×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Бақылап отырған жоқ»: Смайылов жарықтың өшуін әкімдіктерден көрді

16.01.2024, 10:01
gov.kz

Үкіметте бүгін елдің электр энергетикасын дамыту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жиында үкімет басшысы Әлихан Смайылов 2020-шы жылы гидроэнергетиканы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданғанын, алайда өткен жылдары экологиялық күн тәртібі өзгеріп, су ресурстарының тапшылығы артып бара жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, энергетика министрлігі су ресурстары министрлігімен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін Гидроэнергетиканы дамытудың 2030-шы жылға дейінгі жаңа жоспарын қабылдауы қажет.

– Бұрын басталған ірі жобаларды іске асыру созылып кетті. Солардың бірі – Екібастұз ГРЭС-2-нің Үшінші энергия блогын салу жұмыстары. Бір ай мерзімде құрылыс жұмыстарын бастау қажет. Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» компаниясы осы жылы Екібастұз ГРЭС-1-де Бірінші энергия блогын қалпына келтіруді қамтамасыз етуі керек. Батыс энергетика аймағын Бірыңғай ұлттық жүйеге қосу мәселесі шешімін таппай отыр. Сондықтан, «KEGOС» компаниясы ағымдағы жылы «Ақтөбе-Атырау» электр беру желісін салу жұмыстарын бастауы керек, - дейді ол.

Смайылов энергетика министрлігі жаңа газ генерациялау объектілерін салу орындарын айқындағанын атап өтті. Олар – Қызылорда, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалалары. Осы жобаларды іске асыру үшін ақпан айының соңына дейін қажетті рәсімдерді бастау тапсырылып отыр.

– Әкімдіктер өңірлік электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалды. Өңірлік электр желілік компаниялары өздерінің инвестициялық бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын бақылап отырған жоқ. Бұған желтоқсан айында еліміздің солтүстік өңірдерінде электр қуатының жаппай өшіп қалуы дәлел. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік электр желілік компаниялардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс, - дейді Смайылов.

Серіктес жаңалықтары