×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Парадокс: «Магнумның» айрықша құқығына кім рұқсат беріп отыр

01.05.2022, 18:44
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Магнумға» мемлекеттен неліктен миллиардтаған қаржы бөлініп жатқаны туралы зерттеу мақаламыз бұған дейін ең көп оқылған материалдардың қатарынан бір-ақ шықты. Ал Ulysmedia.kz порталын министрліктен бақылап отыратын оқырмандар арнайы баспасөз хабарламасын жариялап, жүздеген миллиард жеңілдетілген несиенің зор келешегін дәлелдеп бағып жатыр.

Одан бөлек, біздің редакцияға үкіметке жолдауға болатын бір ұсыныс та келіп түсті. Оны әзірлегендер сол жоба арқылы халықтың қарнын тойдырғаннан бөлек, әлемде азық-түліктің кей түрі бойынша қалайша көшбасшы позицияға шығуға болатынын жазған екен.

«Магнумның» біржақты рөлі туралы көкшеутаулық фермер Артемның ой-пікірі біздің редакцияға келіп түсті. Маманның пікірін өте қызықты әрі пайдалы деп таптық. Осы оймен оны жариялауды жөн көріп отырмыз.

Алдын ала себептер – әлі жеңіс емес

Бір қызығы, Қазақстан өзін азық-түлікпен қамтамасыз ете алмай отырған әлемдегі санаулы елдің бірі. Яғни, ұлттық қауіпсіздікті қорғау үшін қажетті азық-түлік көлемін жасай алмауымыздың өзі логикаға қайшы бір қарасаң. Әлемдегі соңғы оқиғалар бұл мәселені тіпті өткір күйге түсіріп отыр, өйткені бүгін Қазақстанның одақтасы деп отырған елдер күні ертең жау болып шығуы мүмкін. Геосаяси шиеленістер аясында экономикалық және логистикалық тізбектер үзіліп, импорттық шикізат бағасы құбылып барады. Мұның бәрі бізді ойландыруы керек-ті.

Бұл күнге қалай жеттік?

Бізде орасан зор егіс алқаптары бар. Ауа райы аса қолайсыз деп те айта алмайсың. Еңбек ресурстары жеткілікті. Ең қызығы, қаржы тапшылығы да жоқ. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу секторы мемлекет тарапынан қолдауға ие – жеңілдетілген несиелер, субсидиялар мен преференциялар бар, оған қоса тексерулерге мораторий енгізілді. Осыдан нәтиже бар ма?

Дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің бәрі шет елдерден әкелінген. Жемістің 65 пайызын, көкөністің 30 пайызын шетелден импорттаймыз. Шұжық пен «сүттің» жартысы, барлық дерлік азық-түлік импорты, ірімшіктің 20 пайызы ғана Қазақстанда жасалады. Азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған шикізат саласындағы жағдай одан да нашар. Сүт өнеркәсібінде біз өзімізді шикізатпен 25-30%, құс етімен 50%, маймен 20% қамтамасыз етеміз. Яғни, импортсыз бұл салалар өмір сүре алмайды.

Импортқа тәуелді тұтынушы

Сұранысқа қарай өндіріс те артады. Нарықтың заңы сондай. Тұтынушы ең бірінші кезекте, дүкен сөресіндегі ең жақсы өнімді алғысы келеді. Ал сол сөреде импорт тауарлары лық толы, отандық өндірістегі өнім жоқтың қасы. Не үшін олай екенін талдап көрелік. Мысал ретінде жағдайды түзететін және ахуалды жақсы көрсететін екі қаланың – Алматы мен Нұр-Сұлтанның азық-түлік нарығын алайық.

Бұл қалалардағы азық-түлік өнімдерін сатудың негізгі алаңын Magnum сауда желісі алып жатыр. Елордада – шамамен 60%, Алматыда – 80% ие. Сандардың өзі осы желінің баспасөз қызметінен алынған.

«Магнум» деген не?

«Magnum» - өндірістік стандарттар бойынша инфрақұрылымы қарабайыр және логистикалық қызметі бар, күзет және бухгалтерлік есеп қызметкерлерінің белгілі бір саны бар, бір типті үй-жайлар десек те болады. Кейбір дүкендерде тамақ өнімдерін шығаратын цехы бар дегенімізбен, бұл әдетте бөлек бизнес. Бұл сипаттамалар Қазақстандағы және біздің елімізден тыс кез келген басқа желіге қолданылуы мүмкін. Бірақ оның үстем жағдайына байланысты Magnum өндірушілермен келісімнің шарттары өте әртүрлі. Бұл желіде өндіруші жеңілдікті, көтерілген бағадағы кез келген жарнамалық іс-шараларды, тиімді сауда нүктелерін, маркетингтік шығындарды және мерчандайзер қызметтерін төлеуге, басқаша айтқанда, тауарларды сөрелерге өз бетінше орналастыруға міндетті.

Өндірушінің тапсырысты қалыптастыруға қатысуға құқығы жоқ және соның салдарынан тауардың қайтарымын алады, яғни шығынға ұшырайды. Magnum желісі енді құжат айналымымен айналысқысы келмейді, үшінші тарап ұйымдарының қызметтерін де жеткізуші төлейді. Бірақ бұл мәселенің үлкені емес. Келісімшарттар талаптарына қарамастан желі өз жеткізушілеріне тауардың ақысын айлап төлемейді. Бірақ мұндай серіктестік пен еркелікке тек жаңадан шыққан өндіруші ғана емес, сонымен қатар аяғынан нық тұрған компания да қол жеткізе алмайды.

Қарапайым қазақстандық фермерді, яғни кейде заңгер қызметіне ақы төлеуге мүмкіндігі болмайтын өндірушіні көз алдымызға елестетсек, оған «Магнум» сөресінің жолы жабық екені анық

Әділетсіз бәсеке

Бірақ азық-түлік нарығының барлық проблемасы мұнымен шектелмейді. Мұндай саясат еліміздің экономикасына қандай зардап әкелетінін айтуға болады. Орташа қазақстандықтың шығыстарының негізгі бабы – шамамен 70%-ы азық-түлікке тиесілі екені, жалпы инфляцияның өсуі де олардың құнына байланысты екені жасырын емес. Ең қызығы, ресми сауда маржасы 10-15% болса, желі жеткізушіні бағаға шамамен 35% қосуға мәжбүр етеді, оның көп бөлігін ол бонустар түрінде де алады. Нәтижесінде, Magnum-ның осы сауда саясатының арқасында азық-түлік құны бір жарым есе өседі.

Айтпақшы, үкімет бұл мәселемен баяғыда да басын қатырған болатын. 2019 жылы «Сауда қызметін реттеу туралы» заңға сауда субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдер үшін жеткізушілерден сыйақы алуға тыйым салатын түзетулер енгізілген. Ал ассортимент бойынша бонус 5% аспауы керек. Бұл өзгерістер осыдан бір жыл бұрын президент Тоқаевпен инвесторлардың кездесуінде айтылды. Бірақ Magnum компаниясы оларды елеусіз қалдырды.

Шешімді кім тапты

Табысты аграрлық экономикаларды мысалға ала отырып, біз, мысалы, капиталистік нарықта Қазақстанмен құрдас Польшаның қазірдің өзінде Еуропа үшін емес, әлемнің көп елі үшін негізгі азық-түлік өндірушісі позициясында тұрғанын көреміз. Польшада өзінің жеке сауда желілері болмағандықтан, Еуропа Одағының қатаң заңдарына сәйкес, бұл мемлекет фермерлерге дүкен сөрелеріне тауарларды еркін жеткізуге мүмкіндік беретін заңға қолдау көрсетуге күш пен мүмкіндік тапты. Үкімет отандық өнімдердің сауда маржасын және фермерлер мен өндірушілерге төлейтін төлемдерді қатаң бақылауға алды. Нәтижесінде Польшаның ауыл шаруашылығы ЕО-ның жетекші импорттаушысына айналды.

Жағдайды түзеуге болады. Экономикалық, тіпті саяси тәуелсіздік алу үшін не істеу керек?

  • сауда үстемесін шектеу және реттеу мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу;
  • отандық тауарлардың бөлшек сауда желілерінің сөрелеріне кедергісіз кіру құқығын заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету;
  • уәкілетті органдарға сауда желілерінің жергілікті тауар өндірушілермен есеп айырысуларына бақылау жасау және есеп айырысулардың ең аз мерзімдерін белгілеу құқығын беру;
  • «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының сақталмауы бойынша тексеру жүргізу.

Осы шағын өзгерістер пакеті де инфляцияны тоқтатуға, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерінің өсімін арттыруға, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге ықпал ететініне сенімдімін.