×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

«Магнумның» лоббиін кім қорғап жүр

26.04.2022, 18:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ай соңына дейін облыс әкімдіктері сауда желілеріне тағы ондаған миллиард теңге беруі керек. Бір қарасаң, биліктің мақсаты айқын – азық-түлік бағасының қымбаттауымен күресу. Бірақ бөлінген ақша таусылғанымен, азық-түліктің жай түріне дейін қымбаттауын қояр емес. Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстан үкіметінің неліктен делдалдарға қарсы күрес жариялап, шын мәнінде оларды жеңілдетілген несиемен қолдап отырғанын анықтады.

Сауда желілеріне аударылып жатқан миллиардтар – әлеуметтік маңызы бар тауар түрлері бағасының өсуімен күресудің өзіндік әдісі, Бақыт Сұлтановша айтқанда «айналма схема». Осы жүйені өңірлердегі шенеуніктер бес жылдан бері жүзеге асырып келеді. Есепке сенсек, билік пен сауда бизнесінің ынтымақтастық үдерісі айтарлықтай сәтті жүріп жатыр, бірақ тұтынушылардың мүддесі тұрғысынан қарасақ, жай халық жеңіліске ұшыраған. Биліктің таңдаған тактикасы бір емес, бірнеше рет сарапшылардың сынына ұшырағаны бар. Не үшін деп ойлайсыз?

«АЙНАЛМА СХЕМАНЫҢ» БАС ИДЕОЛОГЫ КІМ?

Үкіметте «айналма схеманың» негізгі ұстанушысы және лоббисі – премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Сұлтанов осы тәжірибені 2018-2019 жылдары елорда әкімі болып тұрғанда қолданғанын жасырмайды. Министрлер кабинеті осы тәсілдің арқасында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұруға болатынын алға тартады. Сұлтановтың идеясы Алматы әкімдігінің шенеуніктеріне де ұнап қалса керек. Министрдің айтуынша, олар да схеманы сәтті пайдаланып жатыр.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов

«Айналым схема» мемлекет пен сауда желісі арасындағы белгілі бір келісімшарт негізінде құрылған. Мемлекет жылына 0,01%-бен несие береді, бірақ кәсіпкер ақшаны тек әлеуметтік маңызы бар тауарларды сатып алуға жұмсауы керек. Содан кейін ол дәл осы тауарларды белгіленген бағамен сатуға міндетті. Әрине, нарықтан төмен бағамен сатады.

Жыл сайын револьверлік схемаға бөлінетін сомалар азық-түлік бағасы сияқты өсіп келе жатыр. Жақында ғана қымбатшылық мәселесі талқыланған жиында премьер-министр Әлихан Смайылов өңірлерге сауда орындарын жеңілдетілген несиелеуге кемінде 100 миллиард теңге бөлу керектігін қатаң тапсырған болатын.

ПРЕМЬЕР ҚОЛДАЙДЫ, ӘКІМДЕР МӘУ ДЕМЕЙДІ, «МАГНУМ» ҰТАДЫ

Жыл басында шамамен қазіргі соманың жартысы бөлінетіні жөнінде әңгіме болған. Бірақ, қымбатшылық үкіметтің жоспарын айтарлықтай түзесе керек.

«Мен «айналма схема» бойынша қаржыландыруды ұлғайту туралы бірнеше рет тапсырма бердім, алайда бүгінгі күнге дейін тиісті деңгейде жұмыс жүргізілген жоқ. Осы айдың соңына дейін қаржыландыруды 100 миллиард теңгеге дейін арттыру қажет. Бұл көрсеткішті нысаналы деңгейге жеткізбеген өңірлер үшін жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарларын жазалау туралы ұсыныстар қаралатын болады», - деп қатаң ескертті Әлихан Смайылов.

Осылайша, Үкімет өндірушілерді емес, алыпсатарларды жеңілдетілген несиемен қолдау арқылы халықтың қарнын тойдырмақ. Бұрын бұл функцияны Асқар Мамин атқаратын. Смайылов та бұрынғы бастығының ізімен кетіп барады.

ШАРЫҚТАҒАН БАҒАЛАР

Әзірге жағдай керісінше өрбіп барады. Сенатор Ақылбек Күрішбаев осыдан бір жыл бұрын «айналма схема» белгілі бір топты байытудың амалына айналып кеткенін сынаған. Сауда орталықтарын іріктеу қағидаты – сенатор мен қарапайым қазақстандықтар үшін құпия. Алайда шенеуніктердің есептеріне сүйенсек, іс жүзінде тегін несиелердің көпшілігі «Magnum cash&carry» сауда желісіне түседі. Осылайша, «Алматы» ӘКК есебіне сәйкес, айналма схема жұмыс істейтін алғашқы жылы бұл сауда желісі бөлінген 5 млрд теңгенің 3,5 млрд теңгесін алған. Қалғаны «Ақсай нан», JLC минимаркеті, SMALL желілері, Skif Discount және тағы басқаларына бұйырған.

Ulysmedia.kz порталы жеңілдетілген несиені қарпып алып отырған сауда желісінен қанша қаражат алғанын, қалай жұмсағанын және қандай нәтижеге қол жеткізгенін айтуды өтінген. Ресми жауапқа сәйкес, Magnum cash&carry ЖШС 2019 жылдан бастап 2022 жылғы наурызға дейін тек Алматының өзінен 13,1 млрд теңге алып, бюджетке 9,5 млрд теңге қайтарған екен.

Осы ақшаға әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылып алынған.

ТАҢДАМАЛЫНЫҢ БАҒЫ БАР, КЕДЕЙДІҢ ҚАМЫ ШЕ?

Компания өкілдері «Магнум» жобасының өзі коммерциялық емес, әлеуметтік екенін, яғни ӘКК мен әкімдіктермен ынтымақтастықта әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату арқылы қиын кезеңдерде сатып алушыларды қолдап отырмыз деп сендіреді. Бұл тауарларға арналған сауда желісінің үстеме бағасы дүкеннің тауарларды сақтау шығындарын да өтемейді. Айтпақшы, Ulysmedia.kz бұрын мен осы сауда желісінің артында қандай үлкен фамилиялар тұрғанын жазған. Естеріңізде болса, Вячеслав Кимнің Kaspi-де Қайрат Сатыбалдының акцияларын сатып алу үшін Болат Назарбаевтың ұлына Magnum-дағы өз үлесін сатқаны туралы ақпарат жариялаған. Алайда компания бұл деректерді жоққа шығарды.

«Мәселен, 1 сұрыпты ұн мен Ақсай-Нан шығаратын нанның бағасы өз өндірісінен аспайды. Яғни бұл тауарлар өзіндік құнымен сатылып жатыр. Күріш, картоп, сарымсақ, сәбіз, орамжапырақ пен тұздан түсетін пайда - 1%. Макароннан – 2%. Сүт өнімдерінде бұл көрсеткіш шамамен 7-10%, ет бойынша минус 15%», –деп жауап берді компаниядан.

Яғни компания сауда бағасы бүкіл шығынын жаба алмайды деп шағымданады.

ӘЛЕУМЕТТІҢ ҚАМЫ ЕМЕС, ТЕК БИЗНЕС...

Magnum Cash&Carry басқарма төрағасы Азамат Османов

Бәлкім, әңгімені осыдан бастау керек пе еді?.. Дүкен арзан тауарларды сатуды міндеттегенімен, оның жақын жердегі баламаларын нарық бағасымен сатуға тыйым салмайды. Бұл шарт кез-келген дүкеннің оң жамбасына келуі мүмкін. Оған қоса арзандатылған өнім әрбір сауда нүктесіне лимит бойынша және сатып алушылар үшін түсініксіз уақытта саудаланады. Шындығында, сатып алушы картоптың келісін 109 теңге немесе қырыққабаттың келісін 102 теңгеден қырыққабат алуға барады. Бірақ олар сауда сөресінде жоқ болады кейде. Бітті немесе әлі әкелмеді – кім біледі, дүкенге кіргендердің бәріне ешкім есеп бермейді. Бірақ сөредегі молнынан қырыққабат 629 теңгеден және картоп 230 теңгеден тұрады. Біреу оны сатып алмауы мүмкін, бірақ бар нәрсені алатындар да табылады.

Айтпақшы, әлеуметтік желілерде «Магнумға» қарсы шағым көп. Мысалы, халық арзан қырыққабатты алу мүмкін емес екенін, ал белгіленген бағадағы картоптың сапасы жиіркенішті болғандықтан, артық төлеп дұрысын ала салған абзал екенін жазады.

Қант та жағдай біртүрлі. Тәтті өнімнің бағасы Ресейден экспорттауға шектеу қойылғаны туралы хабарламалар кезінде және барлық жерде күрт көтерілгенде, Қазақстан шенеуніктері мәлімдеме жасады: ӘӘК қоймаларында қант жеткілікті, басқа заттар сияқты, кем дегенде мамыр айына дейін ескі бағамен сатылады. Атап айтқанда, «Магнум» бағасын келісіне 319 теңге деңгейінде сақтауға уәде берді. Алайда сәуір айының ортасында-ақ қазақстандықтар бұл сауда желісіндегі қант 420 теңгене жетті. Әр адамға 5 келіден артық сатылмады. Шағым көбейді.

ТЕКСЕРЕМІЗ, БІРАҚ БӘРІБІР ТАҒЫ БЕРЕМІЗ

Сәуір айының басында үкіметтің кезекті отырысында сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев өз ведомствосының әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қалай бақылап отырғаны туралы айтып берді.

«Өткен аптада рейдтік іс-шаралармен «үй жанындағы» 30,8 мың дүкені, яғни сауда нысандарының 73% тексерілді. Осы аптада 231 заңбұзушылық анықталды. Нәтижесінде сауда үстемелері 25% төмендеді», - деді шенеунік.

Алайда бағаны ұстап тұру үшін жеңілдікті несие алушылар туралы дым деп ауыз ашқан жоқ! Келісесіз бе, жағдай біртүрлі болып барады. Мемлекет сауда желілері үшін миллиардтаған қаражат беруден өкінбейді, бірақ ешқандай несие алмағандарды тексереді.

Ал экономистер мен фермерлер жылдар бойы бір нәрсені айтып келеді: АӨК өндірісті көтеру үшін жеңіл несиелер мен форвардтық сатып алуды қажет! Бірақ фермерлердің бірі бізге қыста «Магнумға» көкөністерді белгіленген бағамен сатуға мәжбүр еткенін айтып берді. Әйтпесе одан әрі фермерден ештеңе сатып алмаймын деп қорқытқан сауда желісі. Кәсіпкердің айтуынша, қазір егін егуге ақша керек болған кезде, сауда желісі мен ӘКК болашақ егіннің кепілдігімен несие береді деп үміттенген. Бірақ оның өзі құрғақ уәде болып тұр.