Қазақстанда полиция жұмысында тұлғаны тану мүмкіндігі бар аналитикалық жүйелерді енгізу мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов мәлімдеді.
«Бейнебақылау жүйесіндегі аналитикалық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар бүкіл әлем бойынша енгізілуде. Мысалы, қызыл Toyota Camry іздеу тізімінде болса, камера мұндай көлік түрін «танып қоюы» керек. Биометриялық мәліметтер бойынша жұмыс әлі бастапқы кезеңде – талқылау сатысында тұр. Мұндай жоба ішкі істер органдары жүйесінде әлі енгізілмеген», - дейді Сәкен Сәрсенов.
Сондай-ақ, ол осындай тәжірибесі бар мемлекеттерді мысалға келтірді, оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ пен Оңтүстік Корея бар. Оның айтуынша, бұл мемлекеттер қылмыскерлерді ұстау мен қылмыстың алдын алу үшін ең озық тәжірибелерді қолданады.