Астана әуежайында жүк тиегіштің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әуе айлағының қоғаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, оқиға бүгін, 2 қарашада болған. Жүк тиегішінің салонында ес-түссіз жатқан жүргізушіні әуежай қызметкерлері тапқан.
"Осыған байланысты фельдшерлік-акушерлік пунктке дәрігерлерден перронға шақырту түсті. Дәрігерлер реанимациялық шаралардан кейін жүргізушінің қайтыс болғанын растады", - деп мәлім етті әуежайдағылар.
Қаладан келген полицияның жедел-тергеу тобы жедел-іздестіру шарасын жүргізген, одан кейін марқұмның денесі жедел жәрдем көлігімен мәйіт елорданың сот-медициналық сараптама орталығына жіберілген.
Қайтыс болған жүргізуші ауысым алдында міндетті медициналық тексеруден өткені, денсаулығына шағымдар болмағаны хабарланды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Рудныйда ЕRG кәсіпорнында жұмысшы қаза тапты.