×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Жаңаөзенде дене шынықтыру мұғалімі оқушыларға қол көтерген (ВИДЕО)

24.11.2022, 16:26
видеодан скриншот

Жаңаөзендегі №5 лицейдің  дене шынықтыру пәні мұғалімінің оқушыларға қол көтерген видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбадан мұғалімнің дауыс көтергенін, ұлдардың біріне жақындап, оны бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Оқиға орта сыныптардың бірінде болғанға ұқсайды.

Қалалық білім бөліміндегілер бұл жағдай ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, тексеру қорытындысы бойынша осы құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын дұрыс орындалмаған үй тапсырмасы үшін бір сыныптың оқушыларын жаппай ұрған мұғалім жайлы жазған болатынбыз.