×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

23.10.2023, 12:28
Коллаж: Ulysmedia.kz

Антикор ұсталған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев екенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - деп мәлім етті ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда Антикорда бұрынғы Әділет министрі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.

Марат Бекетаев 2016 жылдан 2022 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды. Ол қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті.

Бекетаевтың есімі атышулы оқиғалармен есте қалды. Әділет министрлігінің бұрынғы басшысы қашқын Мұхтар Әблязовты қудалау ісін қадағалаған.

Сондай-ақ оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішпен (Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені) байланысы туралы ақпарат бар - Бекетаев оның жақын достарының бірі екені айтылады.

Бекетаевтың заңсыз активтерді «қайтарумен» айналысуы тиіс консалтингтік компанияларды құруға белсене қатысқанын да білдік. Бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ұлан Байжановтың бұл алаяқтықтарды қадағаламағандықтан қызметінен босатылуына дәл осы себеп болған деген болжам бар.

Естеріңізге сала кетейік, Самат Әбіш - экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені. Ресми деректерге сәйкес, Әбіш 2022 жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының орынбасары қызметінен босатылған, ол кезде бүкіл басшылық құрам тергеу изоляторында болған. Алайда Әбішке ол кезде ешқандай айып тағылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары