×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Рысбек Сәрсенбайұлы Мұхаммедкәрімді қолдағаны үшін айыпты ма

09.03.2024, 17:47
Рысбек Сәрсенбайұлы Мұхаммедкәрімді қолдағаны үшін айыпты ма
time.kz

Полицияда белсенді және қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлының ұсталу себебі туралы хабарланды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Алматы облысының полиция департаменті белсендінің ұсталуы баспасөз мәслихатын өткізумен байланысты емес екенін мәлімдеді.

Құқық қорғаушылар оны тұтқындалған журналист Думан Мұхаммедкарімді қолдау акциясы үшін ұсталғанын айтты.

"9 наурызда Алматы облысы ПД Талғар ауданы ПБ қызметкерлері Қонаев қаласының сот ғимаратының жанындағы заңсыз акция барысында ҚР бейбіт жиналыстар туралы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдарын сотта жоспарланған қарауға байланысты азамат Р.Сәрсенбайды ІІБ-не жеткізді", - делінген хабарламада.

Қазір белсенді медициналық мекемеге жіберілген. Департаменттегілер полицейлер тарапынан күш қолданылмағанын алға тартып отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, саяси тапсырыспен өлтірілген оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбаевтың ағасы, саяси және қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай саяси тақырыпта баспасөз мәслихаты алдында Талғар аудандық полициясына «әңгімелесуге» шақырылған. Кейін ұсталғаны туралы ақпарат расталып, құқық қорғаушы Евгений Жовтис полицияның Сәрсенбай мен оның әйелі Маржан Аспандияроваға қарсы дөрекі күш қолданғанын, сонымен қатар полицияның жедел жәрдем шақыруға тура келгені белгілі болды.

Естеріңізге салсақ, Ulysmedia.kz қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлымен өрбіген сұхбатты оқырман назарына ұсынған болатын.