×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Алдамшы бәсекелестік: Қазақстанда ұялы байланыс сапасы неге сын көтермейді

15.09.2023, 14:09

Сымсыз мобильді желілер соңғы уақытта телекоммуникация саласындағы негізгі трендке айналды. Бұған ұялы байланыс операторларының абоненттері санының тез өсуі дәлел. Мысалы, Қазақстанда 26 миллионға жуық абонент тіркелген. Бүгінгі таңда ел тұрғындарын ұялы байланыспен үш ұялы оператор қамтамасыз етеді: Kcell (Kcell және Aсtiv сауда маркалары), Кар-Тел (Beeline сауда маркасы) және Мобайл Телеком-Сервис (Tele2 және Altel сауда маркалары). Бір қарағанда пайдаланушыларда таңдау бар сияқты көрінеді, шындығында солай ма? Ulysmedia.kz Қазақстанда байланыс сапасы неге ақсап тұрғанын таразылап көрді. 

Қазақстанда ұялы байланыс пен интернетке тарифтердің өсуі күннің шығуы мен батуы сияқты қалыпты құбылысқа айналғалы қашан. Байланыс қызметтері қымбаттағанымен, олардың сапасы сын көтермейді. Интернеттің жиі үзілуі, баяу трафик, шалғай елді мекендердегі жағдайды айтпағанда, кейбір қалалық аудандардың өзінде ғаламдық желіге қосылу мүмкіндігінің жоқтығы – қазақстандықтардың күн тәртібінен түспейтін шағымдары. Тәжірибе көрсеткендей, сапаның төмендігі үшін билік енгізген айыппұлдардан нәтиже бола қойған жоқ.

Бейінді министрлердің Қазақстандағы "сапалы" интернет туралы мәлімдемелерінен халық мезі болған. Егер министрліктің бұрынғы басшысы Дәурен Абаевтың желідегі үзілістер туралы айтқан сөздері түрлі мемдердің тууына себепші болса, ведомствоның қазіргі басшысы Бағдат Мусиннің Қазақстандағы интернет Токионы басып озғаны жайлы мәлімдемесі тұрғындардың ашуына тиді.

Қазақстандықтар министрдің отставкаға кетуін жаппай талап етіп, петицияға қол жинай бастады. Азаматтардың пікірінше, министр интернет-қызметтер бағасын ұстап тұруға тырысудың орнына оларды көтерудің жолын табады.

Тізгін кімнің қолында?

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету нарығындағы ағымдағы жағдай келесідей. Нарықтағы жалғыз жеке ойыншы – Кар-Тел (Beeline сауда белгісі). Қалғандары – Kcell (Kcell және Aсtiv сауда маркалары) және Мобайл Телеком-Сервис (Tele2 және Altel сауда маркалары) ұлттық байланыс операторы "Қазақтелекомның" бақылауында. Осылайша, нарықта бәсекелестік қалыптасқандай көрінгенімен, шын мәнінде, "Қазақтелеком" монополиясы өз ісін жалғастырып келе жатыр.

Beeline-ға келетін болсақ, оператор үлесінің 25%-ы қазақстандық олигарх Болат Өтемұратовқа, қалған 75%-ы нидерландтық VEON Holdings B.V телекоммуникациялық холдингіне тиесілі.

Сонымен, Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің нашарлығына не себеп?

Егер бұрын министрліктің басшысы Мусин интернеттің сапасыздығына арзан тарифтер мен "қазақстандықтардың үнемі желіде отыруы" себеп десе, қазақстандықтардың отставкаға кету туралы талабынан кейін ол шындыққа бір табан жақындай түсті.

Алдыңғы күні ол Үкімет кулуарында журналистермен сөйлесіп, байланыс операторлары арасында нарықта нақты бәсекелестік пайда болған кезде ғана сапа туралы айтуға болатынын мойындады.

Айта кетейік, Қазақстанда 5G желісінде радиожиіліктерді бөлу бойынша өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша "Қазақтелеком" 100 пайыздық монополияға қол жеткізіп, жеңімпаз деп танылды.

Мусин биыл операторлардың бірін "Қазақтелеком" құрамынан шығарып, жеке қолға беру  мүмкіндігі қарастырылып жатқанын еске салды. Бұл туралы жазда да айтылды, содан бері бұл мәселе көтерілген жоқ.

"Жыл соңына дейін біз операторлармен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесін көреміз деп ойлаймын. Бірақ байланыс сапасы – ҚР азаматтарына ақша үшін байланыс қызметтерін ұсынатын байланыс операторының жауапкершілігі. Менің ойымша, біздің елдің тұрғындары қазіргіден гөрі жоғары сапалы интернетке лайық. Бірақ қазіргі байланыс өте нашар деуге келмейді. Егер біз бірлесіп шешетін проблемалар болса, шешеміз", - деп атап өтті министр.

Алайда "Қазақтелекомның" өзі активтерін өзгеге беруге құштар емес. Компанияның бас қаржы директоры Людмила Атамұратова 14 қыркүйекте мәлімдегендей, "Қазақтелеком" әлі өзінің мобильді операторларын сату жөнінде шешім қабылдаған жоқ.

Үкіметтің "Қазақтелекомды" ұялы қызметтер нарығындағы монополиядан айыру жоспары жыл соңына дейін жүзеге аспайтын секілді. 

Қазақстанда тағы бір байланыс операторы пайда бола ма?

Жуырда белгілі бизнесмен Тимур Турлов жаңа 5G ұялы байланыс операторын құруға ниетті екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта мен коммуникациялар нарығына қатты қызығып жүрмін және телекоммуникация біздің экожүйенің жаңа өзегіне айналуы әбден мүмкін, бұл бізге шешімдердің тиімділігі мен жылдамдығы туралы идеяны өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар оны қабылдау қателерді азайтуға, өнімнің қолжетімділігі мен өмір сүру сапасына әсер етеді», - деді ол.

Турлов «Қазақстанға үздік әлемдік тәжірибені» енгізуді жоспарлап отырғанына сендірді.

«Біз алдымызға бірнеше жыл ішінде мүлдем жаңа 5G ұялы байланыс операторын құру міндетін қойдық. Біз еліміздегі ең маңызды мәселелердің бірін өз мойнымызға алуға тырысуды жөн көрдік. Біз Интернеттің бүкіл елде қолжетімді болуын қалаймыз. Ал ол үшін өте арзан құрылысты бастау керек. Сонда бізде болашақтың медицинасы, болашақтың білімі, қауіпсіздік болады», - деп есептейді Тимур Турлов.

Серіктес жаңалықтары