×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Бұдан былай жемқорлар туралы мәліметті eGOV арқылы алуға болады

24.11.2022, 15:46
фото: ашық дереккөзден

Енді сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қызмет онлайн режимінде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Жаңа қызметтің көмегімен азаматтық қызметке кіру кезінде және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады”, – делінген “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ хабарламасында.

Бұған дейін мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азаматтардың жеке өтініштері бойынша «Е-otinish» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы алуға болатын.

Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін, жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол берілмейді.

“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, бұл қызмет азаматтар арасында сұранысқа ие. Қызмет іске қосылғалы бері 98 мыңнан астам адам өз мәліметтерін алып үлгерген.