×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Jusan жыры: Қазақстанның ақшасы қалайша әлемді «аралап» кетті

20.02.2023, 12:41
Jusan жыры: Қазақстанның ақшасы қалайша әлемді «аралап» кетті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаражатты алуын алғанымен, оны сақтап, көбейту жолы жабық болса не істемек керек? Әлбетте, мұндайда заң қинамайтындай, бәрі ереже шеңберінде көрінетіндей амал іздестіретіндер бар. Міне, осы себепті Назарбаевтың атымен ондаған қор құрылған-тын. Солардың ішіндегі ең іргелісі – Тұңғыш президент қоры. Бұл қорда бәрі бар – ақша да, мүлік те, бұқаралық ақпарат құралы да...

Jusan-ға дейінгі тарих

Тұңғыш президент қорын ұзақ жыл бойы Нұрсұлтан Назарбаеваның үлкен қызы Дариға басқарды. Тоқсаныншы жылдардан бастап ол танымал КТК телеарнасының, одан бөлек тағы бірнеше телеарна мен радиостансаның иесі еді. Күйеуі әрі бизнес-серіктесі Рахат Әлиев қуғындалып кеткеннен кейін Дариға Назарбаеваның медиаимпериясы сетіней бастады. Дәл сол тұста олардың иелігіндегі, Тимирязев пен Желтоқсан көшелеріндегі АСК 2 аппарат-студия кешені мемлекет меншігіне берілген.

Бір қарағанда әділдік орнағандай болды. Мемлекеттің ең басты телеарнасы, Дариаға Назарбаева мемлекетке берген – «Хабар» арнасы мамандандырылған мемлекеттік ғимараттан хабар тарата бастаған. Алайда біраз уақыттан кейін «Хабар» жөндеу жұмыстары сылтауымен аталған нысаннан шығарылып, кейін ол жерге КТК орналасатыны айтылды. Ал ғимарат ғажайып жолмен Тұңғыш президент қорының меншігіне өте шықты. АСК 2 ғимаратын қорға немесе Назарбаеваға кімнің қашан не үшін бергені белгісіз. Алайда қоныс тойы тойланған кезде КТК пен АСК 2 қор меншігі болып шыға келгенін ешкім сұраған да жоқ.

Бізге бәрі белгісіз

Біраз уақыт өткеннен кейін, атап айтқанда Қаңтар оқиғаларынан соң ғимараттың қайтадан мемлекет меншігіне өткені белгілі болды. Бірақ жалға алушы КТК болып қала берді. Ғимараттағы аздаған аумақ «Хабарға» бұйырды.

Ғимараттың иеселері неше рет ауысқаны, мемлекет қазынасы бұл үшін қанша шығынға ұшырағаны немесе осы келісімшарттардан қандай пайда тапқаны жайлы ақпараттар – кадр сыртында қалды. Мұның бәрі заң аясында болды ма, әлде «берсең қолыңнан бермесең жолыңнан» кебімен Дариға Нұрсұлтанқызы «дәстүрлі» рейдерлік әдіспен бетпе-бет келді ме?

Тұңғыш президент қоры тарих қойнауына кетіп бара жатқанымен Jusan банкіне қатысты даудан кейін біз оны қайтадан еске түсіріп көрдік.

Кеше сіздікі – бүгін біздікі

Jusan – материалды құндылықтарды қалайша алғаныңмен, көбейте алмайтыныңды көрсететін жарқын үлгі.

Ulysmedia.kz дереккөзінің мәліметінше, ел сыртына активтің жылыстап кетуіне қарсы науқан былтыр басталған. Ол кезде директорлар кеңесіне Шигео Катсу директорлар кеңесінің мүшесі арттыруды ұсынған. Катсу жаңа директорлардың да атын атады. Олар - Роберт Армао (Robert Armao), Амитаба Мухержи (Amitabha Mukherjee) мен Нұрәли Бектұрғанов (Nuraly Bekturganov).   

Бірнеше адам ұлы Катсу ұсынысын қолдамақ түгілі, бұл ұсынысына қарсы дауыс берген. Қарсыластардың қатарында - Шәмшидинова, Аюбаева және Сәрінжіпов болды. Ақыры Шәмшидинова мен Аюбаева қордың директорлар кеңесіне кетуге мәжбүр болды, Ал кейіннен Америкалық қордың Директорлар кеңесінің отырысында кеңес құрамына Роберт Армао, Амитабха Мухержи мен Нұрәли Бектұрғановты қосу жөнінде шешім қабылданды.

Арада аз уақыттан кейін қыркүйекте директорлар кеңесінен Сәрінжіпов те шығып қалды. Ізінше қазақстандық тарап банктен айырылып қалды – оны «ұрлап кетті» десе де болады.

Ulysmedia.kz редакциясы бұған дейін OCCRP журналистер тобының зерттеу материалы жөнінде жазған еді. Ол зерттеуде білім беру қорлары PioneerCapitalInvest инвестиция қорын құрып, сол арқылы 30 млн долларға Қазақстанның «Экспо Кредит» банкін сатып алғаны жазылған. Pioneer Capital сонымен қатар FirstHeartlandSecurities АҚ акциялар пакетіне ие екені белгілі болды. Ал оның танымал объектісі – JusanBank.

Еске салайық, аталған банк жақында ғана 2020 жылға аудиторлық есепті жариялады. Осы мәліметтерге сәйкес, банкирлер үкімет қаржы институтын сақтауға бөлінген сомалардан өздеріне сыйақы тағайындаған.

OCCR зерттеуші-журналистерінің бағалауынша, PioneerCapital активтері 7,8 млрд долларға жетеді. Оның ішінде АҚШ қазынашылық вексельдері, Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік облигациялары және 3,4 млрд доллар қолма-қол ақша бар. 2020 жылы қор 500 млрд доллар табыс тапқан.