×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Бензин қымбаттайды: Смайылов үкімет жұмысын тосынсыймен бастады

03.04.2023, 22:37
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанның Әлихан Смайылов жетекшілік ететін ескі әрі жаңа үкіметінің сайлаудан кейінгі алғашқы шешімі – жанар-жағармай бағасын қымбаттатумен басталды. Шенеуніктердің аргументін осы мақалада Ulysmedia.kz тілшісі зерттеп көрді.

Министрлер кабинеті сайлау науқаны аяқталғаннан кейін бірден қазақстандықтарға тосын сый жасады: 12 сәуірден бастап АИ-92 және АИ-93 бензинінің бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін шамамен 11%-ға көтеріледі. Ал дизель отынының бағасы 20 пайызға - 295 теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрі міндеті атқарушы Болат Ақшолақов айтты.

«Үкімет бензин тапшылығына тап болмас үшін осындай шараларды қолға алып отыр», - деп түсіндірді ол.

Энергетикалық серпін

Бұл жолы бағаның көтерілуіне не себеп болды? Егер бұрын мұнай өндіруші Қазақстанда бензин бағасының қымбаттауы ескі мұнай өңдеу зауыттары мен олардың қуаттылығының төмендігімен байланысты деп айтылса, қазір барлық зауыттарды жаңғырту аяқталған соң, үкіметтің пікірінше, қымбатшылыққа «сұр экспорт» себеп болып отыр.

Ақшолақовтың айтуынша, елімізде ішкі нарыққа қажетті жанармай – жылына 17 миллион тоннаға дейін өндіріледі. Бірақ елімізде бағаның төмен болуына байланысты жанар-жағармай көрші елдерге көлеңкелі экспорт түрінде кетіп жатыр.

– Біз де қол қусырып отырмай, барлық шараларды қолдандық. Темір жол және автомобиль көлігімен жанар-жағармай материалдарын экспорттауға тыйым салынды, ресурс иелерін жанар-жағармай материалдарын тікелей жанар-жағармай құю станцияларына сатуға міндеттейтін нормалар қабылданды, мұнай жеткізу және мұнай өнімдерін өткізудегі делдалдар жойылды. Сараланған баға механизмі енгізілді. Шетелдіктер үшін 450 теңге/литрлік лимит белгіленді, – деді Ақшолақов.

Алайда осының бәрі бағаны ұстап тұруға жеткіліксіз шара болып шыққан көрінеді.

– Сұр экспорт шектеу шараларын айналып өту мүмкіндігін әрдайым тауып келледі, - деп кеииді Ақшолақов.

Ақыры кабмин жанар-жағармайдың басқа елге заңсыз кетуін шектеу басқаша мүмкін емес деп шешкен көрінеді.

– Ешбір шектеу шарасы біз қалаған тиімді қорытындыға апармайды, - дейді министр.

Осылайга, қазақстандықтар шенеуніктердің «сұр экспортпен» күресе алмайтын дәрменсіздігі үшін ақшаны көбірек шығаруға мәжбүр болып отыр.

Инфляциядан тыс жанар-жағармай

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкімет алдына қойған маңызды міндеттердің бірі – инфляцияны екі есе азайту. Ал депутаттар сенім артқан премьер-министр қызметіне қайта тағайындалған Әлихан Смайылов мұны орта мерзімде жүзеге асыруға уәде беріп отыр.

Жасыратыны жоқ, Қазақстанда жанар-жағармай бағасы көтерілген бойда тауарлар мен қызметтердің барлық дерлік түрінің бағасы шарықтайды. Бірақ энергетика министрі Болат Ақшолақов олай ойламайды. Оның пікірінше, жанар-жағармай құнының жалпы инфляцияға әсері аз.

– Жанар-жағармай бағасының қымбаттауы, меніңше, бұл шын мәнінде асыра сілтеу сияқты. 2021 және 2022 жылдардағы статистикаға қарасаңыз, жанармай бағасы өзгерген жоқ, бірақ тауарлар осы уақыт ішінде өз жолымен қымбаттап жатты. Сондықтан бұл айтарлықтай өсім болады деп ойламаймын. Тағы бір мәселе, қымбатшылықты бақылау керек. Сондықтан, әрине, біршама өсім болады. Бірақ оның бәрі жоспарланған инфляция шегінде болады деп ойлаймын. Жалпы инфляцияға жанар-жағармай бағасының үлесі көп болады деп ойламаймын, - деп сендірді Ақшолақов барлығын.

Серіктес жаңалықтары