×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Су пайдалану тәсілдерін өзгерту керек – Тоқаев Сырдария мен Жайық туралы

04.11.2021, 20:13
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы моноқалаларды дамыту жөнінде республикалық кеңесте шекарааралық өзендердің тартылып, экологиялық жағдайларының нашарлауына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, президент шекарааралық өзендердің, әсіресе, Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің тартылып, экологиялық жағдайларының нашарлауына алаңдаушылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселені шешу үшін су пайдалану тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет екенін айтты. Бұл ретте, жаңа технологиялар мен цифрландыруды да пайдаланған жөн. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы 120 су арнасын қалпына келтіріп, жаңадан 9 су қоймасын салу жөнінде берген тапсырмасын еске салды.

Серіктес жаңалықтары