×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда орыс тіліне қарсылықты сыртқы күштер қоздырып отыр - Лавров

09.11.2021, 09:56
Фото: Российская газета

Ресей баспасөзінде аталған елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанмен ынтымақтастыққа арналған мақаласы жарық көрді деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

ҚР мен РФ қарым-қатынасының сан қырына тоқталған сыртқы саясат мекемесінің басшысы Қазақстанда орыстілді азаматтарға байланысты бірқатар келеңсіз жайттар орын алды дегенді айтып, олардың басым бөлігінің себебі ретінде сырттан жасалған арнайы ақпараттық тәсілдер деп есептейтінін жеткізді. Алайда, ол, мұндай кездерде Нұр-Сұлтанмен бірлесе жедел шаралар қолдануға мүмкіндік барына назар аударады.

«Бұл үшін СІМ, құқық қорғау және әділет орындары, президенттер әкімшіліктері желілері арқылы тікелей байланыс арналарын қолданамыз», – дейді Сергей Лавров.

Мақала авторы орыс тілі біріктіруші рөлге ие екенін келтіріп, мұғалімдер мен орыс тілін білу қажет мамандар даярлайтын оқу орындарына қолдауды жалғастыра беретіндіктерін нұсқайды.

«Өкінішке орай, соңғы уақытта біз Қазақстанның орыс тілді азаматтарына қатысты резонанс туғызған ксенофобиялық көріністерге куә болдық. Кейбір жағдайлар көбінесе жергілікті ұлтшылдықты қоздыру және Ресеймен ынтымақтастықтың беделін түсіруге бағытталған арнайы ақпараттық әдістерді сырттан қолданудың нәтижесі.», – дейді Лавров.

Сондай ақ, Ресейдің қатысы бар «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешені болса, Қазақстанды әлемдік ғарыш алпауыттарына енгізеді деген пікір білдіреді.

Серіктес жаңалықтары