×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Бұлжымайтын бұйрық: Экология министрлігіне жедел топтар не үшін керек болды

12.06.2023, 22:52
Бұлжымайтын бұйрық: Экология министрлігіне жедел топтар не үшін керек болды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz редакциясы «Семей орманы» мекемесіндегі оқиғаларды зерттеуді жалғастырады. Біз үшін қоғамдағы ең өзекті сұрақтың біріне жауап табылған сыңайлы: орманшылар не себепті камикадзе мінезбен құтқарушыларды күтпей отқа тіке барып, ажал құшты? Мұның себебі Экология және табиғи ресурстар министрінің жыл басында шығарған ерекше бұйрығына байланысты болса керек. Бұл жерде әңгіме «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен балық шаруашылығы комитеттерінің аумақтық бөлімшелері мен ведомствоішілік ұйымдарының қызметіне ішкі бақылау жүргізу жөнінде» жедел топтарды құру туралы болып отыр.

Көпшілік баса назар аудара қоймаған, министрдің өзі де тіс жарып айтпаған құжат сол жедел топқа орман шаруашылықтарының бәрін, оның ішінде «Семей орманын» да бақылауға мүмкіндік берген. Бұйрықта бұл жұмысты бақылау ісін министрдің өзіне қалатыны жеке пунктпен жазылған.

Сенімді тұлғалар

Аталған топта ерекше құзыреті бар жетекшілер мен инспекторлар ретінде Азамат Досымбеков, Ерлан Маймышев, Бауыржан Шәрдебаев, Мұрат Қалдыбаев, Қайрат Ілиясов, Ерболат Тұрлыбеков бекітілген.

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, министрдің оң қолы Заңғар Хасенов болған. Оған орманшылардың бәрін тексеріп, жазалауға құзырет берілген.

Арнайы ережеде Жедел топтың негізгі міндеттері де жазылған. Оған жануарлар дүниесін, орман шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін көбейту және пайдалану, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін көбейту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ осы саладағы шенеуніктердің құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен балық шаруашылығы комитеттерінің жұмысына ішкі бақылау міндеті жүктелген.

Министр бұйырды

Ережеде жедел топтың қызметкерлері тек министрге бағынатыны, лауазымға тағайындау және босату мәселесін министр мақұлдауы керектігі қызылмен жазылған.

Ведомствоның лауазымды тұлғалары осы топқа министр жүктеген міндеттер мен функцияларды орындауға жәрдемдесуге міндетті. Жедел бөлімше Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жедел бақылауында және Астана қаласында орналасқан.

Топтың қол астына жануарлар дүниесін қорғау, өсімін көбейту және пайдалану, орман, балық шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы барлық аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар кірген. Ол комитеттердің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының лауазымды тұлғаларының бұзушылықтарын анықтауға және министрге жедел ақпарат беруге, соның негізінде министр өз шешімдерін қабылдауға құқылы болған.

Құқықтар

Жедел топ жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық аулауға рұқсат беретін құжаттарын тексеріп, табиғатты қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасап, көлік құралдарын, басқа да объектілер мен орындарды тексеріп, қажет болған жағдайда ұсталғандарды жеке тінтуді жүзеге асыруға құзыретті болған.

Оларда арнайы киімі, айқындайтын белгісі мен қызметтік қаруы болған.

Олар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін көбейту және пайдалану саласында құқықбұзушылық жасағандарды және атыс қаруын тартып алғандарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізе алатын болған.

Бұл топты қаржыландыру және еңбек төлемін жүргізу «Охотзоопромға» жүктелген.

Көмекші

Жедел топтың көлеңкедегі басшысы Заңғар Хасенов – Сүлейменованың көмекшісі болған. Оны штатқа кіргізген кезде Хасенов қылмыс әлемінде абыройы бар адам екені туралы сыбыс тараған. Оның қалайша сенімді тұлғалардың қатарына кіргені белгісіз. Мемлекет деңгейіндегі ең жоғары кездесулерді оның Сүлейменовамен бірге жүргені бар.

Дау-дамай үдегеннен кейін Хасеновты Сүлейменова жұмыстан шығаруға мәжбүр болған. Бірақ арнайы топтарға тартылғандардың бәрі қалды.

«Заңғарлықтар» деп аталатын қылмыстық топта шамамен 50-ге тарта адамның болғаны белгілі. Оның құрамында бұрынғы құқық қорғау органдары да болған. Оларға ақша бопсалады, бұзақылық жасады және кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыптар тағылған.

Хасенов қалай Сүлейменованың «штатына» кіргені, шексіз құқықтарға ие болып, қалайша орманшылардың бәрін үйіргені белгісіз.

Мұның бәрін құқық қорғау органдары анықтай жатар. Сүлейменова лауазымды нұсқаулықты бұзды ма жоқ – Әділет министрлігі жауап беретін болар. Әр іс өз уақытымен, қазір ең бастысы тілсіз жауды еңсеру керек.

Ulysmedia.kz порталының Абай облысындағы дереккөзінің хабарлауынша, Сүлейменованың жедел тобы «Семей орманында» 5 мамырда барып, орманшылармен қатаң сөйлескен. Сол себепті де орманшылар жұмыстан босап қаламыз ба деген үреймен отқа кірген.