×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Жаңа оқу жылын тың шабытпен қалай бастауға болады

24.08.2022, 16:29

Оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін ең айтулы әрі үздік іс-шара – ғылыми фестиваль. Не үшін? Бұл іс-шарада жарқын әрі керемет талғаммен ғылымның қалай дамып жатқаны туралы әңгіме айтылып, жаңа техникалық жаңашылдықтар таныстырылады. Ең жақсысы, сол ғылыми жаңашылдықтардың іс жүзінде пайдаға жарап жататынында. Дәл осындай бүкіл отбасыға арналған ғылыми weekend – PRO.NRG FEST деп аталатын  фестиваль Нұр-Сұлтанда өтеді.

PRO.NRG FEST – ауқымды ғылыми әрі танымал іс-шара. Өзінің ең тартымды әрі ақылды уикенд болуымен аталған іс-шара елорда отбасыларының есінде қалары анық. Оның мақсаты – ата-аналар мен балаларды білім қуатымен шабыттандыру, ғылыми әрі сыни ойламды қалыптастыру.

Әлемдегі қарқынды ғылыми-техникалық прогресті, сондай-ақ біздің еліміздің және бүкіл әлемнің жоғары санатты инженерлік-техникалық мамандарға деген сұранысын, жоғары қажеттілігін ескере отырып, қоғамның мұндай фестивальдерге деген қажеттілігі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтуге болады. Тұтастай алғанда, оқушылардан, ата-аналардан және мұғалімдер тарапынан ең беделді қазақстандық сарапшылардың ғылыми контентін алуға деген сұраныс бар. Бұл әсіресе «фейктер пандемиясы» мен қастандық теориясы өршіп тұрған кезеңде өте маңызды. Ол кеселге тек ғылыми ойлау арқылы қарсы тұруға болады.

Мұндай ғылыми фестивальдер бүкіл әлемде, Еуропа елдері мен АҚШ-та, Қытай мен Жапонияда өтіп жатқанын да айта кетейік. Көптеген мемлекеттердің басшылары өз елдерінің тиімді дамуын жас, талантты, шығармашыл белсенді адамдарды қолдаумен байланыстырады. Бүгін де ғылым біздің қауіпсіздігіміз бен денсаулығымызды, әл-ауқатымызды, қоршаған орта мен өмір сүру сапасын сақтау үшін қажет.

Ғалымдардың көпшілік дәрістерімен алғашқы ғылыми фестивальдер 1831 жылы британдық ғылымды жылжыту қауымдастығы құрылған кезде басталған. Бастапқыда олардың міндеті қоғамға ғылымның соңғы жетістіктері туралы айту және оның қоғамның дамуы мен оның өмірін жақсарту үшін маңыздылығын көрсету, сонымен қатар жас ұрпақты ғылыми зерттеулерге қызықтыру болды.

Балалар не үшін бұл фестивальді көруі тиіс?

Фестиваль техникалық және гуманитарлық ғылымдардағы маңызды ұғымдарды, құбылыстар мен жаңалықтарды қарапайым тілмен түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, дәрістер фестиваль қатысушыларының ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, балаларды түрлі пәндерді оқуға шабыттандырады, сыни және ғылыми ойлау үшін негіз қалайды деген үлкен үміт бар.

Бала кезден жас жеткіншектің ойлау жүйесін қалай дамытуға болатынын «Дарын» Республикалық Орталығының директоры Әнуар Ұнайбеков біледі.

«РФММ және Quantum STEM School мектептеріндегі оқушылармен жұмыс тәжірибемді негізге ала отырып, аталған оқу орындарында сыни ғылыми ойлауды дамытуға жақсы көңіл бөлінетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар, сіз кішкентай кезіңізден балаларды кітап оқуға үйретуіңіз керек. Кәдімгі комикстерден бастай аласыз. Содан кейін қызықты ғылыми фактілері бар энциклопедияларды ұсынуға болады. Бұл балалардың ғылымға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін оятады. Шығармашылық дағдыларды дамыту ән айту, сурет салу, би билеу және денені үйлестірумен байланысты барлық нәрселерге көмектеседі. Оң жарты шарды, мысалы кейде стандарттан тыс, шығармашылық көзқарасты қажет ететін амал-әдістің көмегімен дамытуға болады», - дейді ол.

Әнуар Ұнайбеков

Интеллектуалды олимпиадалар – балалар үшін таптырмас әлеуметтік лифт

Мұндай жарыстарға қатысу, ең алдымен, балаларды ерте жастан тәртіпке үйретеді. Олардың білімді іздеу және табуға деген талпынысын дамытады. Эйнштейн атап өткендей, ғылыми жаңалықтарды жасау үшін бала кезінен дамыған қиял болуы керек. Сондықтан, әдетте, стандарттан тыс мәселелерді шешуді үйренген балалар әртүрлі салаларда және тұтастай алғанда өмірлерінде жетістікке жете алады.

Әнуар Ұнайбеков дәл осыған сенімді. Дәлел ретінде келесі факттерді келтіреді ол.

««Дарын» Республикалық орталығының 25 жыл жұмысы ішінде біз облыстық олимпиадалардың жүлдегерлерін айтпағанда, республикалық олимпиадалардың 9,5 мыңнан астам жүлдегерін шығардық. Сондай-ақ, 500-ге жуық оқушы халықаралық олимпиадаларда медаль жеңіп алды. Мектеп бітірген ірі олимпиадалардың жүлдегерлерін табысты бизнесмендер, IT-стартапшылар және жоғары деңгейдегі саясаткерлер арасында жиі кездестіруге болады. Әдетте, кем дегенде бір рет халықаралық сахнаға шыққан жігіттер мектепті бітіргеннен кейін бұл жетістігін сәтті түрде қайталауға тырысады. Мысал ретінде 2002 жылы физика пәні бойынша олимпиада жүлдегері Ернұр Рысмағамбетовті келтіруге болады. Қазір ол «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқарады. Мен бұл тақырып бойынша тікелей конференцияда егжей-тегжейлі айтып беремін», - дейді ол.

Ата-аналар фестивальге не үшін баруы тиіс?

Мұндай отбасылық іс-шара – кәдімгі серуеннің, ойын-сауда орталықтарына барудың «ақылды» баламасы іспетті. Ол сонымен бірге отбасыны біріктіре түседі. Одан бөлек білім беру іс-шаралары көбінесе тек ойын-сауық сипатындағы беделді қалалық іс-шараларға тамаша балама екендігімен келісетін боларсыз. Сонымен бірге, қала кеңістігін жс ұрпақтың ғылым мен прогреске деген қызығушылығы оянатындай іс-шаралармен толтырудың маңызды. Олар ұзақ мерзімді әсерге ие, өйткені мұндай жоғары мақсаттары бар қоғам өзінің дамуында серпін алады.

«Ата-аналар мен балалар – баланың дамуына бағыт беретін адамдар. Сол себепті олар заманның озық тенденцияларынан қалмай, балалардың олимпиадаларға қатысуының маңзыды екенін, ғылымға деген қызығушылықтың ұтымды болатынын ұғынуы тиіс. Әлбетте, керемет спикерлер сөз сөйлейтін және балаларды дамытуға бағытталған көптеген пайдалы ақпарат айтылатын PRO NRG секілді фестивальлерге қатысуға тырысу керек», - дейді «Дарын» Республикалық орталығының директоры Әнуар Ұнайбеков.  

Мұғалімдер фестивальге не үшін баруы тиіс?

Фестиваль – STEAM мұғалімдеріне арналған білім беретін әрі нетворкинг-платформа. Мұнда педагогтар іс жүзінде өз сабақтарын қалайша шабыт беретіндей етіп өткізуді, мультитәртіпті амал қолдануды, жобадық және креативті оқу амалын енгізуді үйрене алады.

Мәселен, фестивальге Ақмола облысының Аршалы кентіндегі №2 жалпы білім беретін мектептің химия және физика пәнінің мұғалімі Ирина Исаева қатысады. Ол әріптестерімен бірге steam-әдістемесін оқу процесіне енгізеді. Бұл үлкен жұмыстың нәтижесі ретінде химия және биология пәндерін қабылдау емтихандарында таңдаған түлектерінің 100%, сондай-ақ физика пәнін таңдаған студенттердің 80%-ның грантқа түсуін атап өтуге болады. Ирина Олеговнаның оқушылары халықаралық, республикалық және облыстық конкурстар мен жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

«Қысқаша айтқанда, STEM – бұл адамның шынайы өмірімен байланысты білім, немесе басқаша айтқанда, бұл өмір», - дейді Ирина Исаева. – Мен балалармен жұмыс істеген кезде неге баса назар аударамын? Ең алдымен, оларға жалпыадамзаттық құндылықтарды, мораль нормаларын құрметтеудің маңыздылығын көрсете отырып, олармен шыншыл болуға тырысамын. Жоғары білікті маман болу да маңызды, өйткені оқушылар бәрін көреді. Сіздің жұмысыңызды және балаларды жақсы көруіңіз бірдей маңызды. Оларға химия мен физика пәнінен сабақ бере отырып, мен өзімнің оқушыларымда шығармашылық бастауды, жаңа бір нәрсені іздеп, ашуға деген ұмтылысты оятуға, тәжірибе жасап, кәсіби бағдарлауды жүргізуге тырысамын. Яғни бұл оларға өмірде қалай және қайда да пайдалы болатынын әрдайым түсіндіремін. Балаларға бұл әдіс өте ұнайды. Өткен жылы біз «Жаңа талап» жобасы аясында үлкен жұмыс жүргіздік. Үлкен теориялық компонентті алып, тәжірибем өзгере бастады. Жоба аяқталғаннан кейін балалар STEM сабақтарын жалғастыруды сұрады. Нәтижесінде бүгін біздің барлық түлектеріміз шекті балды жинады. Көбісі Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарына грантқа түсті. Әсіресе олардың ішінде техникалық мамандықтарды таңдағаны көп. Сондай-ақ, түлектердің бірі Испанияның университетіне, тағы бірнешеуі Ресей университеттеріне оқуға түсті. Болашақта студенттерімді қалай да көргім келеді. Ең алдымен, бақытты – жалпы өмірде, өз отбасыларында, өзінің сүйікті жұмысында, олардың одан әрі толыққанды дамуы үшін барлық мүмкіндіктері болғанын қалаймын», - дейді ол.

Фестивальде сондай-ақ Алматыдан келген химия пәнінің мұғалімі Ұлан Үсенов те өнер көрсетеді. Ол қашықтықтан оқыту кезінде Тик-Токта мега-танымал болды. Қазір оның әлеуметтік желідегі парақшасында миллионға жуық жазылушысы бар. Олардың көпшілігі балалар мен олардың ата-аналары. Ұланның химия бойынша қысқа сабақтарында аниме, мем және рэп арқылы күрделі сабақты түсіндіріп, жүздеген студенттерге тақырыпты жақсы түсінуге және сол қиын кезеңде әрі қарай оқуға деген ынтасын арттыруға көмектескен. Бүгінгі таңда Ұлан қарапайым мұғалім емес – ол видео жасай алады, идеяны жасаушы, сценарист, оператор, режиссер, монтажер ретінде де әрекет ете алады. Бұл, оның айтуынша, оған негізгі жұмысында жақсы көмектеседі. Сонымен, мұғалімдер қалайша жаңа жұлдыз бола алады? Ұлан бұл сұраққа жай ғана жауап береді:

«Қазір біз адам бір әнмен немесе бір фотодмен-ақ танымал бола алатын уақытта өмір сүріп жатырмыз. Бұл тұрғыда бізге әлеуметтік желілер теңдессіз көмектеседі. Мұғалімдердің әрқайсысы сабақтан тыс уақытында мектеп оқушыларына пайдалы ақпаратты шығармашылық тұрғыда бере алады. Білімді жай ғана толықтырып, басқа түрде ұсыну керек, мысалы, бейне форматта сүйікті тақырыпты өз стилінде түсіндіру керек. Мұндағы мәселе мұндай материалдарды көп және жиі шығару емес – сіз оған аптасына бір сағат қана бөле аласыз. Бастысы – жұмыс істеу. Жай отыру және әлеуметтік желілерді қарау көп адам ойлағандай демалыс емес. Бейнеңіздің сценарийін жазыңыз, бірдеңе ойлап табыңыз, дайындалыңыз – осыдан-ақ керемет сергіп қаласыз. Осының нәтижесінде, бұл сіздің негізгі жұмысыңыздың сапасы мен нәтижелеріне оң әсер етуі мүмкін. Өйткені, мектеп оқулықтары ақпараттың жалғыз көзі бола алмайды. Көбінесе оларды тұтастай немесе жеке бөліктерін жасөспірім үшін түсіну қиын. Мәселен, ғылымның өзі Youtubе-арналардың бірінде қысқа әрі қызықты роликтермен түсіндіріледі. Соны көргеннен кейін қасаң кітаптарды оқу үрейлі болмай қалады».

Ұлан Үсенов

Ұлан Үсеновты және басқа да спикерлерді көзбе-көз жеке тыңдағыңыз келе ме? Сіздің балаларыңызға қазіргі замандағы әлем ашатын мүмкіндіктер туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ендеше,  Pro.NRG FEST-ке келіңіздер! Онда балалар, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі. Ол 2022 жылдың 10 қыркүйегінде Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында Б.Момышұлы даңғылы, 5 мекен-жайында өтеді.

PRONRG.KZ сайтына тіркелсеңіз кіру тегін.

PRO.NRG FEST ғылым мен білімнің көмегімен әлемді жақсырақ ету үшін «Шеврон» компаниясының қолдауымен өткізіледі.