебінен құрылған. Мемлекет те өз кезегінде қаржылық қолдау жасады. Jusan түрінде жеке қаржылық активті құра отырып, НҚ білім беру қоры түскен пайда есебінен Назарбаев Универитеті (НУ) мен Назарбаев зияткерлік мектептерін (НЗМ) дамытуды, сол арқылы бюджетке жүктемені азайтуды көздеген. Алайда қаңтар оқиғасы болды да, «Ескі Қазақстанның» өкілдері біздің банктегі активтерімізді заңсыз бақылауға алды.

Егер егжей-тегжейлі айтар болсақ, кезінде Jusan тобын АҚШ-та тіркелген қордың эндауменд қамқоршылық кеңесіне кіретін Қазақстанның өкілдері бақылайтын. Бірден түсіндірейін, бұл қор НУ мен НЗМ-ті тікелей қаржыландыруы керек болған. Ал АҚШ-та тіркелуін дамыған заңнамамен және салық саласының тиімді жүйесімен түсіндіреміз, бұл бізге халықаралық аренада кедергісіз жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Алайда қолдан жасалған себептер бойынша қазақстандықтар қордың қамқоршылық кеңесінен шығып қалды, ақыры банк тобын бақылау тетігі жоғалды. Мұның себебі – отандық білім саласын дамытуға және қолдауға бағытталған қаражатты басқа бағытқа пайдалануға жол бермеуге тырысқанымызда. Оның орнына Jusan Technology холдингінің басшылығы қаражатты мемлекет көрсеткен көмекті қайтармас бұрын дивидендтерді өтуге жұмсамақ болған. Бірақ бізді заңсыз жұмыстан шығарды да, Jusan – қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстаннан гөрі өздеріне қауіпсіз саналатын басқа мемлекетке көшіп кеткен адамдардың бақылауына өтті. Мен бұл шешіммен келіспейтінімді ресм түрде айтқанымды атап өткім келеді.

Біз америкалық қордың жаңа қамқоршыларына екі рет ресми наразылық жібердік, алайда жауап сол күйі келмеді. Ендігі кезекте, америкалық қорда Қазақстанның өкілдерін қалпына келтіру бойынша АҚШ-қа арыз жіберіп отырмыз. Сонымен бірге, НҚ атынан осы Қазақстанда заңсыз тартып алынған активті қайтару жөнінде арыз да дайын. Бас прокуратурамен алдын ала консультация жүргізілді. Бұл процес соңына жетіп қалды. Құзырлы орган бізді қолдап, әділдік орнайды деп үміттенеміз. Себебі бұл жерде мәселе ұлттық мүддеде болып тұр.

Актив НҚ білім беру қорының басқаруына өткен кезде көмек мемлекетке, ал депозиттер ұлттық компанияларға қайтарылады. Jusan-да мұндай мүмкіндік бар. Осыдан кейін сол активті есебінен НУ мен НЗМ-ді қаржыландыру стратегиясы әзірленеді. Сол арқылы бюджет шығындарын қысқарта отырып, бұрынғы көздеген межеге жетеміз. Біз әділдікті қалаймыз.

Ulysmedia.kz редакциясы бұл жағдайды бақылауда ұстайтын болады.

Серіктес жаңалықтары