Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасында жазды.
Түрікменстан Президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірді.
«Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық», - деді Қазақстан Президенті.