×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

«ӨКМ Операторы» Соловьеваға не үшін ақы төлеп отырған?

26.04.2022, 13:38
Коллаж: ulysmedia.kz.

ҚР Экологиялық ұйымдар қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьеваның жалақы төлеген мекемесі – «ӨКМ операторы» болған. Ол миллион теңге ақшаны осы компанияның Бақылау кеңесінің мүшесі ретінде алған. Ulysmedia.kz порталы Айгүл Сағадибекқызы жұрт назарындағы компаниядан 58 млн теңге табыс тапқанын есептеп шығарды.

Соловьева 2016 жылдан бері «ӨКМ Операторы» Бақылау кеңесінің мүшесі болған.

Еске сала кетейік, «ӨКМ операторы» Антикордың назарына көптен бері түсіп келеді. 1 Сәуірде 13 млрд теңге ұрлады деген күдікпен осы компанияның бұрынғы басқарушы директоры ұсталды. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жарату құнын асырып жіберген, содан кейін оларды RecyclingCompany ЖШС шоттарына аударған.

«ӨКМ операторы» Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлиямен тікелей байланысты. Ол, кейбір мәліметтер бойынша, компанияның алғашқы құрылтайшысы болған.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев парламентте сөйлеген сөзінде «ӨКМ Операторының» қызметін тоқтатуды тапсырған еді.

«Қоғамда «ӨКМ Операторы» деп аталатын компанияның қызметі көп сұрақ туғызады. Бұл жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалысқа дейін ұйымдастырылды. Үкіметке қайта өңдеу ақысын әкімшілендіруде «ӨКМ Операторының» кәдеге жарату ақысын алуын тоқтатуды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек», - деді Тоқаев.

26 қаңтарда «Оператор РОП» ЖШС басқарушы директоры Руслан Шәмшиев өз-өзіне қол жұмсады. Ол бұл қызметке 2021 жылы келген. Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген.

Дегенмен, экология саласына парламенттен кейін келген Айгүл Соловьеваның өзі де «теориялық тұрғыдан да, анықтамасы бойынша да схемалар болуы мүмкін емес» екенін бірнеше жылдан бері дәлелдеп келеді.

Соған қарамастан, біздің дереккөз бір миллион теңге жалақының ең жоғары көрсеткіш емес екенін айтады, өйткені «ӨКМ Операторы» алты жылдың ішінде қоқыс өңдеу зауытынан ондаған миллиард доллар пайда тапқан.

Айгүл Соловьева Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың кешенді жүйесінде маңызды рөл атқарады. Әлия Назарбаевамен бірге ол бірнеше жылдан бері Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығын басқарып келеді. Бұл ұйым өз кезегінде тағы бір ұйымды – Халықаралық жасыл технологиялар және инновациялық жобалар орталығын (ХЖТжИЖО) құрған. Бұл ұйымның қызметіне үкімет тарапы да өз қаулысымен қолдау білдірген. Бір жыл бұрын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын қайта құру жоспарына сәйкес, ХЖТжИЖО «Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» РМК мен «Жасыл даму» АҚ қосылған (мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен).

Бір қарағанда, қағазбасты тірлікте «Жасыл Даму» ММ функцияларымен қатар, ХЖТжИЖО «Жасыл дамумен» бірге Қазақстан Республикасындағы көміртегі бірліктерімен сауда жүйесін, оның ішінде реестрлерді, кадастрларды және парниктік газдар шығарындыларына квоталардың резервтік көлемін басқаруға ие болғанына ешкім мән бере қоймады. Осының салдарынан қазір еліміздің көміртекті экономикаға көшу және көміртегі шекарасын реттеу механизмін енгізуді мемлекет емес, жеке компания реттейді.

Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығының бақылауында – Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының экологиялық ақпараттары мен мемлекеттік кадастрлары жөніндегі мемлекеттік қоры да бар. Бұл жерде ұлттық ақпараттық қауіпсіздік туралы әңгіме қозғауға болады.

Осынау стратегиялық ресурстардың бәрі қалайша «жекенің» қолына өтіп кеткен. «Жасыл» жүйеге бір күні қолдары жетеді-ау деген үмітті құзырлы органдарға сүйеуден басқа амал қалмады.