×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Ақталмаған миллиондар: ЭКСПО павильондары таңдаулы адамдарға қалай беріледі

30.04.2022, 13:29
Коллаж Ulysmedia

ЭКСПО аумағын көрмеден кейін "QazExpoCongress" ҰК "АҚ пайдалануда деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

QazExpoCongress-тің негізгі мақсаты (компания 100% сауда министрлігіне тиесілі) - өзін-өзі өтеуге қол жеткізу және пайда табу.

Mitwork порталының жоспарына сәйкес, 2021 жылы ЭКСПО ғимараты павильондарының біріне 13 миллиард теңгеге реконструкция жасалған. Бұл ретте сатып алу бәсекеден тыс тәсілмен — тікелей бір көзден жүзеге асырылғаны белгілі болды.

Жөндеу жұмыстарынан бөлек, техникалық қадағалауға 185 млн теңге бөлінген. Осы шығындардың барлығы ғимаратты Ұлттық жобалық кеңсе, Цифрлық трансформация орталығы және Реформаларды бақылаудың ұлттық талдау орталығы ретінде қайта құру үшін жұмсалыпты.

Жұмыстар барынша сәтті жүзеге асырылған болса керек, Қаржы министрлігі мен "QazExpoCongress" павильонды жылына 485 млн теңгеге жалға алу туралы шарт жасасқан.

Ғимаратты мемлекеттік мекемеге айналдыру жұмыстары Astana Hub технопаркі («Зерде» холдингі) орналасқан тағы бір павильонды күтіп тұр.

Бірақ енді аталған павильонды Әсет Ерғалиев төрағалық ететін Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік ретінде қайта құру туралы шешім қабылданды.

Қазірдің өзінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 1,5 миллион теңгеге байқау жарияланған.

Айта кету керек, ЭКСПО аумағындағы көптеген үй-жай Әлия Назарбаева мен Динара Құлыбаеваның нысандары орналастырылған Нұрсұлтан Назарбаев Қорына тегін берілген. Алайда оларға қандай негізде берілгені белгісіз.

Сонымен қатар, "QazExpoCongress" Басқарма төрағасы Аллен Жайжүнісов пен Дариға Назарбаеваның құдаласқаны белгілі. 2018 жылы Дариға Назарбаеваның қызы Венера 18 жасында Ален Шайжүнісовтің жиені Даленге тұрмысқа шыққан болатын.