×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Антикор «Оператор РОП» ісі бойынша: Тергеу барысында ешкім Әлия Назарбаева жайлы тіс жармады

22.11.2023, 13:50
Коллаж Ulysmedia

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов атышулы "ӨКМ Операторы"  ісі бойынша тергеу барысында ешкім Әлия Назарбаеваның есімін атамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Біз  компанияның үкім шыққан қызметкерлері сотта "ӨКМ Операторының" нақ құрылтайшысы Әлия Назарбаева екенін бірнеше рет айтқанына қарамастан, антикор бұл адамға неге назар аудармайтынын сұрадық. Сұрағымыз былай қойылған болатын:

«Әлия Назарбаева 2016 жылы ӨКМ операторының бірінші құрылтайшысы болды. Бұл — ашық дереккөздерден алынған мәліметтер. Сонымен қатар іске қатысы бар адамдар, куәгерлер РОП жоғалғанға дейін компанияны Әлия Назарбаева  жалған тұлғалар арқылы басқарғанын бірнеше рет айтып, сотталушы оның есепшотына ақшаны қалай аударғанын егжей-тегжейлі айтып берді. Менің ойымша, сіз де мұның бәрін білесіз және бұрынғы президенттің қызының неге бұл іске қатысы жоқтығын, тіпті жауапқа тартылмағанын түсіндіріп беріңізші».

Содан соң спикер сотқа дейінгі тергеу кезінде Әлия Назарбаева жайлы ешкім тіс жармағанын айтты.

"Тергеу жүргізу барысында қылмыстық процеске қатысушылардың ешқайсысы бұл адамның "Оператор РОП" ісіне қатысын айтқан жоқ. Сот процесі кезінде - мүмкін, айтқан шығар. Бірақ тергеу барысында өзге фамилиялар аталмады", - деді ол.

Еске сала кетейік, "Оператор РОП" ісін тергеу өткен жылы басталған болатын. Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бас директор Светлана Короткенко және қаржы директоры Рустем Темірбек қамауға алынды. Оларға алты қоқыс шығаратын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрламақ болды деген айып тағылды.

Ал 17 қарашада Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-президенттің кенже қызы Әлия Назарбаеваның бұрынғы үй қызметшісі және ӨКМ Операторының "ресми" экс-құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ісіне нүкте қойылды. Бір ай сот талқылауынан кейін судья Мұқтарованың бас бостандығын 7 жылға шектеді.

Серіктес жаңалықтары