×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Ашыққан сарбаздар мен курсанттар не үшін ата-анасынан ақша сұрай береді

13.06.2022, 10:43
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әдетте министрлер аш жүретін сарбаздардың мәселесін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында көтеру былай тұрсын, ашық айтуды да жөн көрмейді. Жоғарғы Бас қолбасшы ол жердегі жағдайды көзбен көрсе сотсыз, тергеусіз-ақ жауаптыларды жұмысынан босатуы мүмкін. Біздің редакцияға келіп түскен инсайдерлердің ақпараты мен кейбір құжаттардың көшірмесіне қарағанда ол жақта әр қадам сайын криминал кездесетінін байқауға болады...

Ulysmedia.kz тілшісінің өзі журналистік зерттеу жүргізіп көрген. Белгілі болғандай, кейбір «пысық» генералдар мен Қорғаныс министрлігінің полковниктері үшін сарбаздарды тамақтандыру ісі едәуір пайдалы бизнеске айналып кеткен секілді. Олай дейтініміз, жыл сайын ондаған миллиард теңгенің тендерлері ойнатылады да, жыл да бір фирмалар жеңіп шыға келеді. Өзінің нашар қызметі мен сарбдаздарға дұрыс тамақ бермегені үшін Қорғаныс министрлігімен соттасқан азаматтық компаниялар да бар ішінде. Кейбірінің тамағын ішкен сарбаздар уланып, әскери госпитальге де жатып қалған.

Ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін де сарбаздардың асханасы мен оларды тамақтандыруға жауапты компаниялар жазған болатын. Әйтсе де мемлекеттік сатып алу бағытында кезекті конкурс өткізу барысында дәл осы ережені толық сақтамайтын фирмалар жеңімпаз болып шығады. Олардың ішінде мысалы «Берекет-Ф» пен «Студия Вулкан»-ды атап өтуге болады. Айтпақшы, «Студия Вулкан» ЖШС бас директоры А.Б.Төлебаевқа сот шешімімен 15 млн теңге айыппұл салынған. Іс ол тұста Алматы гарнизоны сотында қаралған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров журналистер алдында ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында заң бұзған компанияның басшысы «Студия Вулкан» компаниясының қызметін тексеру бойынша қамқорлық көрсету және тиісті шара қабылдамауы үшін подполковник Елубаев пен майор Манатовқа пара бергенін мәлім еткен. Сол әскери бөлімнің командирі мен оның тыл жөніндегі орынбасары едәуір көп айыппұл төлеп, армиядан абыройсыз шығып қалған еді. Алайда шу басылғаннан кейін аталған фирма ештеңе болмағандай дәл сол әскери бөлімдегі сарбаздарды тамақтандыруын жалғастыра берген. Командирлер ендігі кезекте, ол компанияға жақындауға жасқанып қалған. Тексеру былай тұрсын ескерту жасаудан қорқады. Тексерейін десе, алдыңғылары секілді жұмыстан шығып қаламыз ба деп сескенеді.

«Біздің сарбаздар ылғи аш жүреді. «Аналар жүрегі» сарбаздардың аналары комитеті ұйымына шағым өте көп түседі. Мерзімді әскери қызметшілер ата-анасына әрдайым хабарласып, баласының аш жүргенін айтады», - дейді сарбаздар аналары комитетінің төрағасы Лилия Хайруллина. – Азық-түлік бағасы әрдайым өсе беретіндіктен, кәсіпкерлер оны сатып алатын кезде күрделі мәселелермен бетпе-бет келеді. Бұл түсінікті. Екінші жағынан егер олар (фирмалар) сарбаздарды жауапты түрде тамақтандыруды ойлағанда бәрібір жүктелген міндетті орындайтын еді. Қазір әр сарбазға тәулігіне бюджеттен 1713 теңге бөлінеді. Бұл өте аз сома. Кәсіпкерлер бұл мөлшерді 2590 теңгеге дейін арттыруды сұрап отыр. Алайда мемлекеттік сатып алу кезеңдерінің бәрінде ашық ұрлық болмағанда сарбаздардың тамағы қазіргідей жұғымсыз болмас еді. Өз жұмысын біздің армияда өте нашар жүргізетін жауапсыз кәсіпкерлер әлі де көп. Олар тарапынан заң бұзылып жатқанына қарамастан фирманы бәрібір мемлекеттік сатып алуға жібереді. Демек бұл бағытта жемқорлық бар. Алайда құқық қорғау органдары оған көз жұма қарап отыр».

Лилия Хайруллинаның Қорғаныс министрлігіне көңілі толмайды. Айтуынша, ведомство әскери бөлімдерді тексеруге рұқсат бермейді.

«Бізге мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар жүгінеді. Жалғыз олар емес... – деп жалғастырады сөзін Лилия Хайруллина. – Гарнизондардағы тұрмысты жөнге сала алмай жұрген офицерлер де. Қызмет атқарып жүрген кезде басына бәле тілеп алғысы келмесе де сарбаздар кейде бізге хабарласады. Келісімшарт бойынша жүрген әскерилер оларға күш қолданатынын айтады. Әдейі «косякқа» тығып, ақша төлеткізетінін жасырмайды. Тамақ, тауық етін, донер, кола сатып әперуді талап етеді. Сарбаздар қаншама боқтық естиді. Қорлық көреді. Басқа ұлттардың өкілін жек көру жағдайлары да кездеседі. Кейбір адамдар осындай қарым-қатынасқа шыдамай кетеді. Сол себепті Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұла мен ҰҚК Шекара қызметінің басшыларынан Үштөбе, Гвардейский (Отар), Ақтау, Теміртау, Қарағанды, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы гарнизондарға мән беруді сұраймын. Бұларда сарбаздардың асханасында тамақтандыруға «Студия Вулкан» ЖШС жауапты. Не үшін балалар ылғи аш жүреді? Не үшін біздің армиядағы асхана соншалықты жұтаң? Әлде, жекелеген адамдар ол жерде кейбір генералдардың қамқорлығына ие ме?  Сарбаздар түнгі он екіден кейін патрульден оралғанда аш қалады. Бір адамға арналған тамақты екі-үшке бөлуге мәжбүр болады. Кейбір жағдайда сарбаздарға тек сарымсақ пен сәбіз қайнатылған дәмқосардың берілгені бар. Сарбаздардың рационын толықтыру керек. Бірыңғай гарнирлер нормаға сәйкес келмейді. Біздің сарбаздардың тамағын әскери прокуратура неге бақыламайды? Қазақстанның Қарулы күштеріндегі жағымсыз жайттардың бәрі, күш қолдану, қорлау, абыройға дақ түсіру – осының бәріне олар көзін жұма қарап, проблеманы сыртқа шығарғысы келмейді. Сол себепті полиция мен прокуратура тарапынан ғана емес, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан да қатаң бақылау керек деп есептеймін. Осындай құқықбұзушылықтардың барлық фактісі бойынша тексеру мен тергеу жүргізу керек. Назардан тыс қалдыруға болмайды. Әскери бөлімнің командирінен бастап кінәлілердің бәрін жазалау керек”.

Лилия Хайруллина сарбаздар мен курсанттардың ата-анасымен әрдайым байланыста отыр. Өткен сенбіде оған Құрлық әскерлері әскери институтында курсанттардың «дұрыс тамақ ішпей жүргені туралы ақпарат келген. Ондағы әскерилердің үстелінде ет пен май жоқтығы хабарланған. Ботқа сұйық әрі дәмсіз болған. Шай суық әрі қантсыз берілген». Құрлық әскерлері әскери институты – мерзімді әскери қызметшілер емес, келешектегі офицерлер. Олардың өзіне осындай қарым-қатынас болғанда Қазақстанның Қарулы күштеріндегі басқа құрылымдар туралы не деуге болады? Сарбаздарды тамақтандыруға ақша аз бөлінбейді? Алайда сол ақша белгісіз бағытта жоғалып кетіп жатыр. Міне, сондықтан әскери қызметшілердің тамағы жұғымсыз болады.