Қазақстанда кеңсе қағазы өндірісі 76,9% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-тамызда елімізде 280,4 тонна конверт, пошталық ашықхат, қағаздан немесе картоннан жасалған хат-хабар, қағаздан не картоннан жасалған жазба дәптерлері шығарылды – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76,9% артық (2022 жылғы қаңтар-тамыз – 158,5 тонна).
“Импорт үлесіне кеңсе қағазының 49,3% тиесілі, елге аталған өнімнің 272,7 тоннасы әкелінді. Импорт көлемі сегіз айда 86,3% өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында экспортқа 0,5 тонна өнім жөнелтілді. Ішкі нарықта 8 айда барлығы 552,6 тонна өнім сатылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстан нарығындағы жаңғақтардың 94%-ы – импорт екені хабарланды.
Сондай-ақ, Қазақстан күріш импортын күрт өсіргені хабарланған. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында елімізде 107,8 мың тонна күріш өндірілген, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,3%-ға аз. Өндіріс көлемінің төмендеуі аясында импорт аталған уақыт аралығында 3,5 есе, яғни 5,5 мыңнан 19,1 мың тоннаға дейін өсті.